Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 866 0 пікір 22 Қыркүйек, 2021 сағат 10:28

Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру

 

Жолдау –  ұлт болашағын жарқын ететін саяси оқиға. Мемлекет басшысы жолдаған маңызды құжат елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдайды.

Биылғы жолдауда қозғалған мәселелер көп-ақ. Соның бірі медицина саласындағы маңызды міндеттер мен жүзеге асырылуы тиіс мәселелер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде айтып, статистикалық мәліметтер келтіріп өтті. Мен осы бастамаға айырықша тоқталып өткім келіп отыр.

Шындығында, халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Мемлекет басшысы айтқандай, коронавирус денсаулық сақтау саласы үшін үлкен сынақ болды. Әлемді жайлаған індеттің беті әлі қайтар емес. Тіпті әлемде коронавирустың жаңа штамдары шығуы мүмкін екенін, сарапшылар басқа да індеттер пайда болатынын айтып жатқанын ескертіп отыр.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз оның қашан болатынын күтіп, қарап отыра алмаймыз. Осындай жағдайда өмір сүріп, әрі қарай дамуға бейімделуіміз керек. Қазір «бустерлік вакцинаны» сатып алу өте маңызды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген вакциналарды тезірек сатып алу қажет. Сонымен бірге, бүкіл денсаулық сақтау саласын тұрақты екпе алу жүйесіне дайындаған жөн»,- деген еді.

Иә, бүгінде, коронавируспен күресте Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина жасап шығарған әлемдегі санаулы мемлекеттің біріне айналып отыр. Қазірдің өзінде QazVac-тың тиімді әрі қауіпсіз екеніне шәк келтірмейтін әлемнің бірқатар елі оны сатып алуға пейіл танытып отыр. Жалпы, еліміздің QazVac-тан басқа да вакциналардың қоры жеткілікті. Яғни, тұрғындарға таңдау жасау мүмкіндігі берілген. Қазіргі уақытта елімізде екпе алуға асыққан жұртшылықтың қатары күн сайын артып келе жатыр.

Алайда, мәселенің байыбына бармай байбалам салған «антиваксерлердің» кесірінен кейбір азаматтардың бойында вакцинаға сенімсіздік пайда болғаны да жасырын емес. Бірақ, солардың желікпе сөзінің жетегіне еріп, вакцина пайда болғаннан кейін ғана адамзат тарихында миллиондаған жанның өмірін жалмаған қауіпті дерттерге тосқауыл қойылғанын естен шығарып алатынымыз да бар.

Бұл туралы Мемлекет басшысы: «Олар өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеуде. Соның кесірінен қаншама жұртты адастыруда. Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Сондықтан, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн», - деп ескертті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының атап өтуінше, медицина саласына қомақты қаржы құйып, оны инфрақұрылымға, маман даярлауға және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсау қажет. Фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөліп, медицина өнімдерін Зертханалық және техникалық сынақтан өткізетін орталық құру керек. Бүгінде отандық нарықтың не бәрі 17 пайызын ғана құрайтын дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың көлемі 2025 жылы 50 пайызға жеткізілуі тиіс. «Дені сау ұлт» жобасы аясында кемінде 12 зертхана жоғары технологиялық құралдармен жабдықталуы тиіс. Мен, әрине, медицина саласының маманы ретінде денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың нақты қадамдарын қолдаймын.

Гүлжайнат Өстемірова, №36 қалалық емхананың бас дәрігері

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373