Елімізге 16 мыңға жуық қандас қоныс аударды
2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 903 адам тарихи Отанымен табысып, қандас мәртебесін алған. 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 86,2 мың этникалық қазақ оралды.
Осы жылдың басынан бері қандастардың жартысынан көбі (76,3 пайыз) Қазақстанға Өзбекстаннан келген, 9,5 пайыз - Қытайдан, 6,1 пайыз -Түрікменстаннан, 2,5 пайыз - Моңғолиядан және 5,5 пайыз басқа елдерден қоныс аударған.
Келген этникалық қазақтар негізінен, Алматы (28,3 пайыз), Түркістан (13,4 пайыз), Маңғыстау (19,1 пайыз) және Жамбыл (8 пайыз) облыстарына, сондай-ақ, Шымкент (10,5 пайыз) қаласына қоныстанды.
Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кішілері 28,1 пайызды және зейнеткерлер 16,8 пайызды құрайды.
Abai.kz