Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2931 0 пікір 12 Шілде, 2012 сағат 06:09

Ғаламторда «Muslim.kz» арнасы

Қадірменді Алаш баласы күні кеше ғана Астана күнінде Елбасымыздың қатысуымен Елордамызда есігін айқара ашқан құтхана - «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни ақпараттар мен сараптамалық дүниелерді  қазақ және орыс тілдерінде тарататын «Muslim.kz» сайты жұмыс істей бастады. Ғаламтордағы бұл жаңа арна діни публицитикалық материалдарды жариялаумен бірге имандылық иірімдеріне қатысты жанды уағыз-насихаттардың аудио және видео нұсқаларын таратумен ерекшеленбек. Сондай-ақ, діни танымды арттыру мақсатында дәстүрлі ислам пәндерінен дәріс беруді де қолға алмақшы. «Muslim.kz» сайтының рухани жетекшісі осы шаққа дейін халықтың көзайымына айналып келген «Muftiyat.kz»  және «Meshet.kz» порталдары жобасының авторы белгілі ғалым Қайрат Жолдыбайұлы бауырымыз.  Ендеше, жаңа сайттың ақпарат кеңістігінде айы оңынан туып, қалың бұқараның көңіл пернесін дөп басатын, жүрек тебірентер руханият арнасына айналуына тілектеспіз!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373