Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 2642 1 пікір 29 Қазан, 2021 сағат 18:01

Талдықорғанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

Бүгін оқушылар сарайының алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті .

Слетке Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев, Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Асқар Садықов, Алматы облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Адамбекова, Алматы облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Мақпал Беккулова және команда капитандары мен клуб қатысушылары қатысты.

Байқауда облыс бойынша 17 аудан, 3 қаланың Жүзден - жүйрік, мыңнан – тұлпар атанған «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының капитан командалары өз аудан, қалаларындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытындағы жобаларды қорғады.

Сондай-ақ,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев іс-шара жастардың бойында гуманизм мен ұлттық құндылықтар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Адал ұрпақ». Бұл-мектеп оқушылары мен студенттер арасында ұйымдастырылатын дәстүрлі шара. Мақсаты-жастарды сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақыру. Бүгін білім ордасында жыл бойы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жасаған жұмыстарын қорытындалау өз мәресіне келді. Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлықтан аулақ болуы үшін мектеп қабырғасынан бастап осы бағытта тәрбие беру маңызды».

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Іле ауданы, I-орын Панфилов ауданы, II- Көксу ауданы, III – орын Еңбекшіқазақ ауданы иеленді.
Бас жүлде иегері Іле ауданы, М.Мақатаев атындағы №13 мектептің оқушысы Заманбек Сымбат Әсетұлы «Ақиқат алақаны» тақырыбында жоба қорғады.
«Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым ҚР Конституциясын басшылыққа ала отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы отбасы рөлі және Қазақстанда тұратын өзге ұлттар мен облыстардың мәдени дәстүрлерін, тілін, дінін қастерлеуге жас ұрпақты тәрбиелеу. Қарапайым халықты алдамау. Ертеңгі күннің несібесіне қол сұғуға жол бермеу»,-дейді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және грамоталармен марапатталды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2055