Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3969 0 пікір 3 Шілде, 2012 сағат 06:03

Сүліктей жабысып сүйісуден жарыс өтеді

6 шілдедегі Астана күнінде де сүйісулер аз болмайтын шығар. Ақ жағалылардың сүйісі, ақ жарылып қуанған былайғы жұрттың сүйісі. Сілекейленіп сүйісу, сілекейге сілмейленіп тұрып сүйісу... көп қой құрсын. Совет өкіметінің кезінде қасы өлген қарғаның қанатындай жалбыраған бір кісі (Брежневті айтамыз) сүйістің көкесін көрсетіп еді, соның сол пәлесі «жұғысты» болып, қазір Қазақстан халқы да жұрт қатарлы сүйісетін «өнерді» игеріп алды.

Негізгі айтпағымызға оралайық. 6 шілдені атқарып тастаған соң Астанадағы сүйіс аты біртүрлі кафенің алдында жалғасатын көрінеді. Бұл турасында Tengrinews.kz сайты жарияға жар салып жатыр.

-  Бастапқыда біз Гиннестің рекордтар кітабына енген бұрынғы көрсеткішті тас-талқан етеміз бе деп ойлаған едік. Бірақ оған шамамыздың жетпейтіндігін түсіндік. Өйткені біздің жастар 48 сағат бойы тік тұрып сүйісе алмайды екен, - дейді аталған шараны ұйымдастырушы Ербол Кушугулов дейтін жігіт.

Сүліктей жабысып сүйіскенімен ұзаққа «шаппайтын» болғандықтан марафонға қатысушылар 1-2 сағаттан соң ауысып тұратын көрінеді. Жарысқа қатысып бақ сынағысы келетіндер жазылып, тізімге ене берсе, ешкім бетінен қақпайды. Бұны аз десеңіз сүйісуден бәйге алған жұпқа арнап әлгі кафенің алдында ескерткіш те тұрғызылатынға ұқсайды. Ұйымдастырушылар соны айтып кеу-кеулесуде. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, қазір скульптормен келіссөз жүріп, дизайны ойластырылып жатыр. Ал, керек болса.

Сүйісу, өбісу адамға тән сезім әрекеті. Бірақ оңашалықты тілейтін сезім әрекетін есі дұрыс жұп жалпақ жұртқа жария етіп көрсете бермесе керек-ті. Әлде ұят пен аяттан кеткен орта үшін бәрібір ме?

Айтпақшы, сүйісу «өнерін» өрге бастырған өрен әлгі марафонның соңында арнайы марапатталады екен. Сонда ол үйіне келген қонақтарына немесе болашақ ұрпағына «мен мына марапат қағазын 2012 жылы 13 шілдеде өткен көшедегі сүйіс жарысынан алып едім» деп көрсетеді ме? Әлде, сүйіскіштің әкесі не шешесі осылай деп мақтана ма? Түсінбедік. «Қарап тұрған жігітке қыз аcылардың» кері келіп тұр не десекте.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343