Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 27958 0 пікір 13 Шілде, 2012 сағат 08:53

Көпбол Демесінұлы: «Адай тарихын екімыңжылдықтан әрі іздеу керек».

- Көбеке, сізді Маңғыстауда шежіреден хабары бар немесе шежіреші деп есепке алады. Шежіреші деп көрінгенді айта бермейді ғой, сондықтан шежіре жөнінде түсінік бере кетсеңіз?

- Сұрағыңызды түсіндім. Шежіре дегеніміз- тарих. Шежіре- аз ғана рудың шежіресінен бастап, бір тайпаның немесе тұтас бір ұлттың шығу тарихы. Адай шежіресі- бір тайпаның шежіресі, яғни, тарихы. Шежіренің өрбуі сол бір тайпаның немесе рудың ішіндегі тұлғаға байланысты айтылады. Адай тайпасының ішінде де белгілі бір тұлғалар (батырлар, билер) шықпаған рулар толып жатыр. Көп жерлерде ондай рулардың аты аталғанмен, көп тоқтамай ат үсті өте шығады.

Енді қазақ халқының шежіресіне келейік. Бұл ерте заманнан ұрпақтан ұрпаққа ауызекі айтылып, жалғасып келе жатқан үрдіс. Халқымызда «жеті атасын білмеген жетесіз» деген ұғым қалыптасып қалған. Сондықтан әрбір азамат бірінші кезекте өзінің қайдан шыққанын және  руын, тегін танып білу парыз деп саналған. Ел арасынан шыққан шежіреші, құймақұлақ, сұңғыла қариялар ел тарихын өз заманында өткен айтулы оқиғаларды, батырларын, қайырлы байлары мен әулие зайырларын, елдікті ойлаған шешендері мен халқының қамын жеген хандарын да ауыздарынан тастамай айтып отырған. Ел басына туған қайғылы оқиғалар мен зобалаңдарды, соғыста жеңген жеңістерін майын тамызып айтқандарын естіп өстік.

- Көбеке, сізді Маңғыстауда шежіреден хабары бар немесе шежіреші деп есепке алады. Шежіреші деп көрінгенді айта бермейді ғой, сондықтан шежіре жөнінде түсінік бере кетсеңіз?

- Сұрағыңызды түсіндім. Шежіре дегеніміз- тарих. Шежіре- аз ғана рудың шежіресінен бастап, бір тайпаның немесе тұтас бір ұлттың шығу тарихы. Адай шежіресі- бір тайпаның шежіресі, яғни, тарихы. Шежіренің өрбуі сол бір тайпаның немесе рудың ішіндегі тұлғаға байланысты айтылады. Адай тайпасының ішінде де белгілі бір тұлғалар (батырлар, билер) шықпаған рулар толып жатыр. Көп жерлерде ондай рулардың аты аталғанмен, көп тоқтамай ат үсті өте шығады.

Енді қазақ халқының шежіресіне келейік. Бұл ерте заманнан ұрпақтан ұрпаққа ауызекі айтылып, жалғасып келе жатқан үрдіс. Халқымызда «жеті атасын білмеген жетесіз» деген ұғым қалыптасып қалған. Сондықтан әрбір азамат бірінші кезекте өзінің қайдан шыққанын және  руын, тегін танып білу парыз деп саналған. Ел арасынан шыққан шежіреші, құймақұлақ, сұңғыла қариялар ел тарихын өз заманында өткен айтулы оқиғаларды, батырларын, қайырлы байлары мен әулие зайырларын, елдікті ойлаған шешендері мен халқының қамын жеген хандарын да ауыздарынан тастамай айтып отырған. Ел басына туған қайғылы оқиғалар мен зобалаңдарды, соғыста жеңген жеңістерін майын тамызып айтқандарын естіп өстік.

Жалпы шежірені ел аралаған атқамінерлер қарапайым халыққа қарағанда көбірек біліп айтқан. Кешегі патша заманында болыс пен билер жиналған ортада шежіре көбірек айтылған. Жер дауы, жесір дауында мысалдап, мақалдап айтылған әңгімелер біздің заманымызға дейін жеткенін білеміз. Шежірені жырға қосқан Қашаған,Түмен, Ыбырайым сынды ақын-жыраулардан қалған «Адай» шежіресін белгілі жыршылар Дүйсенбай, Әділ, Сүгір, Ұзақбай, Қырымқұл Қайролла, Шамғұл, Мұрат, Әлқуаттар халыққа сол күйінде жеткізген.

ХІХ ғасырдың басында кіші жүз қазақтарында шежірені жазбаша хатқа түсіріп, елге таратқан «Жәңгір хан шежіресі» (1836), одан кейін Мақаш правитель шежіресі, Жетіруда  Әбубәкір шежіресі, Таз Есенбақ шежіресі, Ыстыбай тақ-тақ Өсерұлының шежіресі, кете Аманжол шежіресі, Қырда Құламан Төртқара Былшықтың шежіресі, Сыр өңірінде Қарасақал Ерімбет шежіресі, Еңсеп шежіресі, Қайшыбай шежіресі, Алшын шежіресі, Сүлеймен Айшуақұлының шежіресі, Тоқабай Алқам шежіресі, Өмірзақ Қалбайұлының шежіресі, Қаржау Бердештің шежіресі дейтін шежірелер бізге жетті. Бұл шежірелер әр алуан нұсқаларда жазылғанымен, бірін-бірі толықтырып отырады.

 

- Сіз қазіргі айтылып, жазылып жүрген шежірелердің Адай тайпасының тым берідегі тарихы дегенді үнемі айтасыз. Мұны қалай дәлелдей аласыз?

- Қазақстан Республикасының діни басқармасының бас мүфтиі Ә.Дербісәлі ақсақал бір сөзінде Әл-Фарабимен деңгейлес Мұхаммед Адайи деген ғалымның құлпытасын көрдім дегенді айтып қалды. Әрине, бұл сөзге құлағым елең ете түсті.

Адай, Беріш рулары он екі ата Байұлының құрамында қатар жүрген ел. Мысыр сұлтаны болған мәмүліктердің көсемі Бейбарыстың ХІІІ ғасырда өмір сүргені, оның Беріш руынан шыққаны тарихтан белгілі. Ал, Беріш руын таратып айтсақ, жиырма атаға жетпей қалады. Сонда қалай? Мың жыл бұрын өмір сүрген Адайдан шыққан Мұхаммед кім? 800 жыл бұрын өмір сүрген Бейбарыс сұлтан кім? Басқа Адай, Беріш болған ба?-деп қаласың.

«Ана тілі» газетіне түскен қалың шежірелік мәліметтер негізінде жасалып, 1994 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан «Қазақ шежіресі» атты кітапта зерттеушілер Байұлының ірі тармағы Адай руын Каспий теңізінің шығысында біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырда өмір сүрген «Дай» тайпасының жұрнағы болуы керек дегенді айтады. Кейіннен олар Кангюлердің (қаңлылар), сонан  соң оғыздардың құрамына енген сыңайлы. Оғыздар дайлар мекендеген Маңғыстау түбегін арал ретінде ұғынып, «ада» тұрғындарын адай (аралдықтар) деп атапты.

Оғыз мемлекеті дәуірлеп тұрған ІХ- Х ғасырларда оның құрамына түркмендер мен адайлар қатар енген еді. М.Қашқаридың «Маңғыстау- оғыздар еліндегі жер аты» деп жазатыны да осы кез болса керек. ХІ ғасырда адайлар болашақ қазақ руларын ұйыстырған Қыпшақ бірлестігінің құрамына ене бастайды. Осы кезде олар Ойыл, Жем, Сағыз бойларын жайлайды. Адайлар кейіннен Алтын Орданың, ол құлағасын Көк Орданың, одан кейінірек Ноғай ұлысының құрамына енеді. Жошы ханның немересі Ноғай билігінің (Ноғай хан болмаған) құзырына кірген түркі тілдес тайпалардың ортақ атпен бір этносқа, яғни, ноғай атына бірігуі, олар құрған мемлекеттердің Ноғайлы атануы туралы (ХV-XVI ғ.) қазақ ауыз әдебиетінде жарқын іздер қалды. Азау мен Арал теңіздері аралығын жайлаған Ноғайлы ұлысының құрамына алшын    рулары түгелге дерлік енген еді. Бұл қазақ атынан гөрі, Ноғайлы атының басымдау болған кезеңі.

«Алаштан қазақ тараған,

Ноғайлыға қараған,

Жауға алдырмай ноғайлар,

Бір-біріне жараған.

Ноғайдан қазақ бөлініп,

Үш жүз болып тараған»- дей келіп, сондай-ақ:

«Қазақ емес, сарт емес,

Қамбардың түбі ноғайлы»  немесе

«Тегінде Ноғай-қазақ түбіміз бір,

Алтай,Ертіс, Оралды қылған дүбір» дейтін және де:

«Ей, байтағым,байтағым,

Бастырып сені алдырдым.

Ал аман бол менен соң,

Байтағымның ішінде

Он сан елім, Ноғайлым.

Сені тағы да алдырдым,

Он сан ноғай ішінде,

Үш алпыс отау қазағым» - деген жыр жолдары сол дәуірдің сипатын айқын көрсетеді. Ноғайлы елінің атынан сөйлеп отыратын Қазтуған, Доспамбет, Шәлгез сынды жампоздар Ноғайлы дәуіріндегі әдебиеттің белсенді өкілдері. Ноғайлы дәуірінің жырлары кіші жүз өңірінде ерекше мол сақталған. Олардың арасында қазақ пен ноғайдың бір халық боп қалыптасудың аз-ақ алдында тұрған жұрттардың айрылуына арналған қария сөздері де бір қыдыру. Ноғай ұлысы ішінде өткен үздік-создық шайқастар, оның бір бөлігінің Ресейге тәуелді болуы, ақырында елді ыдыратып тынған» -деп жазған әлгі шежіре кітапта.Маған біздің арғы тегіміз араб емес, түркілер деп айтқан да осы «Қазақ шежіресі». Осы кітапты оқығаннан кейін жазғандары қисынға келетініне көзім жетті. Сол үшін қалың шежірені құрастырып, «Қазақ шежіресі» деген айдармен кітап қылып шығарған Жарылқап Бейсенбайұлына көп алғысымды білдіремін.

- Ал, Әнес сахабадан таратылып жазылған шежіреде осы ноғайды бірде Сайылдан, бірде Сухаилдан, енді бірде тіпті татардан туғызып қояды. Осыған қалай қарайсыз? Шындығында ноғай дегеніміз кім? Қара ноғай, кавказ өңірінде сары ноғайлар дегеніміз кімдер?

- Ноғайды Сайылдан, Сухаилдан,татардан туғызсын, бәрі де сол бір ноғай. Ноғай - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының немересі. Атақты әскербасы. Біздің қолымызда Әнес сахабадан таратылып жазылған шежіре аңыздың үш түрлі нұсқасы бар. Аңыз деп айтуымыздың себебі, ойдан құрастырылған жалған шежіре. Біздің шежірешілеріміз бүкіл бір тайпа елді, бір ұлтты бір кісіден таратып қояды. Бұл түбірімен қате.

Енді ноғай және ноғай ұлысы жөнінде айтып өтелік.Ноғай батыр (ҚҰЭ) туған жылы белгісіз. Ноғай батыр Алтын Орда әскерінің қолбасшысы болған. Жошы ханның немересі. ХІІІ ғасырдың 60- шы жылдарынан бастап Прут, Днестр өзендері  аралығындағы ұлыстарды билеген. Ол Батумен бірге қол бастап, Алтын Орданың бас ханы тұсында әскербасы болды. Ноғай 1252-1269 жылдар аралығында Батудың, кейіннен Беркенің Мысыр сұлтаны Бейбарыспен дипломатиялық қарым- қатынас орнатуына, Хулагиге қарсы одақ құруына ықпал етті. Алтын Берке өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі ұланғайыр жер Ноғайдың бақылауында болған. Польша, Венгрия (Хун елі), Болгария, Сербия және кейбір орыс княздіктеріне жиі-жиі шабуылдар жасады. Ноғай хан болмағанымен, Алтын Орданың Беркеден кейінгі хандары Мөңке,Темір, Туда Мөңке, Төлебұғаға өз ықпалын жүргізген. Беделі артып тұрған Ноғайдан құтылу үшін Тоқты оған қарсы соғыс бастады. 1300 жылы Буг өзенінің жағасында Ноғайдың әскері жеңіліс тауып,өзі қарсыласының қолынан қаза табады. Орыс жазбаларындағы деректерге сүйенсек, осыдан кейін Ноғайдың қол астындағы халықтың көпшілігі Каспий маңына қоныс аударған.  (Алшындар,қазіргі кіші жүз қазақтары) Еділ қалмақтары 1623 жылы Үлкен Ноғай ордасына басып кіреді. 40 мың Ноғай оларға бағынуға мәжбүр болады.1632 жылы Қалмақ Ордасы Еділде тігіледі де,  1633-1634 жылдары Ноғайлар Қаратеңіз бойына Солтүстік Кавказ бен Қырымға жаппай қоныс аударады.Сонымен үлкен ноғай ордасы толықтай күйрейді.Көріп отырғаныңыздай, бір кездегі Ноғай ұлысына қараған ел, ноғай атын иемденіп ұлтқа айналған. Қырымдағы ноғай ұлты, солтүстік кавказдағы сары ноғай ұлты, Астархан жеріндегі қара ноғай ұлты мұның бәрінен бір кездегі Батудың әскербасы болған  Ноғай батырдың аты бір ұлтқа айналғанын байқап отырмыз. Сондай-ақ, Қарасай батырдың (Қарасай- Қази дастаны) Карачай ұлтына айналуы. Қазіргі өзбек ұлтының да шығу тегі осыған ұқсас. Өзбек хан билегенге дейін өзбек ұлты болмаған. Кейін  Өзбек ханның қол астына қараған елдің (тәжік, ұйғыр, қарақалпақ, қазақ, түркмен т.б.) біртұтас өзбек ұлтына  айналуы. Өзбек хан тұсында ислам дінінің дәуірлеп, өз ықпалын халық санасына жаппай қабылдануы. Огуз ханның елінің огуз ұлтына айналып, қазірде Еуропадағы гогауздар ұлты осы оғыздардың атын иемденіп қалған ұлт.

 

- Еділ бойындағы қалмақ (жоңғарлар) деген ел қайдан шыға келді, осы жөнінде не білесіз? Әлгі Қонай батыр бастап шабатын құба қалмақтар осы қалмақтар ма?

- Әрине, Қонай батыр шабатын құба қалмақтар- осы қалмақтар. Өзара қырғын соғыстың арқасында ойраттар Тарбағатайды тастап (XVIғасырдың соңы,   XVII ғасырдың басы) екіге бөлініп, Торғауыт тайпасын бастаған Хоо өрлег артынан ерген елін бөліп алып, Ертіс өзенінің бойымен Сібірге көшкен. Жергілікті елден қатты қарсылық көрген ойраттар тағы да әрі қарай Есіл, Тобыл өзендерінің маңына, Түмен қаласына қоныс аударады. Бұл жерде олар жергілікті халықтармен және орыс әскерлерімен қарулы қақтығыстарға барады. Сөйтіп, қалмақтар Сібірде орнығып қала алмай, жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды. Олар Башкортстан шекарасынан өтіп, Жайық, Сақмар, Елек, Ор, Қиыл, Тоғызақ т.б. өзендердің маңына қарай ауды. Бірақ, ол жерлерде башқұрттардың табанды қарсылығына тап болды. Қол астындағы башқұрттарды қолдай отырып, орыс үкіметі қалмақ тайпаларынан кейін шегінуді талап етті. Сібірде орыс бекіністері, шығыста халхо маңғолдарды, оңтүстікте қазақтар қыспаққа алғаннан кейін қалмақтар оңтүстік батысқа қарай жылжыды. Олар Жем өзеніне жетіп, одан әрі Еділ-Жайық арасына қоныс аударды. Бұл жерді мекендеген ноғайлар өзара тартыстардың салдарынан қалмақтарға төтеп бере алмады. Сөйтіп, Хоо өрлег бастаған топ қалған ойраттардан біржолата бөлініп, Еділ-Жайық арасына көшіп барды. 1628 жылы олар Жайықтан өтіп үлкен Ноғай ордасына басып кірді. Жетпіс мың ноғай оған бағынуға мәжбүр болды. 1632 жылы қалмақ ордасы Еділде тігілді де, 1633-1634 жылдары ноғайлар жаппай көше бастады. 1630-1640 жылдары қалмақтар Еділ, Жайық,Жем, Елек,Ырғыз, үлкен және кіші өзен Самар өзендерінің бойына тұрақтап қалды. Осы жерде ХVII ғасырдың 60-шы жылдары Ресей боданындағы Қалмақ хандығы құрылды. 1664 жылы жазда сюзерен ретінде оны ресми өз Вассалы санатында алды. Қалмақ хандығының негізін Дайшн тайшы оның мирасқоры Моншақ (Пинчук) қалаған. 1650-1664 жылдар аралығында қалмақтар Қырым татарларына, Қабардалықтарға,  Дон, Запорожье казактарына, қазақтарға, башқұрттарға шабуыл жасап, Ресей мемлекетінің оңтүстік шығыс шекарасын қорғады. Осы қызметі үшін орыс патшасы олардың қоныстарын кеңейтіп, Дон бойындағы кеңістікті қосып берді. Ресей қалаларымен еркін сауда жасау мүмкіндігін берді. Әр тайпа көсемдер мен билеушілерге жалақы тағайындап, әр түрлі сый-сияпаттар жасап тұрды. Патша тарапынан Моншақка мемлекеттік биліктің ерекшелік белгілері (шоқпар ту) мен қалмақ халқының билеушісі деген атақ берді. Сөйтіп, Ресей үкіметі ресми актілер арқылы қалмақ хандығының Вассальдық құрылымын заңдастырды. Қалмақ хандығының гүлденіп өркендеуі Аюке ханның (1669-1724) билігі кезіне сай келеді. Ресейге сіңірген ерекше еңбегі үшін Петр І оның билігіне араласпай, ол сырт көзге тәуелсіз билеушіге айналды. Аюке өлгеннен кейін орыс патшалары хандарды өздері тағайындады. XVIII ғасырдың екінші жартысында жоңғар мемлекеті жойылды. Кіші жүз бен орта жүз Ресей бодандығына өтті.

Солтүстік Кавказ халықтары, Дон, Запорожье казактары толық бағындырылды.Сөйтіп Ресейге қалмақ хандығының әскері қызметінің қажеті болмай қалды.Сондықтан оларға патша үкіметі тарапынан қысым күшейді.1771 жылы Үбіші хан қалмақтардың көпшілік бөлігін бастап,  қазақ жері арқылы Жоңғарияға көшті.Осыны пайдаланған Екатерина II 1771 жылы 19 қазанда арнайы жарлығымен қалмақ хандығын жойды.Қазақтар  жоңғарлардан ажырату үшін  Қалмақ хандығының адамдарын «құба қалмақ» деп атады.Екі ел арасында , әсіресе XVIII  ғасырдың бірінші  жартысында, көші-қон аймақтары үшін  жиі-жиі әскери қақтығыстар болып тұрды.Бұл соғыстарда қалмақтар үнемі  Ресейге сүйеніп, одан қару-жарақ, (мылтық,зеңбірік,оқ-дәрі т.б.) тіпті, әскери көмек те алып тұрды.Көптеген зерттеушілер  1731 жылы Әбілхайыр ханды  Ресей  бодандығына өтуге мәжбүр еткен себептердің бірі  батыстан төнген осы «құба қалмақтар қаупі» деген пікір айтады.(Ж.Құндақбаеваның аудармасынан ,Әдебиеттер:Батмаев М.М. «Калмыки  в XVII -XVIII веках»,Элиста 1993г. Кичиков М.Л. «Образование  Калмыцкого ханства», Элиста 1994 г.          )

 

- Адайлардың құба қалмақпен қақтығыстарын айтсаңыз?

- Құба қалмақпен қақтығысқан тек адайлар емес,кіші жүз аталатын рулардың барлығы дерлік соғысты.Тарих бетіне көптеген батырларды шығарды.Беріш Себек Саржала батыр, Есентемір Сұлтангелді, Көктаубай т.б. Осылардың ішінде ерекше көзге түскені,артында көптеген аңыздар қалдырған  батыр Қонай Кенжеұлы.Қонай батырды 1731 жылы туып,1805 жылы өлген делінеді.Құлыбек Сүлейменовтың «Жаңа өмір» газетінде  жариялатқан «Қонай батыр және ұрпақтары» дейтін көлемді мақаласында :Қонай жастайынан шыңдалып өсті.Қонай 17 жастағы кезінде Адай ауылдарына шабуыл жасап , тыныштық бермеген Аюке деген ханның жасағымен болған соғыста қамалды бұзып кіріп,ерекше ерлік көрсеткенін жазады.Әрине, Аюке хан Қонай батыр дүниеге келмей тұрып о дүниелік болған.Аюке 1669 жылы туылып 1724 жылы өлген.Бұл жерде Құлбек Сүлейменов жаңсақтық жіберген.Дегенмен,осы жерде тарихи тұлғалар жөнінде әркім білгенін, естігенін, түйгенін жазатындығын ескергеніміз жөн.Батыр жөнінде айтылған әңгімелердің көбінде,Қонай жас күнінен-ақ, елдің көзіне түскен деп айтылады.Әкесі Кенженің ағасы Есен  пенде болып қалмақтың қолына түскенде, Есен айтқан деген мынадай сөз бар: «Қонайым болмаса артымнан іздеп келіп,мені кім құтқарар дейсің?».Қонай жалғыз өзі қалмақтардың зынданында кіріптар болып жатқан батыр әкесін босатып алып,сол жақта алған әйелі Таңсық екеуін алып қашып  шыққан.Қалмақтар арттарынан қуып жетіп,кедергіде қалған Есенді өлтіреді.Енді бір нұсқасында Қонай батыр қасына 30 кісі жодас ертіп Есенді іздеп шығады.Қасындағы жолдастары қалмақтардың қақпасын бұзуға жүрексінгенін байқаған Қонай жолдастарын кейін қайырып, жалғыз өзі қалмақтың қақпасын  талқандап, Есенді буаз әйелімен қоса алып шығады.Қонайды енді бір нұсқада Кіші жүз Алатаудан көшкенде батырлық көрсетіп, бірнеше ұлт тосқауылда қалып, елді жаудан аман алып шыққанын айтады. Мен естіген нұсқада Есен қалмақтың қолына түспейді.Қонай ол кезде 14 жасар Есеннің қасында екі қабат әйелі Таңсық  анамыз бар, келе жатқанда артынан қалмақтар қуып жетіп қалады.Үшеу ара бір ат, сонда Есен атын Қонайға беріп, «мына шешеңді алып осы атпен қаш, үшеуміз бірдей өлмелік. Судан өте алмаспыз. Мына шешең ұл туса, атын Өтебай, қыз туса өздерің қойыңдар» -депті-міс.Қонай батыр өзеннен өтіп  артына қараса қалмақтар Есенді найзаға  шаншып түйреп көтеріп тұрғанын көреді. Таңсық анамыз елге келгесін  ұл туады. Оның есімін Өтебай деп қояды.Таңсықтың өңі сары кісі екен, ешкім ала қоймаған.Сейіттің би атанып дүркіреп тұрған кезі.Таңсықты Ешбіреу « мен ала қояйын»- деп ұмтылмаған.Бір күні Есеннің үйінің амандығын білейін деген оймен Кенже Таңсық отырған үйдің есігінен қараған .Сонда Таңсық анамыз қолында қанжары бар, әй-шәй жоқ, Кенженің мойнына тақап тұрып: «- мені аламысың, жоқ, әлде алмаймысың?Алмасаң сені қанжармен жарып өлтіремін»- деген.Қапелімде сасып қалған Кенже, «Сейітжан біледі,Сейітжан біледі»  дегеннен басқа аузына ештеңе түспеген.Бұл хабар Сейіт биге жетіп анасы Таңсықты Кенжеге некелеп берген екен.Содан жалғыз Сатыпалды  туған.Сатыпалды шебер, әрі аңшы болған дейді.Сатыпалды балаларын  Сарыкемпір атаған. Кемпірлері «сары енемнің» балдары дейтін. Сатыпалдыдан Таулы, Аймұрат, Баймұрат, Самұрат, Қияс, Уәйіс, Бекмұрат, Тауасар, Таңатар, Тұрлымұрат  туған. Аймұрат батырдың жаудан әкелген екі баласы Кеңшалбар мен Құткелдіні  қосып, 12 бала қылып таратады шежірешілер. Қонай батырды  кіші жүз (Адайлар) Алатауға көшкенде тосқауылда қалып, аман алып шыққан дейді. Қонайдың туған жылымен салыстырғанда әрідегі әңгіме, жаңсақ пікір. Есен Сыр бойында қалды дегенді айтады. Бұл да шындыққа жанаспайды. Біздіңше, Есен батырдың өлген жерін Жем,Жайық, Самар бетінен қарағаны жөн. Себебі, Қонай батырдың жасына сәйкес, Есен «құба қалмақтармен» шайқаста опат болған. Тағы да шындыққа сәйкес келмейтін жері Есеннің тұтқында жатып, қалмақтың қызын алып, оны буаз қылуы- тым әсірелеп жіберген әрекет пе деп қаласың. Әсірелеп жазу шындықты өтірікке айналдырып жібереді?

 

-  Қонай батыр жарлы болған дейді. Ал, егер жарлы болмаса, Жаңайұлы Қожаназардан неге жауға мінер ат сұраған?

- Қонай батыр өте ірі тұлғалы кісі болған. Анау-мынау ат көтере алмайтын, сондықтан жауға мінер белді ат таңдауы мүмкін ғой. Өзінің бір-екі үйір жылқысынан ондай белді, жүріске шыдай білетін көлік табыла қоймаған. Адайда өте ірі кісілер көп болған. Ондай кісілер жайшылықта түйеге мініп жүретін болған. Ал, жауға түйемен бара алмайсың. Ал, Қожаназар байдың мыңдаған жылқысының ішінен Қонай батырға лайықты ат табылған. Қожаназар ұрпақтары Кенжені нағашы көріп, отырыста, жиын- тойда сол баяғы Қожаназардан Қонай алған жалғыз атты менен сұрайды. Жаңай аталатын ру сол жалғыз аттан зиян көрген жоқ.Қонайдың әкеліп берген буаз қатынынан Сәркен, Шомақ егіз туып, Жаңайдың санын көбейтті(Алшын шежіресінен).Одан не жамандық көрді? Шіркін, деймін мен. Әзілге әзілмен жауап беріп: «батыр аңқау, ер көдек» деген, Қонай бабамыз сол буаз қатынды өзі алғанда ғой, осы күнде сіздер менің жағымда сөйлеп отырған болар едіңдер» дегенді айтамын. Іші боқ, сырты түк бір атты әлі күнге сұрап келесіңдер, әңгіме білетін, әңгімеге түсінетін адамның сұрағы емес. Қонайдың өзіндік дәулеті болған кісі. Қонайдан үш бала: Бегеш, Жанұзақ, қалмақ әйелі Байбикеден Дауымбай. Бегештің бірінші әйелінен Өтеулі, Бәйімбет, Шалабай,  Жаулы,  Өрдек,  Қосқұлақ. Жанұзақ ерте қайтыс болады. Оның келіншегін Бегешке атастырып, одан Құлақа, Жары, Құрман, Шоғы туады. Міне, он Бегеш осылай аталады. Байбике қалмақ әйелінен Дауымбай ұрпақтары төңкеріс кезіндеТәжік жағына кеткен. Қойсары өлгеннен кейін Байбикені Қонай  алған. Қойсарыдан Байбикеден Тапберген Көшер екі бала. Бұлар тоғыз тақта Қойсары  болып есептеледі. Дауымбай, Тапберген ,Көшер үшеуі шешелес.

Аюке хан билеген кезде, Қалмақ хандығының  гүлденген кезі. Орыс патшасы Петр I-шіге арқа сүйеген Аюкеге қазақтардың шаппақ түгілі ық жағынан жүре алмайтын кезі.

Әз Тәуке ханның тұсында болған оқиғаны жазушы Қойшығара Салғараұлы ''Әз Тәуке хан және хандықтың ыдырауы'' деген еңбегінде  Тәуке хан жолда Цеван Рабтанға әйелдікке қарындасын әкеле жатқан Аюке ханның баласының қосынына шабуыл жасайды. Сондай-ақ, жоңғарлардан еліне қайтып баражатқан орыстың бірнеше көпестерін қолға түсіргенін айтады.  Бұл оқиға шамамен 1700 жылдарда болған деп есептесек Жомарт бабамыздың өмір сүрген кезіне тұспа тұс келеді. Сонда Жомарт бабамыз сыйлықты Өз Тәуке ханнан алған ғой.

Жомарт батырдың:    Ақсұқсырды құшпай бер,

Ақ сұр атты мінбей бер,

Ақ сауытты кимей бер,

Ақберенді ілмей бер!- дейтіні осыдан.

Әз Тәуке ханның сенімді адамдарының бірі болған Жомарттың заманында, осал кісі болмағандығын көрсетеді. Ақсұқсыр анамызды Жомарт алғасын, Қожағұлда туады. Жомарт өлгеннен кейін, Алдасай тентек алып, Зерең деген бала туған. Ақсұқсырды Шылым алғаннан кейін, Шылымнан ең үлкені Өрдек, Көшке, Ақбота деген үш бала көрген. Өрдек қаулап өскен, шежіреші Алшын Меңдалыұлы айтқандай: жайылса жонға сыймаған, жабылса көлге сыймаған, көп елге айналды. Батыр да, би де, балуанда, көріпкел зайырлы кісілер, қайырлы байлар мен мырза сахилар да, ғалым да, оқыған имам молдалар да көптеп шыққан ел. Ақсұқсыр анамыз жөнінде жазылған әңгімелердің баспа бетіне көптеген нұсқалары жарияланды.  Бұл жерде қайталап айтудың  қажеті жоқ деп таптық. Қазақ деген елдің тарихында, онда да Әз Тәуке ханның жалпы, Адайда қалмақтың қаны араласпаған рулар кемде кем. Сыртқа жауға шапқан батырларымыз көптеген олжамен бірге қыздарда алып келіп ел жақсыларына тарту еткен.  Солардың ішінде Ақсұқсыр анамыздың орны бөлек. Ханның қызы. Хан қолынан алған үлкен сый, құрмет, баталасып ақ некесін Тәуке ханның өзі қиып берген ару ана. Үлкен бір жиын, отырысқа жиналған, адайдың игі жақсылары өзара батыры мен биін айтып, мақтанып жатқанға ұқсайды. Киіз үйдің төрінде, Тобекең демалып жатқан жерінен басын көтеріп "Әй Адайым-ай, қанша мақтанғаныңызбен, сырттан келген үш-төрт қатыннан туғандар болмаса  "көтіңді"  көрер едім" дегенді айтқан екен.

 

- Әз Тәуке ханның тұсында, Адайлардың сыртқы жаулармен соғысуынан қолы босап, мамыра жай өмір кешкен кезі болар. Осы кезге тоқталып өтсеңіз?

- Тәуке хан тұсында, тек қана Адай емес, бүкіл қазақ халқының қой үстіне бозторғай жұмыртқалап тыныш өмір сүрген кезі болды. Тәуке тұсында "Жеті жарғы" жазылып, халықты заңға бағындырып, алауыздықты тоқтатып жаймашуақ тылсым шақты орнатты. Қазақты үш жүзге бөлу Тәукеден бастау алады. Үш жүздің бөлінуі жөнінде заманымыздың ұлы ойшылдарының бірі және бірегейі, ғалым Серікбол Қондыбай өзінің "Арғы қазақ мифологиясы" 1-ші кітабында (365бет) Алматы 2004ж) «Қазақтың үш жүзге бөлінуі әртүрлі қисындар дәйектермен тарихи айғақтар келтіріліп, уақыттық тұрғыдан біресе тарих тұңғиығына, біресе бергі уақыттарға қарай әрлі-берлі көшіріліп жүргеніне қарамастан нақты заман XVII ғасырда жүзеге асырылып, яғни  XV-XVII ғасырларда қазақтар үш жүзге бөлінбеген. Уақыт жағынан алғанда, бұл Есімханнан Тәуке ханға дейінгі дәуір, ал жүздің құрылуының негізгі пейілі-үлкен территорияда шашырап жатқан көп санды қазақ ру тайпаларын басқаруды барынша оңтайлы ету еді, яғни үш жүз - түпкі этникалық рулық туыстық бойынша емес, территориялық - әкімшілік қажеттілікке сай жасалған құрылым болатын»-деп келтірген. Серікбол тағыда «жүз» сөзінің 100 санына қатысы жоқ, ол кеңістік (пространство) простор дегенді білдіреді дейді. Серікбол Қондыбай  жазған жүзге бөліну жөнінде айтқаны, үш жүздің бас ханының салық салу үшін сызып берген шекаралық атауы болып шықпай ма? Қойшығара Салғараұлы "Әз Тәуке хан және хандықтың ыдырауы " дейтін еңбегінде, ол өзі билік жүргізіп тұрған кезде әлсіз руларды біріктіріп, оларды күшті руларға қарсы тұрарлық  халге жеткізді. Мысалы, кешегі қуғын - сүргіні көп жаугершілік заманда түрлі себептермен  Кіші жүз құрамына енген  Табын, Тама, Керделі, Керейт, Жағалбайлы, Телеу, Рамадан, секілді ұсақ рулардың басын біріктіріп, үлкен "Жетіру" атты тайпа бірлестігін құрып, жер су бөліп беруші осы Тәуке хан көрінеді. Сөйтіп оларды, байырғы іргелі тайпалар Байұлы мен Әлімнің жуандарының қорлық зорлығынан құтқарып,олармен терезесін тең еткен. Әлсіздерді осылай демей отырып, әлді руларды жуасытып тәубасына келтіріп отырған. Сөйтіп олардың бәріне ортақ заң  шығарған" деп жазады.

 

-  Қазақтың жүзге бөлінуі, Тәуке хан тұсында жүзеге асты дедіңіз. Бұл қазақ шежіресінде Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деп бөлінген ғой. Ақарыс-ұлы жүз, Жанарыс-орта жүз, Бекарыс-кіші жүз. Сонда кіші жүздегі "жетіру" аталатын тайпалар бірлестігінің  басқа жүзден келген ру екенін Салғараұлы қайдан біліп отыр? "Үш жүз-түпкі этникалық рулық, туыстық бойынша емес, территориялық-әкімшілік қажеттілікке сай жасалған құрылым болатын" деп жазған Серікбол Қондыбай.Осы арасын ашып айтсаңыз?

-Менің ұстанған темірқазығым Серікбол Қондыбай. Мен көптеген шежірелерді ақтарған кісімін. Осының ішінде Серікбол айтқан пікір ойға қонымды, шындыққа жақын. Алты ата Әлімді, Он екі ата Байұлы аталатын рулар бірлестігі Әз Тәуке тұсында бірігуі жүзеге асқан шаруа. Он екі ата байұлы алты ата Әлім, жеті ата "жетіру" жиырма бес аталы кіші жүз аталады. Мұны Қойшығара Салғараұлы жақсы біледі. Қазір кіші жүз аталатын руда Шөмекей төрт ата Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғыл және Ноғай руы бар Үйсін, Қазанқұлақ, Қойас, Қостаңбалы бұлар Тәуке хандық құрған кезде таңба бұйырмаған рулар.  Қазірде кіші жүз руларын отыз үш таңбалы деуге әбден болады. Жұлдыздай шашырап жүрген көшпенді қазақтың басын жинау оңай ма? Мүмкін, бұл рулар Тәуке ханның ру бірлестіктерін құру кезінде қол жетер жерде болмаған болар. Менің ойыма әкелеріміз айтып отыратын бір әңгіме түседі. Адайдың Жеменей аталатын руының ішінде Ақбота аталатын тақтасы бар . «Осы Ақботаны бір старшын болсын,  Ақбота руын бір жерге жинаңдар», - деп Кенже Қабақби деген болыс, Ақботаның биі Мантықұлы Қабылға тапсырады. Сөйтіп Ақботаны бір суы мол, құдықтың басына жинай бастаған. 3-4 үйді көшіріп әкеліп орналастырып, енді Ақботаның басқа ауылын көшіріп әкелсе, кешегі «осы жерден қозғалмаңдар!» - деп кеткен ауылы ізім-қайым, әлдеқашан көшіп кетіпті. Осы шаруа 3-4 рет қайталанған. Әбден шаршап діңкесі құрыған Қабыл би: «Ойпыр-ой, Ақбота баққанша, тасбақа баққан артық екен ғой» -деп айтқан дейді. Ұлы жүзді Ақарыс, орта жүзді Жанарыс, кіші жүзді Бекарыс деп атау - XIX ғасырдың аяқ жағында қазақты Әнес сахабадан таратып жазылған шежіренің жемісі.

 

- Әнес Сахаба ұлты араб, ал біздер түркі халықтармыз ғой. Сонда біздер арабтан қалай шығамыз?

- Бұған жауапты кейін берермін. Оқырманға түсінікті болу үшін үш нұсқасын айтайын. Енді қазақ шежіресінің хатқа түсу тарихына үңілейік. 1876 жылдан бұрын жазылған «Жәңгірхан шежіресі» (1836) қолымызда жоқ, ал 1876 жылы жазылған шежіреде інжіл аңыздарынан бастау алатындығы және қазақ шежіресін рух затына таратып емес, алдымен Әлхамдулла-и мұсылмандығын паш ету мақсатында жиғандығын көрсетеді. Сәбит Салқынұлының "Досжан хазірет" кітабында Алшын шежіресін жинақтаушы Теңізбай Үсенбаевтың берген мәліметінен  «Қазақта бірінші рет Меккеге қажылыққа уақ руынан Нүркен деген бай тоқал қатыны мен бірге барып, төрт жыл жолаушылап жүріп аман-сау елге оралыпты. 1858 жылы Орта жүз Арғынның  Күлік тайпасынан Самай сұпы мен Ноғай Байжан хазірет қажылыққа  барған. Олар сол жақта қой жылы (1859) өліп, елге оралмапты. Сонда жерленіпті. Ал үшінші рет қажыға барушылар Орта жүзден Тобықты Құнанбай бастаған жиырма кісі, Кіші жүздің ішінде Нұрпейіс хазрет (Нұрпеке) жаппас Мырқы молла, Досжан халфе бар жүз кісі, барлығы 120 кісі еді дейді. Олар 1874 жылы Меккеге қажылыққа барып, 1876 жылы елге қайтып келіпті. Сол сапарда қажылыққа барған 120 кісі ортасынан қаржы шығарып, жинап Меккеге үй салдырып, оны "Қазақ тақиясы" деп атап, Құнанбай атына жаздырады. «Мұнан былай қазақтан қажылыққа келген кісі осында түсетін болсын»- деп келісіпті. Кейін ол үй  Досжан халфе атына жазылып қалыпты.  Кіші жүзден барған кісінің бірі Адай Кенже Жаулыұлы Қалдыбай қажылыққа барып келген. Келгесін Жаппас Мырқыға Меккеге тақия салдыру үшін Ор (Жаманқала) қаласына 500 жылқы сатқызып, қаражат берген екен. Нағашылы жиенді біреулердің айтқаны болар Қалдыбайды келемеждеп:

Жауша тидің жылқыға,

Жолына қаржы қалсын -деп.

Жаппаста молда Мырқыға,

Қажылыққа барғасын.

Керегін Мырқы алғасын,

Көнбей кетіп жүрмесін,

Мырқы бір сенің ырқыңа, - депті

Неде болса Қалдыбай бай тақия салдыруға айтарлықтай қаражат берген. Ондағы ойы салынған тақияның бір жеріне Жаулыұлы Қалдыбай деп тарихта атын қалдыру болса керк.

Марат Қабижанұлы

Досжан   "қазақ - мұсылман" деген анықтама алу үшін Ташкент, Орынбор, Астрахан, Петербург шаһарларына барып ештеңе таба алмай, Қазаннан ғана мүмкіндік табады. Осыдан кейін арабтар қазақтарды мұсылман елі деп таныған.  Қарасақал Ерімбеттің жазған шежіре нұсқасына үңілуді жөн көрдік. (Төлепберген Тілеуқабылұлы  "Кіші жүз әлім аталығының шежіресі" Алматы қаласы 2006ж.)

Басқа шежіре жазушылар Әнес Сахабадан бастаса,

Ерімбет: «-Назардан бір ұл туды, аты Мәлік,

Дүреген сол Мәліктен қанша халық.

Мәліктен бұл Сахаба Әнес туды,

Нұсқадан көріп жаздым мұны анық»-деп  бастаған екен шежіресін.

Бұл шежіре Адам Ғалайсыламның тоғызыншы буыны Нұх пайғамбардан        18 атадан соң Арабта үш бала болған. Олар Әбубәкір, Садық, Мұхаммед пайғамбар. Назардың баласы Мәлік деген кісі Басыра шаһарында хан болып тұрады. Әнестің 5 жасында әкесі Мәлік хан қайтыс болады. Одан кейін 9 жасында шешесі қайтыс болып, панасыз жетім болып қалады. Бір жақын ағайыны Әнесті Мұхаммед пайғамбарға қолбала қылып береді. Әнес 12 жыл Мұхаммед пайғамбардың тәрбиесінде болып, 21 жасында үйленіп еншісін алады. Мұхаммед пайғамбар сол кезде 44 жаста екен. Бөлек шыққан соң, Әнестің тұрмысы нашар болады.

Әнес Мұхаммед пайғамбарға келіп, өзінің хал- ахуалының нашар екенін айтады. Сонда пайғамбар «тұрмысың нашар болса және бір әйел ал!»-дейді. Айтқанын қылып, тағы бір әйел алған соң, Әнестің тұрмысы бұрынғыдан да нашарлап кетеді. Әнес пайғамбарға және келеді де, тұрмысының бұрынғыдан да нашарлағанын айтады. Сонда пайғамбар  «Олай болса тағы бір әйел алыңыз, сонда жақсы боларсыз» - дейді. Әнес бұл сөзге қайран қалып, не қыларын білмей қайғырып жүреді. Басқа қатар жүрген жерлестері. «-сен пайғамбардан жәрдем сұрап барсаң, тағы да әйел ал деп айтады. Жарлы адамға әйел тұра ма?» - деп  Әнесті мазақ етеді. Бір күні Әнес Әбубәкірге келіп, өзінің жәй-жағдайын айтып, пайғамбардың «үшінші әйел ал!»- дегенін де айтады. Сонда Әбубәкір: «Пайғамбардың айтқанын сынап көрейік және бір әйел алыңыз!» - деп шамалы ақша береді. Әнес ол ақшаны мұр ақыға беріп, кәләм шәрип қылып, біреудің жас қызын алады. Сонымен Әнестің әйелі үшеу болады. Төртеуі бірлесіп, далаға шығып отын шауып, үлкен әйелі арқалап сатып, аз уақыттың ішінде тұрмыстары жақсара бастайды. Кіші әйелі қайратты кісі болады. Отын сатқан ақшасынан ауыстырып, бір ұрғашы лақ сатып алады. Ол ұрғашы лағы буаз болып, егіз лақ туыпты. Оның уызына Әнес Мұхаммед пайғамбарды шақырып, дұғасын алады. Бір күні пайғамбар Әнесті ертіп жолға шығады. Қыс айы күн суықта далаға түнеуге тура келеді, бірақ, жағатын отын болмайды. Пайғамбар ерте тұрып намаз оқуға дәретін алайын деп жатқанда, Әнес құманмен қолына жылы су құяды. Сол уақытта пайғамбар: «Сен бұл жылы суды қайдан алдың?» - дейді. Сонда Әнес: «Түнде жатарда құманға қарды толтырып қойныма алып жатып едім» -деп жауап береді. «Шырағым, жақсы боларсың, тұқымың көп болар және Мәдина халқының  халы нашары сізден ауқаттанар», -дейді. Әнес «Әумин» дейді. Пайғамбардың дұғасынан кейін Әнес тағы 80 жыл өмір сүріп үлкен бай болып, малдары жерге сыймай, Сахараға көшіп мал жайында жүріпті. Бір күні пайғамбар Әзірет Әліні шақырып алып, былай дейді.  «Шырағым, менің жасым 60-тан асып барады, енді қалған өмірім аз болуы керек, сондықтан мен сізге насихат айтайын, соны сіз жақсылап тыңдап балаларыңызға айтып, насихат қылып кетерсіз. Мен бұл дүниеден кеткен соң 33-жылға дейін, осындай жақсы дәуір болады. Әбубәкір, Омар, Оспан және өзің менің артымнан осы 33 жылдың ішінде өмір сүресіздер. Сіз өзіңіздің күш қуатыңызбен жетерсіз, сол 33 жылдан кейін бұл жұрт талан-таражға түсіп 500 жыл өз бетімен кетіп, патшалық құрып бірімен бірі соғысар. Сіз балаларыңызға насихат қылыңыз, адам баласы 7 күнге аштыққа шыдайды, 8 күнге кетсе, менің пайғамбарлығыма нанбассыз. Сол бүліншілікте жұрағатың бөтен сапарға кетпей Мәдина қаласында болсын. Қырғын соғыс болып, ахуалы нашар болса, патшалық мирас деп таласпасын. Патшалық жаманға көшеді 500 жылдан кейін, сенің әулет, нәсіліңнен әулиелер, машайықтар, ғұламалар, патшалар және қайратты батырлар шығып, менің дінімді жариялап, сол заманда бұл екі шаһарда арзаншылық болар, менің дінім ақ болар», -депті. Әзірет Әлі бұл сөзді пайғамбарымыздың тапсыруы бойынша балаларына бірнеше рет өсиет қылып айтып береді. Пайғамбарымыздың бұл өсиеті шын болып, 33 жылдан кейін бұл жұрт патшалық құрып, бірімен бірі соғысады. Сол соғыстың аяғында арабтар Ажамға, одан Кербұланың шөліне қашып, қорлар зор болып, зорлар қор болып 500 жылға дейін халық шайқалады. Әнестің тұқымы Басырадан Шамға, сосын Бағдатқа, Үндістанға келіп, одан екі айырылып, бір сыпырасы батыс пен Астрханға, енді бір тайпасы Ауғанстанның бергі жағымен Әмудариядан өтіп, Алатаудың сыртқы жағына енеді. Астрханға барғандары Еділ, Жайық, Орал жағалап,  Орал тауымен Ертіс өзені арқылы кейбіреуі Ташкентке, бір тайпасы Әмудариямен Сырдарияға орналасады. Осы тұқымның бірі мына біздер қазақтар екенбіз.

Сонымен Назардан Мәлік, Мәліктен Әнес, Әнестен Жабал, Жабалдан Мағаз, Мағаздан Сухайыл, Сухайылдан Естек, Ноғай, Қырым, Ақшолпан, Қараой 5 бала. Ақшолпаннан Жайылхан, Сейілхан туады. Жайылханнан Майқы, Мүйтен. Майқыдан Өзбек, Жаһан. Жаһаннан Айырқалпақ, Келмек. Келмектен Қарақырғыз, Сарықырғыз. Айырқалпақтан Қазақ, Созақ. Созақтан Толағай, Сүйір. Бұлардан Қарақалпақ шығып, Қазақтан Наурыз, Алаш. Алаштан Ақарыс, Жанарыс, Бекарысты тарқатыпты»-дейді Ерімбет шежіресін тарқатушы Қызылбай ақсақал. 2000 жылы шыққан  «Қазақстан әйелдері» журналының №2-ші санында оны екі ата Байұлы шежіресін, зерттеуші Мақсұт Неталиев жазған шежіресінде Адам Ата мен Хауанадан бастапты. Адам атадан Қабыл, Абыл, Шыш. Шыштан Әнес. Әнестен Қайнан. Қайнаннан Мұғайыл, Юрат. Юраттан Ідіріс, Манушайхы. Манушайхыдан Мәлік. Мәліктен Әнес. Әнестен Балшүгір. Балшүгірден Нұх пайғамбар (Нұх пайғамбар заманында әлемде 80 ғана пенде болыпты) Нұх пайғамбардан Хам, Сам, Яфас, Энос (тұқым жоқ). Хамнан Һүнді, Самнан, Араб, Парсы, Рузым.  Арабтан Ғадипан, Ғадипаннан Мұнад, Назар, Мұғыр. Назардан Мәлік, Хали (Құрайыш), Халидан Ғалиф, Ғалифтан Лауай, Қағаб, Мұғырда. Мұғырдадан Клаббен,Тай. Тайдан Қосай, Лике. Қосайдан Ғабдулманап,Ғабдулманаптан Ғабдол, Кашим. Ғабдолдан Ғали, Жанап. Кашимнен Ғабдулмуталлиф. Ғабдулмуталлифтен Ғабуталип, Ғабдолла. Ғабуталиптен Ғали (Шері). Ғали Шеріден Хасан, Хусейн, Мұхамедханафия. Ғабдолладан Мұхаммед (пайғамбар). Енді Ликеден Тағиб, Қызыр, Ях, Ғұмар, Ғұсман, Әбубәкір, Садық. Қызырдан Шурам. Шурамнан Зам. Замнан Зем. Земнен Назар. Назардан Мәлік (әйелінің аты Салиха), Мәліктен Әнес (сахаба). Әнес сахабадан Тібірәни, Тәбризи, Укубани, Жабал. Жабалдан бүкіл мұсылман уәллаяты тараған дейді. Жабалдан Мағаз.Мағаздан Сайыл. Сайылдың үлкен әйелінен Естек, Ноғай, ал, екінші әйелінен Ақшолпан, Қурай деген екі бала. Ақшолпаннан Жайылхан. Жайылханнан Майқы, Мүйтен. Майқыдан Өзбек, Жаһан. Жаһаннан Айырқалпақ, Келмек.Келмектен Қарақырғыз, Сарықырғыз. Айырқалпақтан Қазақ, Созақ. Созақтан Толағай, Сүйір. Бұлардан Қарақалпақ шыққан. Қазақтан Алаш, Наурыз (тұқым жоқ). Алаштан  Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз). Бекарыстан Алау батыр,Арғымақ.            Арғымақтан Телеу, Рамадан. Алау батырдан Алшын хан,Қатыс, Құлу.Қатыстан Жағалбайлы. Құлудан Керейіт.Керейіттен Дулат. Дулаттан Тәңірберген. Тәңірбергеннен Бидос,Жандос. Бидостан Жаңғабыл, Жәдік. Жандостан Әйдім, Жартай.Алшыннан Құдуар тентек, Сәдір,Нәдір. Сәдірден Тама, Табын.Нәдірден Кердері. Құдуар тентектен Қыдырқожа (Байұлы,бұдан он екі ата Байұлы тарайды), Қадырқожа(Қаракесек). Қадырқожадан Байсары,Әлім, Шөмен тарайды»- деп жазыпты.

Ал, 1876 жылдары Құнанбай, Мырқы, Досжан халфелер Меккеден әкелген шежіреде Ансариден Мәлік. Мәліктен Анас. Анастан Жабал, Жабалдан Мағаз.Мағаздан Қурай, Ақшолпан,Сухайл. Қурайдан Аламан, Шеркеш, Жанап,Шешен,Үңгіш. Аламаннан Сейілхан, одан сегіз жүйе түркмен тараған. Сухайлдың бәйбішесінен Атар, Татар, екінші әйелінен Қырым. Атардан Естек, Башқұрт. Татардан Ноғай. Ақшолпаннан Жайылхан. Жайылханның бәйбішесінен Майқы би, Мүйтен,тоқалынан Әлеуке, Шақшақ, Іле, Шалақ. Майқы биен Түмен. Түменнен Өзбек, Жаһан. Жаһаннан Келмек, Айырқалпақ. Келмектен Қырғыз. Қырғыздан Қарақырғыз, Сарықырғыз. Айырқалпақтан  Қазақ, Созақ. Созақтан Толағай, Сүйір. Бұлардан Қарақалпақ шыққан. Қазақтан Наурыз, Алаш (Ташкент дариясы жағасында дүние келген) Алаштан Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Ақарыстан Албан, Суан, Дулат. Жанарыстан Ақтамыр, Смайыл, Қасымқожа, Момынқожа, Қарақожа, Дарақожа. Момынқожадан Ақжол, Алатау. Ақжолдан Арғын. Алатаудан Қоңырат. Ақтамырдан Ойбас, одан Қыпшақ, Қасым. Қожадан Жаубас. Жаубастан Керей, Уақ. Дарақожадан Қаптағай, одан Найман. Бекарыстан Мөңке би. Мөңкеден Арғымақ, Алау батыр. Арғымақтан Нәдірқожа, Керейт, Қарақас. Фамадан Телеу. Нәдірқожадан Тама, Табын кердеді. Алау батырдан Құдуар тентек. Құдуар тентектен Алшын. Алшыннан Сәдір (Қыдырқожа) Қыдырқожа. Қыдырқожадан 12 ата Байұлы тараған. Қыдырқожадан Каракесек туып, Қаракесектен Байсары, Әлім Шөменді таратыпты. Ал қазіргі тарихшылар қазақтың шығу тегіне байланысты, бір тоқтамға келмеседе зерттеп, салыстырып, есептей келе Адам ата мен Хауа ананың тоғызыншы буыны Нұхи пайғамбардан Хам, Сам, Яфас туса, Яфастан Иран, Туран туып, Тұраннан түрік тайпасы, түрік тайпасынан Сақ, Массагет, Сармат тайпаларын шығарған. Сақ   тайпаларының көп жылғы араласу қосылу нәтижесінен кейін алты Алаш тайпалары пайда болған дейді. Олар:

  1. Үйсін
  2. Қаңлы
  3. Оғыз (Найман, Керей, Уақ)
  4. Қыпшақ
  5. Арғын (Қарлықтан шыққан тайпа)
  6. Алшын (Қарақырғыздан шыққан тайпа)

Шежіренің Қарасақал Ерімбет жазған нұсқасында Мұхаммед пайғамбардың Әли шеріге айтқан өсиеті дін таратушы қожа молдалардың беріде жазған шатпағы. Осы кезге дейін осындай қолдан құрастырған аңыз шежіреге қараңғы халық сенген. Себебі аңызды жазған кісі Мұхаммед пайғамбардың атынан сөйлеген. Пайғамбарымыздың өтірік айтпайтыны белгілі. Пайғамбарымыз Мұхамбет ғ.с. айтты дейтін өсиеттің ішінде Әнес Сахабаның тұқымы Басырадан Шамға, сосын Бағдатқа, Үндістанға келіп одан екі айырылып, бір сыпырасы Батыспен Астрханға, енді бір тайпасы Ауғанстанның бергі жағымен, Амудариядан өтіп, Алатаудың сыртқы жағына енеді. Астрахан барғандары Еділ, Жайық, Орал жағалап Орал тауымен Ертіс өзені арқылы кейбіреуі Ташкентке, бір тайпасы Амудариямен Сырдарияға орналасады»- дейді.

 

- Сонда қазіргі түркі халықтары қоныстанған Еуразия жерінде Әнес сахабаның ұрпағынан бұрын ешкімнің болмағаны ма?

- Неге? Болған ғой. Жоғарыда берілген үш нұсқаның үшеуіде діндарлардың ойдан шығарып жазған шежіресі. Қалай болмасын, ислам дінін қабылдаған халықтардың арғы тегін арабтардан өрбітуді мақсат еткен. Осы күнгі "Қазақ шежіресі" деп қолданылып жүрген шежіренің Яхуди арабтардан бастау алып, Әнес Сахабадан  бері таратылуы түптің түбінде жалған екендігі көрініп тұр. Себебі, біздер түркі халықтары  арабтармен он қайнағанда сорпамыз қосылмайды. Арабтар мен түркілердің екеуінің екі нәсілден тарағаны рухани тірлігі діні, тілі мүлдем екі басқа елдер екендігі аян. Тарихта араб халифаты VII ғасырда қазіргі Еуразияны мекендеген түркі тайпаларын, өзіне бағындырып ислам дінін қабылдату үшін, талай кескілескен соғыстар болғаны, дінге бағынғысы келмеген түркі нәсілділерді  "кәпір",  "дінсіз" деп айыптап , біздің бабаларымызды тірілей отқа жаққан. Тарихта үш жүз жыл бойы, қанды қырғындар мен сұрапыл соғыстар болған. Ақыры ер жүрек түркі тайпалары ислам дінін қабылдауға мәжбүр болған. Қазіргі арамызда жүрген "қожамыз",  "арабпыз",  "ақсүйекпіз" Мұхамбет пайғамбардың әулиетіненбіз деп  айтатын қожалардың арғы аталары, яғни діни миссионерлер, уағыздау арқылы ислам дінін қабылдатқан.

 

- Ал көшпелі қазақтарға ислам діні қалай келген? Әлде қазақтарда арабтармен соғысқан ба?

- VII ғасырда қазақ деген ұлт болмаған. Қазіргі қазақ халқын ұйыстырғын ұлы тайпалар болған. Үйсін, Қаңлы, Адай, Беріш, Найман, Жалайыр т.б. ру тайпалардың кезі. Араб халифатының әскери жорықтары отырықшы елдерге қатты ауыр тиген. Арабтардың Орта Азия халықтарын ислам дініне енгізуі екі ғасырға созылған. Қазақстан жерінің мұсылман дініне ену үрдісі көп уақыт алған. Арабтар үстемдігі халифат құрамына енген. Оңтүстік Қазақстан жерімен Жетісудың жекелеген аймақтарында ғана орнаған. Көшпелі тайпалар, әсіресе кейін қазақ жұртын құрғандар, соғыс даласында жеңілгенімен, өздерін төл діни нанымдарын тәңірге сенімін, күнге, отқа табынуды, өздерінің ғұрып салттарын сақтап ислам рәсімдерімен қатар қолданды. Көшпелі адайлар өздерін мұсылманбыз деп сезінгенімен,  тек XVIII ғасырда жерасты мешіттерін ашып, исламның қағидаларын оқып үйренген. Ауыл молдасынан сауат ашқан жеткіншектер Бұхараға, Ыстамбулға барып оқыған. Адайда алғаш жер асты медресе ашып бала оқытқан -Бекет ата Мырзағұлұлы. Адайларға көршілес қарақалпақ моллалардың сауат ашуға көп қолғабыс тигізген. Әнетұлы Қырымқұл (Адай Бәйімбет руынан) деген кісі Қоңырат Хожеліге базар шығып, өзімен бірге адай жеріне бір қарақалпақ молланы ертіп келген. Қырымқұл ауылының балаларын оқытқан, сауаттарын ашып ел арасына Қырымқұлдың молла ұстағаны халықтың оқуға деген ынтасы артып бүкіл адай елі құлақтанған. Адайда бұдан бұрында татар молда ұстап балалар оқытқан рулар болған. Жары Тастемірде Уәли, Есеннің ішінде Сейтімбетте Сары молда дегендер болған. Ал қарақалпақтар татарларға қарағанда елі жақын, әрі әдет ғұрпы, тілі қазақтарға өте жақын ел. Алыстан татардан молла алдырғаннан  гөрі, қарақалпақ молла ұстау тиімді болған. Қырымқұл алып келген молла келесі жылы тағы екі молла ертіп келген.Сөйтіп бас аяғы төрт бес жылдың ішінде Бәйімбет ауылында жиырмаға жуық молда болған. Әнетұлы Қырымқұл -Адайдың Бәйімбет руынан, Әнеттің алты баласынаң бірі. Қырымқұл, Қыдырша, Бабақұл, Мая, Төлеп, Қоштай. Қырымқұлдың ең үлкені Қалбы би. Қалбыдан Ғафур би. Ғафурдан Қожа, Қисықбас айтқыш, тақ-тақтар өткен. Қожадан Әбді ахун мешіт ұстап бала оқытқан. Әбді ахуннан Қайролла жырау. Қайролла жырау кешегі төңкеріс кезінде ахун «молданың ұлы»- деп қудаланып қоныс аударып, Түркментстанның Ашхабад қаласында тұрды. Сол жақта қайтыс болды. Қырымқұл -адайда алғашқылардың бірі болып молда ұстаған ағартушылардың бірі. Қырымқұл ұрпағынан ақылды адамдар, там салатын сәулетшілер көп шықты. "Қырымқұлда қырық би бар, ең төмені тоқтылы қойға төрелік береді" деген. Әңгіме адай ішінде бүгінге дейін айтылады. Ел ішінде Қырымқұлдың балаларына айтқан өсиеті бар, Қырымқұл балаларын шақырып алып: "Балаларым қандай кедей жарлы болсаңдар да, біреудің малын бақпаңдар, біреудің малын бақсаңдар, есіктен төрге қарап отырасыңдар, қолыңыздан келсе молла болып, бала оқытыңдар, шеберлік жасаңдар, басқалармен терезесі тең, төрден орын береді, төрден есікке қарап отырасыңдар " - деген екен.

Ауылында молда ұстап балаларын оқытқан байлардың "шайтан емеспіз, ажал келген күні барлығымыздың баратын жеріміз белгілі ғой, молда болғанымен ертең өлгенде артымыздан  құранын оқып, Әл-хамду құлһуалласын айттып, мұсылман жолымен ақ жуып көмеді ғой деген үміт. Адай байлары молланың еңбекақысына берген малды, өзіме бұйырған мал» деп есептеген.

Осындай ойда жүрген бір байдың ауылына, көктен тілегенін жерден беріп, бір қарақалпақтың келе қалғаны. Жөн сұрасқаннан кейін бай, мініп жүрген есегінен түсіріп қонақ қылады. Қарақалпақта асығар емес, жол соқты болып әбден шаршаған. Бір екі күн тынығып демін алады. Байдың қарақалпаққа деген ықыласы алабөтен.

Бай қонағына қонағасысын беріп, қонақты зеріктірмей әңгімелесіп отырсын деген ниетпен ауылдың осы қалай деген ақсақал, қарасақалдарын шақырып қырқ жылдан бері көрмеген тумасын тапқандай асты үстіне түсіп қызмет көрсетеді. Қарақалпақта аузына берік көп сөйлей бермейтін сұрамаса жауапқа сараң кісі екен. (Бай іштей оқыған білімді адамды қойсайшы, анау мынауды айтып" біздің елдің кісілеріндей жапырып көп сөйлей бермейді" деп түйеді.) Әбден демалып, тойынған қонақ енді еліне кететінін айтып, рұқсат сұрайды. Бай қонағын жібере алмайтынын, кетуге рұқсат бермейді. Байдың ойынша Қарақалпақтың бәрі молда, мына үй арасында жүгіріп жүрген жүгірмектерді хат танытып, оқытып алу. Қайдан білсін, қонағының бес уақыт намаздан ары асалмайтын білімі жоқ, шаруа момын кісі екенін. Сонымен қонағы елінен шыққалы біраз уақыт өткенін, байдың ықылас ниетіне, қонақ жайлылығына оң қолын омырауына басып тұрып, еңкейіп еліне жіберуін сұрайды. -Молдеке- дейді бай. -Мына қарадомалақтарды көріп тұрсың ғой, осыларды оқытасың, еңбекақыңды молынан төлейміз, әзір үйде жата бер!»- дегенді айтады. Ең  соңында шыдамы таусылған Қарақалпақ: «-Байеке мен молда емеспін, бала оқытуға сауатым жетпейді»- дейді. -Сонда қалай?- дейді бай.  -Өзің қарақалпақ боласың да, молда болмайсың?!»- деп әлгі қарақалпақты қамшының астына алған ғой. Ойбайлаған қарақалпақтың даусына жақын маңдағы елдің бар адамы жиналып, зорға дегенде арашалап алған дейді. Адай арасында «өзің қарақалпақ боласың да,молда болмайсың?!»- деген сөз содан қалған.

 

- Кіші жүз қазақтарының ішінен басқа орта жүз, ұлы жүз руларының  шежірелері Адай руын алабөтен ерекше атайды.Кейбіреулер Адайды  «Байұлының қыздан некесіз туған асыранды ұлы»- дейді. Осындай әңгімелерді естіп жүре береміз бе, әлде сіздің айтар дәлеліңіз барма?

- Әрине, бар. Қазіргі біз айтып жүрген шежіреде Байұлының ең бір ірі тармағы Адай. Адайлар жөнінде алыпқашпа жөнді жөнсіз әңгімелердің бар екені рас. Әзір оны жоққа шығара алмаймыз. Мен өзім, Қазақстан аймағын 2-3 рет айналып шықтым десем өтірік айтпаған шығармын деп ойлаймын. Алланың берген өнерінің арақасында, талай жақсы- жайсандармен табақтас дәмдес болдым. Бірде Жамбыл қаласының  "Красная звезда"  деген ауылында болдым. Түркмен жерінен 1958-60жылдары көшіп келіп, қоныстанған адайлар көп екен. Құдай жолы садақада отырмыз. Жөн сұрасқаннан кейін қонақтардың арасында Кіші жүз Тама дейтін елдің, жасы жетпістен асып сексенді қаусарып қалған,  үлкен кісісімен табақтас болдым. Мен өзімді таныстырдым. Танысқаннан кейін «- аруағыңнан айналайын, адай елі»- деді. «Біз осы Жамбылға Созақ жағынан келген Тамалармыз. Осы араны қоныстанғанымызға  жүз жылдан асып кетті. Мен осы жердің тумасымын. Осы қалаға жақын маңдағы ауылданбыз. Сол ауылда 400-500 үй Тама бармыз. Арамызға көшіп келген 3-4 үй адай ағайындарымыз да бар. Осы жердің жергілікті тұрғындары, біздің ауылды "Таманың ауылы"  деудің орнына, "Адай ауылы» - дейді, деп күлді. Алматы, Жамбылдың елі «Кіші жүз болсаң адай екенсің ғой»- деп айтқанының өзім де куәсі болдым.

Біздердің қазірге дейін айтып жүрген Он екі ата Байұлының құрамындағы Адай, Таз, Беріш, Есентемір, Ысық, Шеркеш, Алаша, Байбақты, Қызылқұрт, Масқар, Тана, Жаппас-Алтын руларыныңың шығу тарихын бергі бес жүз жылдықтан қарамау керек. Мың жылдықтан әрі қараған жөн. Бұлар арыдан келе жатқан тайпалар. Ескі үнді қытай жазбаларын зерттеп қараған кісі осы жоғарыда айтылған тайпалардың аттарын кездестіреді. Тек зерттеуді керек етеді. Руларда топтастыруды, жүзге бөлуді Әз Тәуке хан тұсында(XVII)  іске асырылған шаруа екенін айтып кеттік. Кісі аттарына (әрине ойдан шығарылған)    "қожа" деген жалғамаларды қосып жазу берідегі (1876) Табын Досжан хазрет, Жаппас Мырқы молла, Тобықты Құнанбай тұсында хатқа түсірілген шежіренің жалғасы. Жоғарыда айтқанымыздай, Әл -Фарабимен тұстас Мұхаммед Адайи деген ғалымның өмір сүрген Қазақстанның бас мүфтісі Дәрбіс-Әлінің құлпы тасын көргендігін айттық. Бүкіл түркі халықтарының оның ішінде қазақ деген елдің атын  шығарғанБеріш тайпасынан шыққан Бейбарыс сұлтанды қайда қоямыз? Бұған да 8-9 жүз жыл болды ғой. Кіші жүз шежірелерінің Бекарыстан таратып айтқан бірнеше нұсқасы бар. Адайлар ішінде Еңсеп Тәттімбетов, Ыстыбай тақ-тақ Өсерұлы айтқан дейтін шежірелер бұлардың барлығы Мақаш правителден деп жазып алынған -дейді,  заманымыздың ұлы шежірелерінің бірі  Алшын Меңдалыұлы. Осы нұсқаның Бекарыстан таратылған  нұсқасына тоқталсақ, Бекарыстан Алау батыр, Алау батырдан Алшын, Алшыннан Нәдірқожа, Қыдырқожа, Сәдірқожа. Нәдірқожадан Қаракесек, одан Әлім,  Шөмекей. Әлімнен Аманақ, Жаманақ, Қарамашақ, Айнық тоқалынан Түмен. Түменнен Байсары, Кішкене. Байсарыдан Кете. Бұл алты аталы Әлім. Шөмекейден Асбан, Тоқа, Көнек, Бозғыл. Сәдірқожадан Арғымақ. Арғымақтан Тілеу, Рамазан (Рамадан Тілеудің құлы) Табын, Тама, Кердеді, Керейіт, Жағалбайлы. Бұл жетеуін жеті ру деп атайды. Қыдырқожадан Сұлтансиық, Қыдырсиық, Бақтысиық. Сұлтансиықтан Байбақты, Алаша, Масқар, Тана, Қызылқұрт. Қыдырсиықтан Жаппас, Беріш, Таз, Есентемір.  Бақтысиықтан Ысық, Шеркеш. Адай қыздың баласы Байұлы Адаймен 13 ата дейтінде сөз бар»- деп жазады Алшын шежіреші. Кіші жүз Әлімұлының Тілеуқабылұлы Төлепберген жазған шежіреде кіші жүз Бекарыс одан Алау, Арғымақ екі бала, Алаудан Алшын. Алшыннан Қыдуар тентек, Қыдуар тентектен Қыдырқожа (Байұлы), Қадырқожа (Қаракесек) Қыдырқожадан 1. Адай, 2. Алтын-Жаппас, 3. Алаша, 4. Байбақты, 5. Беріш, 6. Қызылқұрт, 7. Таз, 8. Есентемір, 9. Ысық, 10.Шеркеш, 11. Тана. Қадырқожадан Байсары, Әлім, Шөмен. Байсары Кетебике шешемізден 1.Майлыбай (тұқым жоқ), 2.Бозаншар (Қаракете). Әлімнен 1.Жаманак (Шекті), 2. Қарамашақ (төртқара), 3. Айнық (Қарасақал), 4. Тегінболат (Қарасақал), 5. Ұланақ (Қаракесек), 6. Тойқожа (Ақкете немесе Әлім Кете Кетебике шешемізден). Шөменнен: 1. Шөмекей, 2. Дөйт (тұқым жоқ), 3. Түмен қожа (Шөмен кете Кетебике шешемізден). Шөмекейден: 1. Тоқа, 2.Көнек, 3.Аспан, 4. Боғзыл (төрт Шөмен).

Арғымақтан 1. Телеу, 2. Рамадан, 3. Табын, 4. Тама, 5. Кердері, 6. Керейт, 7. Жағалбайлы (жеті ру).

Он екі ата  Байұлының Адай тайпасына келейік. Адайдан Келінберді, Құдайке. (Адай баласының атын Құдай қойыпты-мыс, ұят болар деп кейін Құдайке атаған) дейді.  Келінбердіден алты бала. 1. Құнанорыс, 2. Ақпан, 3. Бұзау (Омар), 4. Балықшы (Шыбынтай), 5.Тобыш, 6.Мұңал.  Құдайкеден екі бала. 1.Тәзіке, 2. Қосай.

Көріп отырсыз ру аттарына  "сиық", "қожа" деген жалғама тіркеліп жазылған. "Сиық" емес  "Сытдық" болуы керек шығар. Араб тілінде  "сиық" сөзі жоқ, ал  "сытдық"  сөзі араб тілінен аударғанда "шыншыл" деген мағынаны белдіреді. Ал  "қожа" сөзі бір нәрсенің  "иесі" деген мағынаны білдіреді. "Қожа" сөзі сол атауымен қалғанымен,  "сытдық" сөзі өзгеріске түсіп, қазақтың сөйлеу орамына қарай "сиық" болып өзгертіліп жалғанған. Бұл он екі ата Байұлына, алты ата Әлімге, жеті ата жеті руға бөліп жазылуы 1876 жылы жазылған шежіренің жалғасы. Жоғарыда жазылған Бекарыс, Алау батыр, Арғымақ, Нәдірқожа, Сәдірқожа, Қыдырқожа, Сұлтансиық, Бақтысиық, Қыдырсиық деген атаулар кейіннен ойдан шығарылған жалған аттар, яғни есімдер. Руларды жазуға, қазақтарға көп қолғабыс тигізген арамызда жүрген өздерінің арғы тегін арабтармыз, Мұхаммед пайғамбардың әулетіненбіз дейтін қожалар. Қожадан Қожа туады. Мысалы Қыдырқожадан тараған ұрпақ делік. Қыдырқожадан 12 бала. Сонда Адайқожа, Берішқожа, Есентемірқожа, Тазқожа т. т. олардан өнген ұрпақтар да қожа деген жалғаманы тіркеп алуы мүмкін ғой. Жоғарыда аталған рулардың  "қожа" сөзіне жалғауына құқы бар. Себебі арғы тегіміз (шежіреге сенсек) Әнес Сахаба Мұхаммед пайғамбардың тікелей өзінен батасын алған, бұл да қожалардан кем түспейтін осал кісі емес. Өздерін  "Ақ сүйекпіз",  "Мұхамбает пайғамбардың әулетіненбіз" дейтін қожалардың қазақ ұлтын өз ара  "қарахалыққа"  теңейтіні жасырын емес. Қожалардан қазақты қорғаған мынадай батыр шығыпты, дегенді, осы өмірімде естімеген екенмін. Ал Шапыраштыға барған Есқожадан  батырлар шыққан. Жарықтық Алатауға барып, әрбір тасын қозғап қалсаң қолында найзасы, астында аты бар бір батыр атып шығады. Жоғарыда жазылған шежіренің ішінде рудың аттарымен  Алшын деген аттың шын екені рас. Қыдырқожаның жалған ат екенін атап өттік. Онда оның қызы Ханбибі де жалған ғой. Ханбибі болмағасын Елтайдың (Адайдың әкесі) кімге керегі бар?! Осы жерде Адайдың әкесі де шешесі де жоқ. Өзін дара шығарып алдық. Адайлардың өздері ойдан шығарған, Адайдың әкесін іздеген аңызға құлақ салайық. Қыдырқожаның қызы Ханбибі,  құда түсіп қалың малын өткізіп қойған Орта жүз Арғынның батыры Елтайдың жесірі. Ханбибі шешемізді әне ұзатамыз, міне ұзатамыз деп жүргенде Елтай батырдың елін жау шауып, батырдың қазасы жетіп, сол жаугершілікте өлген. Ол кезде күйеу ұрын келіп қалыңдығымен ойнап күліп жататын заман. О заманда мұндайды ерсі көрмеген. Анамыз Ханбибі Елтай батырдан екі қабат болып, Қыдырқожа байдың үйінің оң жағында босанып ұл табады. Қыдырқожа байдың тоқалы Ұлжан анамызда (Ұлжанның өңі қара болғасын атын қара моншақ деп атаған)  Қаратазда дүниеге әкелген. Ханбибі анамыз жаңа туған нәрестесін, жабыға орап, Қыдырқожа байдың дәретке шығатын жағына, бір бұтақтың түбіне қойып кеткен дейді.  Қыдырқожа бай таң намазын оқитын болып, дәрет алып жүргенде, қойдың жабағына оралған жас сәбиді тауып алады. Жаңа босанған Қарамоншақ анамызға әкеліп берген. Қаратаз жылауық, басына жара шығып, басы көпшікке жабысып қалатын болған. (Аңызды айтушылар тазды жылауық қылып көрсетеді). Қыдырқожа бай азан шақырып, нәрестеге Адай деп ат қойған. Адай тынымды, тоқтығын тартып, күн санап өсе берген. Ханбибі анамыз да баласын жасырын келіп емізіп тұрған. Қос ананы тел емген Адай,  Тазбен  емшектес болған.  "Адай мен Таз емшектес, Адай мен Таздың ары бір".   "Құс жақсысы аққу қаз, ел жақсысы Адай Таз" деген сөздер содан қалса керек, дейді үлкендер.  Сонымен Ханбибі анамыздың тағдыры не болды. Елтайдың елінен іздеушілер келер деген үмітпен, ай күтеді, жыл күтеді. Жесірін іздеп алар ешкім де келмеген. Қыдырқожаның қырыққа келгенше бойдақ үйленбеген өзі жарлы Есентемір деген жылқышысы болған. Бірде Қыдырқожа байдың жылқысы боранда ығып, Есентемір сол көп жылқымен бірге ол да кеткен. Іздегенмен табылмаған. Қыдырқожа жылқыдан да жылқышысы Есентемірден де күдерін үзген. Жаз шығып, күн жылынғанда Есентемір жылқыны айдап дін аман ауылға оралған. Есентемірдің еңбегіне риза болған бай  "берген қалың малың қыстан аман алып шыққан жылқың болсын" деп қызы Ханбибіні Есентемірге қосқан. (Кейбір нұсқаларда Ханбибі , Елтайдың өлгенін естіп, жүрегі жарылып өледі). Енді ойлап қарасақ шындыққа бергісіз оқиға (өңгіме). Бұл әңгіме ғасырлар бойы "Әкесіз Адай" некесіз туған деген аттан құтылу үшін тығырыққа тірелгенде, Адайлардың ойдан шығарған әңгімелері. Осы күнге дейін, ойдан шығарылған әңгімені малданып, қанша шалдарымыз дүниеден озды десейші. Бұл әңгімені бала күнімде естіген едім.

Жоқ қараған Есентемір руының бір жігіті Адайлардың ауылына келген дейді. Адай мен нағашылы жиендігі бар әлгі Есентемір әй шәй жоқ  "Адайлар әкелеріңді таптыңдырма?" деп қойып қалған ғой. "Әкелеріңді таппасаңдар сол іздеген әкелерің мен боламын" демесі барма:  "Басқа бәле тілден келеді деген"  адайлар әлгі әумесер Есентемірді өлмеші қылып сабаған. "Баяғыдан бері қайда жүрсің? Басқа елдің бізге көрсетпегені жоқ, некесіз тудың деп" қамшының астына алған, ал сабасын келіп, тұла бойын көкала қойдай қылған.   "Ойбай нағашыларым, жаздым, жаңылдым кінә өзімнен" деп астындағы мініп жүрген атын айыбына төлеп, әрең құтылған»- дейді үлкендер.

Таз (Жастабан) Қашқынбай ақын Қаразымнан (Хорезм) азып, тозып үстінде өзбектің сырма қара шапаны, оның да мақтасы тысына шыққан түте-түте, аяғына тозығы жеткен шоқайы бар, өзіаш, ұсқынсыз өңі күнге күйіп қара қошқыл тартқан Қашқынбай Адайлардың ауылына келген.

-О Қашеке, азып тозып қайдан келесің?- деп Адайлар әлгі сорлыға аяушылық танытып жатса,  "Адайдың әкесін таба алмай шаршап шалдығып жеткен жерім осы болды" депті. Сонда Адайлар Қашқынбай  айтқан сөзге шамданып, іздетіп атақты Қашаған ақынды алдыртып, екеуін айтыстырған. Адайдың әкесін тауып берген Қашаған ақынның Мариядан туған Иса пайғамбарды мысалға алып "Адайды Нұрдан болды, бұдан болды»- деп сөз тапқанға қолқа жоқ" демекші айтыс Қашаған ақынның жеңісімен аяқталған. Қашаған ақынның: «Мен қайыртпай кеткен ақынмын, Таз Қашқынбай, Тама Ізімге»- дейтіні сондықтан.

Адайдың ұлы тайпаларының бірі Тобышта Қараш дейтін ру бар. Қараш руынан көптеген талантты кісілер шыққан. Домбырашы, әнші-жыршы, там салатын шебер- ұста, сәулетшілер, оқыған молла ахундар, алқаға түсіп күресіп жауырыны жерге тимеген балуандар, жауға шапқан батырлар. Сөйлесе екі жақты бір тілдіге дес бермеген билер де шыққан.  Соның бірі XIX ғасырдың аяқ жағында өмір сүрген Батанияз би. Адай елінің бимен мырзалары бас қосқан бір жиынның ішінде  Есен Ермембет би, Кенже Қабақ би, Абыз Тілеген би, Жары Мәтжан би, Шоңай Қожық би, Жаманқара Иса би т.т. бар. Берісі Қараштың арысы Тобыштың Адайға тигізген қайыры мен зайырын айтып, сол жиында Батания би ешкімге дес бермей сөйлеген. Сөздің арысында Кенже Қабақ деген би:  "-Опыр-ой, Тобыштың есігінен, не несібесінен асыраған бұралқысы сақ болады" дегенді айтқан. Ондағы ойы Қараш руының Тобышқа кірме екенін Батаниязға бетіне салық қылуы. Сонда Батанияз: «-Адай байұлы емес, жеті ру қазақ емес, сонда Қараштың кім болғаны, неге керек?»- деген екен. Ақсақал билер ара түсіп «сөзді доғарыңдар, арыға бармаңдар!» деп қойдырған дейді.

 

-          Сіздің бұл әңгімені неге айтып отырғаныңызды түсіндім. Сондағы ойыңыз, Адай тайпасының Қыдырқожадан (Байұлынан) тумағандығын, Адай билерінің өздерінің  мойындағанын көрсеткіңіз келген болар. Қазіргі осы қолымыздағы шежіреге сенсек, Байұлынан Адайдан басқа 11 бала, осылардан ала бөле Адайды неге  шеттетеді, сыртынан әр түрлі әңгімелерді ойдан шығарып, айтқан шындығын да өсектейді. Осылар жөнінде айтсаңыз?

-          Сырым би Датұлының баласы Қазы би айтты дейтін ел арасына тарап кеткен бір әңгіме бар. Ол былай өрнектеледі:

«Екі Шеркеш кездессе, айтқан билігі мен ағалығын айтады,

Екі Таз кездессе, ұтқан саудасы мен киген тонының жағалағын айтады,

Екі Беріш кездессе, айтысып жеңген дауы мен көрген жауын айтады,

Екі Ысық кездессе, жеген таяғы мен  жасаған ұрлығын айтады,

Екі Есентемір кездессе, жарлығы мен көрген қорлығын айтады,

Екі Адай кездессе, көрсеткен ерлігімен жасаған зорлығын айтады,

Екі Жаппас кездессе, отырған жері мен қонысын айтады.

Қалған Байұлы онысы мен мұнысын айтпаса, басқа несін айтады?»- деген екен жарықтық.

Қазы би өзінше баға берген жоғарыда аталған рулардың осы күнге дейін жоғарыда айтылған күйінде қалды деп айта алмаймын.  Мүмкін Қазы би бір кезеңде, яғни бір белгілі уақытқа тұспалдап айтқан болар. Өзің білесің заман өзгеріп тұрады. «Жаппастың көшкен жұртына, Ожырай келіп қонады» деген сөз бар. Осы екі ел де заманында қонысқа жарымаған елдер. Қазір өзің көріп жүрсің, осы елден ортан қолдай жігіттер билік басында жүр. Бір кезде тасы өрге домалаған, Адайлардың, қазірде тарыдай шашырап, әр жерде, кім жем шашса соның, тауығына айналып жүргенін сен көрмесең де, өмірімнің тең жартысын ел қыдыруымен өткізген мен көрдім. Бір мезгілдерде Адайлар зорлыққа бейімделген болуы мүмкін. Ол бір кезең өтті кетті. Адайлардың үй басының өсуі жағынан, қалған 11 ата Байұлының баласына пара- пар келеді. Кешегі Қызылдар қырғынының  алдында Адай тайпасы  38 болыс болған.Әр болыста 2000-2500 үй. Әр үйде бес адамнан есептегенде төрт жүз мыңдай адам. Біздің өзіміз  Айшуақ баласынан тараған бес үйден (бұл 1930 жылдары) қазірде XXI ғасырға сексен үй болып жеттік. Алла көпсінбесін.

Әбілқайыр хан өлгеннен кейін, адай елінің іргесі ашық қалды. Ханы жоқ ел, енді сыртқы жауларынан қорғанудың тәсілін іздестіре бастады. Ұсақ рулардың өзі жігіттерімен дәулетіне, қару мен өмір сүре алмайтындықтарына көздері жетті. Елдің көшіп қонатын қоныстарына ұран отын жағатын төбелер мен үйшіктер тұрғызылды. Ақсақалдарымыз өзара рулар арасындағы дүрдараздықты тоқтатып, ру көсемдері бәріне бірдей көзқараста болып, ескеріп, елеп,  жоғын жоқтап, сенікі менікі демей, ынтымақ пен жарастықты орнықтырды. Ел арасынан Атақозы батыр Айтқұлұлы, Сүйінқара батыр Үргенішбайұлы, Қонай батыр Кенжеұлы, Айбас батыр Арыстанбайұлы, Балықшы Қармыс Бекболатұлы, Құнанорыс Лабақ батыр Жиенқұлұлы т.т. шығып ақылдаса келе, ортадан әскер шығара алатындай қоғамдасу жүйесін құрды. Бұл іс ұйымшылдықпен атқарылды. Хиуа басқыншыларына  қарсы күресте бұл қауымдасып күресу өз жемісін берді де, Адайлар 150 жыл бойы ешқашан хандыққа бағынбай, Ойыл, Киыл, Жем, Сағызды басып, Ор қаласына дейін қыс Маңғыстаудың қараойын қыстаса, бес қонақ өтісімен (Наурыз айының 19-ы) жаз суы мол, шөбі шүйгін, Сарыарқаны баса өтіп, Орынбор, Тұзтөбеге дейін көшіп барған. Кейбір кездері көш жолында отырған жатақ елдермен сөзге келіп қақтығысып та қалған. Адайлардың арасында  "сиыр көрсең салып өт" дейтін сөз бар. Жатақ ел сиыр ұстайды. Адайдың тентектері сиырды қызық үшін қуып сабаған, бұл әрине дұрыс емес.

Қалың ел қаптаған көш, ызы-қиқы шулаған мал, кімнің еккен егіні мен шапқан шөбіне қарасын, тапап өткен.  "Адайдың көшінің алдынан шықпа, тоқтаса жеріңді тоздырады, қонса көріңді қаздырады" деген жазылмаған қағида қалыптасқан.

Жауар бұлттай торлаған қаптаған қалың елден ығысып, жергілікті ел, әр кез көшкен Адайлардың жолын босатып, жұртын аударып отырған. Күнмен түнге қарамай көшкен елді басқа рудың қулары  "ауық-ауық айқай шығады, Адайдың көші білем" деп қалжыңдайтыны сондықтан. Адайларда Байұлының қалған 11 баласынан "ұсақ байұлы" деп атаған. Жасаған зорлығын айтады дегені, осы жоғарыда айтылған әңгімелер. Көп елден көптеген жақсы да, жайсан да жүгенсіз асау да, тентек те шығады ғой. Адайлардың абыройының асып, талабының тасып, күрессе жығып, ат қосса озатынын көре алмайтындар, күле кіріп, күңірене шығатын сорлы байғұс елдер бар ғой. Өзінің қолынан ештеңе келмесе де, қайыршының  күнін кеше жүріп, сыпсыңдап артыңнан өсек айтатын бетпақтар, күншілдіктің көлеңкесінен шыға алмай жүр емес пе? Мұндайлар жер жаратылып, су  аққалы адамзат жаратылып, екі аяққа мінгелі, күн шығып көлеңке түскелі бері бар нәрсе. Адай деген не қылған ел?Адайлар өзгелерден бөлек жаратылған алабөтен халық. Қаймығуды білмейтін, еңкейіп иілмейтін, омыртқасы тік жаратылған, туысынан тарпаң аңқылдаған ақкөңіл, сенгіш, өтірік көлгірсуді, білмейтін ел ғой, бұл.  Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Адай ұлысына хан болуды армандаған ел арасына Сұлтан Қайыпқали Есімов келген.

Кіші жүз ханы Есімнің Қарақошақ ханымнан туған үшінші ұлы. Әкесі өлгеннен кейін 9 жасында бірге туысқан ағасы Бөкей Сұлтанның қарамағында болады. Кейін Бөкей ордасының бір руын басқарып, 1826 жылы Жәңгір хан мен бірге император Николай І-шінің таққа отыру рәсімінде болады. 1836 жылы Хиуа ханы Аллақұлдың шақыруымен Хиуада болып, "Батыс қазақтарының ханы" деген лауазым алып, 1837 жылы өзінің қарамағындағы қазақтарға Хиуа қазынасына Зекет (салық) төлетеді.

Бөкей ордасындағы Исатай мен Махамбет бастаған көтерісшілерге қолдау көрсетеді. 1838 жылы көтерісшілер жеңілгеннен кейін Хиуаға қашады. 1840 жылы Хиуаның жаңа ханы Райымқұлдан  "Батыс қазақтарының ханы"   лауазымын қайтадан алып, оның көмегімен Кіші жүздің ықпалды  руларына Хиуа хандығының бодандығын қабылдатуға әрекет жасайды. Жеті рудан Табындар бастаған бірнеше рулар Хиуаның бодандығын қабылдаған. Басқа рулар Қайыпқали ұсынған ұсынысты қабылдамаған. Өзі Хиуа жерінде қайтыс болады.

Бұл жерде Адайлардың Әбілқайыр хан өлгеннен кейін  елдің тізгінін батырлары мен аузы дуалы ақсақалдарға беріп қойған кезі. Бостандықтың дәмін татқан бұлар ежелден рухани басыбайлыққа мойнын ұсынбаған, хан боламын деп келген сұлтан төрелердің құшағына сия қоймаған ел.

 

-Адайлардың арасына күй атасы Құрманғазының  келіп «Адай» деп күйін шығарды. Неге басқа руларға емес, тек адайларға арнап шығарған. Осы жөнінде тоқталып, айтып кетсеңіз?

- Мәңгілік еркіндікті ту етіп, аңсап өскен, еліндегі жуандардан көрген қорлығы мен зорлығын өмір өткелдерінің қысастық пен қиянатқа толы ащы запыранын шығара алмай, жарты ғұмырын тар қапаста қамауда өткізген күй атасы Құрманғазы бабамыз  жаны жомарт адай елін көріп,ақ көңілдің, ақ жарқын жас баладай сенгіш, өзім дегенге өзегін жұлып беретін, қасиеті бар текті елді, алғаш сырласып арасында болып, аттың  жалы мен түйенің қомында өскен қайғы мен қасіреттен жұрдай елді көріп таң қалып, күй арнаған. Күй өз өзінен төгіле жөнелген домбырасының қай пернесін басса да, аттың дүбірі мен ызы-қиқы  айқай шу, шанақтан шыққан үннің бебеулей отырып, жігеріңді қайрап шалқыған шалқар күйдің еріксіз өмір бойы армандаған еркіндікті осы елдің бойынан көріп, «Адай»деген күй шығарып оны бір ұлыстың атына арнауы тегін емес. Күйдің өне бойына не деген шалқыған көңіл,  не деген шалқыған өмір сиып кеткен.

Күй атасы Құрманғазы бабамыз байлықтың да, барлықтың да белінен басып өтіп, жоқтықпен кедейліктің көрпесін жамылып көрген кісі. Еркіндіктің қадірін біреу білсе, Құрманғазы бабамыздай-ақ білер. Жалғаншыда бостандықтан  артық не керек жаныңа? Күй атасы осыны ұғып, осыны  «Адай» күйін күмбірлете тартқан.

- Біздің адайларда  ауызекі әңгіменің басы аман-саулықтан соң «не хабар?» деп басталатыны жасырын емес. Адаймен әзілдесіп қалжыңдасатындар «не хабарлар» келе жатыр деп айтып айтады. Бұл неліктен шыққан?

- Ат сабылтып алыстан келген ағайыннан, амандасып жөн сұрасқанда басқа елдердей  «не жаңалығың бар?» деп жатпайды.  Жаңалықты  өсек деп ұғынатын ел,  «не хабарың бар?» дегенді сенімді сұрақ ретінде қабылдайды. Жан -жағы қаптаған жау, ерлеріміз елден жақсылы-жаманды хабар күтеді, жарғақ құлағы жастыққа тимей халқының қамын ойлап, елі үшін еңіреп туған батырларымыздың ежелден келе жатқан халқының амандығын білу үшін қойылған қалыпты сұрағы.

Біздің Адайлар  «не жаңалығың бар?» деген сұрақты, ауыл арасындағы күнде көріп, біліп жүрген, қыдырымпаз еріккен кезбе қонақтардан жаңалық естудің бір түрі деп ұғынады.

Әрине, «сүтке тесіле қарай берсең қан көрінеді» деген бар. Елдің ішіндегі азаматтардың бет бейнесін, досыңның кім екенін, қасыңның кім екенін басыңа қиын іс түскенде білесің. Кешегі Жаңаөзенде халық қынадай қырылып жатқанда, бейкүнә жандарды атып, өз халқын қанды қырғынға ұшыратқан жауыз үкіметтің қолшоқпарларына тойтарыс беретін дұрыс ақсақалдар болғанда,  айтулы оқиғаның болмауы да мүмкін ғой.  Екі жүзді ақсақалсымақтарымыз, өз халқын сатып,  үкіметті қолдады. Ақсақал деп сеніп жүргендеріміз жасы 60 пен 80-нің аралығындағы тойтақтар. Елдің ішінде елін сатқан сұрқиялар мен жағымпаздар бар екеніне кешегі Жаңаөзендегі қанды оқиғадан кейін көзіміз әбден жетті.

Бұлардың өзіндік ойы жоқ, айтақтауды жоғарыдан күтіп қалған сорлы бейшаралар. Бұларда Адайлар, бірақ келмеске кеткір кешегі кеңес дәуірінде желкесі үзілгендер. Бұлар халқынан алда қашан қол үзгендер.

 

- Жалпы Адайлардың тарихы жөнінде айтсаңыз. Адай Қыдырқожа байдың баласы да емес Ханбибіден туған жиеніде емес болып шықты ғой. Енді қайдан шығып қайдан келген?

- Адайдан екі бала Келімберді, Құдайке. Бұл қазіргі біз айтып жүрген шежіре. Енді Адайдың әкесі кім? Елтай емес, Қыдырқожаны да өтірікке шығардық, Сиықтарды, Бекарыс, Алау батыр бұл да ойдан шығарылған есімдер. Алшындар мұндай рудың немесе Алшын тайпасының аты әр жерде елес береді, бірақ бұл а Адайдың тікелей атасы емес. Алшынның Адайдың тікелей атасы деп айтып көрелік. Сонда Алшынның әкесі кім? Қазақ па? Қазақ хандығының 1456 жылы Жәнібек пен Керей құрған қазақ хандығы ма? Онда қазақтың  өзі Адайдан беріде өмірге келген болып шығады. Қазақ хандығын құрып жүргенде  Адайлар Маңғол жерінде  Адай хандығын (1435-1449) құрып дәуірлеп тұрған кезі. Сонда бұл қайдан шыққан Адай? Керек десең Келімберді, Құдайке деген екі баласы бар..  Енді Келімбердіден  бері қарай атаға бөліп таратып көр. Адайдың өскен жері 20 ата өспеген жері 15-16 атаға келіп тіреледі. Сонда Адайдың туғанына ары кетсе 550 жыл . Сол баяғы Адайға қайта келеміз. Ал түсініп көр. Адай аты - тарихи этноним. Яғни, Гередот жазып қалдырған өз бастауын Дай, Даһ, тайпасынан алады. Дайлар біздің дәуірімізден екі ғасыр бұрын тарих бетіне шыққан жауынгер халық. Гередот жазғандай Дай емес, Адай болар мүмкін. Гередот тарихшы бір әріпке қателесіп жазуы мүмкін ғой.  Римдіктер мен Гректер Ғұндардың патшасы Еділ батырды Атилла деп жүрген жоқ па?

Адайдың Құдайке, Келімберді деген балдары болды ма екен? Адайдан бала жоқ. Келімберді деп айтып жүргеніміз Тоқтамысханның ең кіші баласы Келімберді емес, Керімберді. Тоқтамыс ханның әкесі Түйеқожа оғлан Маңғыстау елін билеген, Жошы ханның ұрпағы. Түйеқожаны Орысхан өлтіріп, елін өзіне қаратып алған. Құнанорыс деп жүргеніміз орыс ханның елі емес пе екен? Әлде Ресейден келген орыстарма?  Адай -ұлы тайпалардың бірлестігі. Мұңал, Тобыш, Бұзау, Ақпан, Құнанорыс, Балықшы, Тәзіке, Қосай, Бәли, Байбол, Тіней, Әйтей, Бегей, Жаманадай. Бұлардың барлығы Адай тайпасына бірден келіп кірген деп айта алмаймын, Қосай елі аталатын алты ата Қосайларда ежелден келе жатқан ел. Қосай батырдың елін арабтар Мұхамбет пайғамбар тумастан 200 жыл бұрын білген. Ал, Адайлар оғыз дәуірінде Соғдианалармен (Тәжіктер), Түркмендермен қоныстас болған. Кейін қыпшақтарға келіпқосылған. Алтын Орданың құрамында болып, ол құлағасын Көк орданың құрамына енген. Содан кейін Ноғайлы жұртының шаңырағын көтеріскен. Тоқтамыс хан шамамен  1350-1406 жылдар аралығында өмір сүрген Алтын Орда ханы. 1380-1398 жылдарда Маңғыстауда билеуші болған Түйеқожа оғлан Жошы ханның ұрпағы.  Әкесі Орыс ханның қолынан қаза тапқаннан кейін Тоқтамыс хан Ақ Ордадан Әмір Темірге қашып барады. Әмір Темір Тоқтамыс ханға Отырар мен Сауранды береді. Едігенің қолдауымен Көк Орданың  билеушісі болды (1377-1379). Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты жаулап алғаннан кейін, Ақ Орданың көптеген әмірлері оның жағына өтті. Тоқтамыс хан Мамай ханның «Күлік» шайқасында жеңіліске ұшырағанын пайдаланып, Алтын Орда тағына отырды. Сарайды, Қажы Тарханды, Құрымды басып алды. Жошы ұлысының бірлігін қалпына келтірді. Алтын Ордадан бөлініп шықпақ болған Ресей жерлеріне шабуыл жасады.1382 жылы  Мәскеуді басып алып, өртеп жіберді. Жалпы Тоқтамыс ханның ұлы державалық ниеттері Әмір Темірге ұнамады. Әмір Темір әскерінен екі рет 1387 жылы және 1395 жылы жеңілген  Тоқтамыс Түменге жақын жерде  Едіге мен Шәдібек әскерлерімен шайқаста қаза табады. Тоқтамыс ханның кіші баласы Керімберді әке кегін алу үшін, бір кездегі атасы Түйеқожа оғланның елі, маңғыстаулық адайларды маңына топтастырып, Маңғыт Едігені өлтіруді ойлаған болар. Логикалық ойға келеді  ғой. 1419 жылы жауынгер батыр адайлардың көмегімен Едігені өлтіріп, Керімберді өз ойын іске асырған. Едігені өлтіру кезінде қатты жарақат алған Керімберді көп ұзамай өзі де көз жұмған. Керімберді өлгеннен кейін табан тіреп тұрар ешкім қалмай, адайлардың Керімберді ханға қараған елдің ұлы көші Алтайға қарай бет түзеген. 1876 жылы шежіре жазу кезінде Керімбердіні Адайдың екі баласының бірі қылып көрсеткен. Себебі шежіре жазғанға дейінгі екі аралық 350 жылдан асады. Халық жадында Керімбердінің   аты ғана қалған. Міне көрдің ғой Керімберді Адайдың баласы емес, ханның аты екен.

- «Маңғыстау түркмендердің жері еді, Адайлар басып алған» - деген де сөз бар ғой. Осыған не айтасыз?

- Дұрыс айтасың, Маңғыстаудан адайлар кетіп, Алтайға қарай көшкенде Маңғыстау бос қалды. Көршілес түркмендер сол кезде кеп осы жерді иеленген болар. Маңғыстауды адайлардың иеленіп қоныс қылғанына түстігі Шағадам, сол түстігі Мұңал Жары таулары, Шығысы Арал куә. 2500 жылдай, яғни Сақ дәуірінен бері қоныстанып келеміз. Мұны грек тарихшысы Гередот та , Страбон да жазып кеткен. Сонда біздер осы жердің тумасы абориген, яғни автохтонды тұрғындарымыз.

- Түркмендер Маңғыстауды қанша жыл иелік етті? Адайлар кейін Маңғыстауды Түркмендермен соғысып жүріп тартып алды ма?

- Бұл енді Маңғыстау елі түгел білетін жауыр болған  әңгіме. Адайларға шамамен 1750-жылы  Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл жері тарлық етіп, Үстірттің кең жазығына қарай ығысып, жаңа қоныс іздеуге тура келеді. Ықтысыны жоқ Үстірт жазығы қысқа қарай  қонысқа онша оңтайлы болмаған. Алпыс кісі  Адай Есенқұлдың Есегі бастаған ішінде Шотан батыр бар қарнауға келіп, теңізге қарай барлау жасаған. Шыңның  ернегін жағалай жүріп отырып, Манатаға жеткенде батырлар Хиуа әскеріне кесдеседі. Сол жерде кішігірім соғыс болады. Соғыстан екі  жақтан аздаған адам өледі. Көп ұзамай адайлар бұл жерге қалың әскермен қайта келеді. Хиуалықтарда қарап қалмай, әскерін жинақтап тас түйін отырған болып шығады. Соғыс басталып кетеді. Көптеген кісі өлімі болады. Хиуа әскері қашады. Сонда Шотан батыр "қашқан жауды қумаңдар! Енді өздері де бұл жерге ұзақ тоқтай алмас" деген екен. Бұл ұрысты Қашаған ақын жырға қосады.

Екі жақта айқасып,

Ұрыстың болды ұлысы.

Қатар-қатар тұрысып,

Саржанның тартты кірісін.

Бөріктер үшып торсылдап,

Біреулер қалды қорсылдап,

Қай жақтанда ер өлді,

Аз өлмеді көп өлді.

Бұл соғыстан басқа да Адайлар мен Түркмендер арасында көптеген соғыстар болған. Шамамен он жылдың ішінде Маңғыстауда Адайлар, Түркменнің Абдал рулары мен аздаған Қожа түркмендер қалған.

-          Адайдың екі баласының бірі Құдайке. Ал Керімбердінің Тоқтамыс ханның баласы болып шыққанына дауымыз жоқ.  Сонда Құдайке қайда қалады?

-          Адайлардың кангюлер (қаңлылар) соғдианалармен (тәжіктер) қатар өмір сүргенін, ал қыпшақтарға келіп қосылар алдында, X-XI ғасырда оғуз түркмендері мен бірге өмір сүргендерін айтып өттік. Адайлар қыпшақтарға қосылуға бет түзегенде тайпалар араға бірнеше жылдар салып, бөлек-бөлек, ру-ру болып келіп қосылған. Қазіргі Керімберді аталып жүрген елдің Қосай аталатын елден әлдеқайда бұрынырақ келуі мүмкін.  Құдай сөзін алғаш көбірек қолданған ел Қосай ұлысына қараған ел. Құдай атауы  парсыдан біздерге жеткен Тәңірінің аты. Құдай сөзін Тәңіріге қарағанда көбірек пайдаланып, басқа адайлар "Құдайкелер келе жатыр",  "Құдайкелер амансыздар ма?" деген сияқты лақап аттан шын атқа айналып кетуі мүмкін. Қазірде Ақтөбенің,  Қызылорданың әлімдері, Арал,  Қазалының әлімдерін   "А Құдайлар" дейді. Оны өздеріде мойындайды. Адайлар жөнінде әзілдеп  "көкте Құдай, жердің асты мұнай, ортасында Адай мен А Құдай" дейтіндері бар. Мен өз қарабасым Арал, Қазалының жігіттерімен амандасқанда  "қалайсыңдар а құдайлар" деп амандасамын, оған апшып жатқан олар жоқ.  "Құдайеке" атыда осылай шыққан болуы мүмкін.

 

- Түркменадай деген нені меңзеп айтылған сөз? Сонда аналары түркмен болғасын, түркменадай деген болар. Тағы да Тәзіке жөнінде не айтасыз?

- Ежелгі Сақ дәуірінде  Дайлардың Бәли деген патшасы болғаны тарихтан белгілі. Қазіргі Қосай ішіндегі Бәлилердің сол Бәли патшаның тікелей ұрпағы болуы да мүмкін немесе Бәли патшаның қол астына қараған елдің жұрнағы. Бәлилердің біз Түркменадай емеспіз, Түркменадай деп жүргендер Тінейлер ғой дейтіні бар. 15-20 жылдықтың шамасында Шетпеде темір жолдың шығыс бетінде орналасқан ауылға Түркменстаннан оншақты үй адайлар, адай болғанда жеменейлер көшіп келіп орналасқан. Бұлардың көшіп келгеніне қазірде 35-40 жылдың шамасы болды. Осы ауылға сайлау кезінде  "Түркмен ауыл "сайлау учаскесі деп жазып масқара болған жоқ па?  Түркменстаннан келген ағайындар сотқа беріп, зорға дегенде қойдырған ғой. Сол сияқты Тінейлерді де  кезінде осылай атаған болар. Кінәсі Қыпшақтарға кенжелеу келіп қосылған. Ал, Тінейлердің адай арасында адай шаңырағын көтеріскен белгілі батырлар мен көсемдер шыққан  ел екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Адайларды Оғыз түркмендерімен қатар жүргенін айтып өттік. Адайдың Қосай аталатын рулары түркмен арасынан қыпшақтарға келіп қосылып, Түркменадай отау құрғасын  айтылған болуы керек.  Тәзіке руы да осылайша. Бұл енді қыпшақтарға келгенде айтылып қойылған ат емес. Сай себептермен адайлардан жырақ қалып, қайта адайларға қосылғанда қойылған ат болуы мүмкін. Тәзіке мүмкін Тәжіке болуы да ғажап емес. Адайлардың Сағдианалармен (Тәжіктермен) қатар жүргенін айтып өттік. Тәжік арасынан келген адайларды тәжікелер деп атауы да мүмкін ғой. Қазірде бар ондай жағдайлар.Қарақалпақтан келгендерді қалпақтар, өзбектен келгендерді өзбек деп атауы болмаса бұлардың барлығы да адайлар. Бір кездері тағдыр тәлкегіне ұшырап, елінен жырақ кеткен, енді өз еліне ата бабасының қонысына оралғандар. Тәжіке демекші тәжіктерден енген сөз адайлар арасында бар. Мысалы, «шалап» сөзі. Мұнда шал-көк, аб-су яғни көксу, «харбача» сөзі хар-есек, бача-ұрғашы, яғни есектің ұрғашысы дегенді білдіреді.  Әйелдерге айтылатын қарғыстың бір түрі.

- Шежірелерге сенсек, бір кісіден бірнеше баланы туғызып, әрқайсысы бір ұлы тайпаларға айналып кетеді. Мысалы: Сұлтансиықтан тараған бес бала Байбақты, Алаша, Қызылқұрт, Масқар, Тана. Осылардаң қаншалықты дұрыс екенін айтсаңыз?

- Сұлтансиықтан(Сытдық) Алаша, Байбақты, Масқар, Қызылқұрт, Тана бес бала қылып таратады.  Аты аталған бес ру, ерте заманнан мыңжылдықтан әрі болмаса бері емес тайпалар. Бір кісіден туған деп бір тайпа елді немесе руды шығару бұл жалғандыққа ұрындырады. Сұлтансиық өмірде болмаған кісінің аты. Бұл тайпалар бір кездерде шарықтау шегіне (барлығы бірдей шықты деп айта алмаймын) жетіп, күйреуден аман қалған елдің жұрнағы. Тарих дөңгелегі өз дегенін істейді. Бір кездерде ұлт болып қалыптасып, шарықтап, кейін құлдырап, күйреп, бөлек-бөлек ру тайпаларға бөлініп, одан кейінде ұсақ руларға немесе аталарға бөлініп, басқа бір рудың құрамына ұсақ кірме рулар болып кіруі әбден мүмкін. Көптеген ұлы мемлекеттер бастапқы атын жоғалтып, күйреп, тарих  сахнасынан жоғалды немесе басқа бір елдің ішіне жұтылып кетті. Ондай мемлекеттер Қытайда жүздеп саналады. Біздің қазақтар да күйреудің азақ алдында тұрды. Ру сұрассақ  "құда болайын деп пе едің?" деген жауапты осы жолдардың авторыда естіген. Енді бір елу жыл, Кеңес империясы құламай тұрғанда, біздерде қазақтар, орыстарға жұтылып кете баратын едік. Бірінші тіліңнен айрыласың, содан кейін дініңнен (болмысыңнан) айрылып жоғалу деген сол.

- Қазақстан егемендік алып,өз алдымызға тәуелсіз ел болдық. Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын тойладық. Маңғыстау Жаңаөзен көтерілісі бұрқ ете қалды. Қазақстанның жиырма жылдық мерекесіне қарсы Жаңаөзен қаласында бейкүнә жандар оққа ұшты. Жүздеген адам жарақат алды. Осындай оқиғаны болдырмауға болатын еді ғой.

- Адамзат тарихында тәуелсіздікті тойлау адам өміріндегі ең бір қуанышты сәт. Ал, халық осы өз тарихындағы ұлы мереке өз деңгейінде тойланып жүр ме? Оның қасында құрбан айт, Наурыз, жаңа жылды күту әлдеқайда халықтық мерекеге айналған. Халық тәуелсіздікті өзі сезінуі керек еді, олай болмай шықты. Әлде тәуелсіздік алған жоқ па? Тәуелсіз халық мұндай әрекетке бармаған  болар еді. Егер халық тәуелсіздікті  "төл мерекем" деп сезініп ұғынып, қойшының қосынан бастап, ауыл, көше, отбасында, ән салынып, күй тартылып орталық алаңдарға жиналмай-ақ, бір -бірімен құшақ жая амандасып, құттықтап жаймашуақ, бір ұлы тойға айналған болар еді. Достарымыз сүйініп,  дұшпандарымыз күйінер еді ғой шіркін. Асықпасақ ол күндергеде жетерміз, ондай күнге жету үшін халқымыз өздерін сергек ұстауы керек.

- Адайдың ішіндегі тайпалардың Керімберді, Құдайке, Түркменадай, Тәжіке жөнінде айтылған әңгімелерді естідік. Қосай кім? Неге Қосайдың көші суға кетті дейді.Әлде Құдайкенің көші суға кеткенбе? Осы жөнінде айтсаңыз?

- Бұл жерде кімнің көші суға кеткені маңызды емес. Маңыздысы алты Қосай аталатын елді, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шұқытпай, таза пәк күйінде ұрпаққа жеткізіп айтып кету. Қандай жағдай болмасын, артынан  өсек әңгіме ермеуі керек. Нағашылы-жиенді әзілдесетін кісілердің өзектеген шырмауығынан  шығарып алу үшін айтылған  ойдан шығарылған аңыздар. Осы нұсқалардың көбею себептері, кезінде әр шежіреші өзінше нұсқаларды ойдан шығарған. Қосайдың жасының үлкейіп қалғандығын, одан алты баланы туғыза  салу шындыққа сәйкес келмейді. Сексенге келіп селкілдеп отырған Қосайдан алты бала туды дегенге ешкім сенбейді. Нұсқалардың көбею себептері алып-қашпа өсек аяңнан құтылу үшін ойдан шығарылған аңыздар. Енді шындығын айтсақ, алты арыс Қосай аталатын рулар әр қайсысы бір-бір тайпа аталған ежелгі Адайдың жұрнақтары, яғни, Қосай ұлысы. Бәли, Тіней, Әйтей, Бегей т.б. осылардың бәрі Қосайдан тумаған, Қосайдың артынан ерген жауынгер тайпалар.

Қосай туралы аңыздың бірінші нұсқасында қыста қатып қалған өзеннің көштің салмағына шыдамай, мұзы ойылып, Қосай батырдың көші түгел бала-шағасы, мал-мүлкі мұз астына кетеді. Қосай батырдың үлкейіп қалған шағы болса керек. Бала-шағасы мен дүние-мүлкінен айрылып,  батырдың хәлін шежіре айтушылар өте бір әсерлі қайғылы жағдай етіп баяндайды. Көштің мұз астына кеткенін, өз көзімен көрген Қосай батыр отырып қалған. Қолдан келер қайран жоқ, аз отырды ма, көп отырды ма бір кездері орнынан тәлтіректеп тұрған Қосай батыр атқа мінуге де жарамай, атын жетектеп інісі Тәзікенің ауылына келеді. Қосай айлап, жылдап інісінің үйінде жатып қалады. Қандай қайғылы қасірет болмасын, уақыт емші деген. Күндердің күнінде Қосай батыр жер таянып төсегінен  тұрады да, өзіндік шаруасына айналып, тірлікте бар екенін, әлі де көрер жарығы таусылмағанын біледі. Тәзікенің әйелі өте ақылды, байқампаз кісі болса керек, қайнағасының түзге шыққан кезінде дәретінің әлі де көбіктеніп жатқанын көзі шалып қалады. Көрген білгенін күйеуі Тәзікеге жеткізеді. Тәзіке ағасы Қосай шалды кезбе қайыр сұрап жүрген түркмен қатынға үйлендіреді. Қосай батыр түркмен қатыннан, шекелері торсықтай болған алты бала көреді.  Олар:  Әйтей, Бегей, Сүйіндік, Бәли, Байбол, Тіней. Кейін бұларды түркмен қатыннан туғасын түркменадай  аталып кеткен дейді айтушылар. Басқа бір нұсқаларда Қосай батырдың түркмен досы болған, әлгі түркмен досы Қосайдың көшпен бала-шағасының мұз астына кеткенін естіп, қызын жетектеп әкеліп Қосай батырға қосады. Бұл жерде шежірені айтушылар қазіргі алты Қосай аталатын рулардың арғы жағы қайдағы бір қайыршы кезбе қатыннан туғызбай, қыздан туғызу үшін айтқан.

Ал, аңыздың екінші  нұсқасында Тәзіке ағасы Қосайды түркмен қатынға үйлендіргеннен кейін, Қосай ұлды болып атын Түркменадай қояды.  Түркменадайдан қазіргі аталып жүрген алты Қосай дүреген дейді айтушылар.

Аңыздың үшінші бір нұсқасында кейбір шежіре айтушылар Құдайкенің көшінің суға кеткендігін жазады. Мұнда да сол Құдайкеге түркпен қатынды енді Тәзіке емес, оған Келімберді алып береді. Сол түркпен қатыннан Құдайке Түркпенадай деген жалғыз баланы туғызады. Түркпенадайдан Қосай мен Тәзікені таратады. Тәзікелер біз Түркпенадай емеспіз дегенді айтады.

- Қосай әулие деген де бар. Сонда Қосай әулие болған ба? Сондай-ақ, Адай хан деген атау бар. Біздің Адай деп жүргеніміз осы Адай хан емес пе?

- Бұлар жөнінде белгілі жазушы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Әнес Сарай өзінің «Көнеліктер» деп аталатын еңбегінде жазған. Қосайдың баласы ғой, сол кісінің жазғандарынан үзінді келтірейін.

Адай тайпасының ең көп тараған және көп шашылған іргелі аталардың бірі - Қосай. Адайлар оны ең ұлы әулие шалымыз деп айрықша қадір тұтады. Торқалы той, топырақты өлім де төр - Қосай ұрпағында, бата беретін де солар. "Қосай шапаны" ісі  адайға міндетті бас кәде.  "Жолым болсын десең- Қосайдан жолдасың болсын" деген мәтел де мәлім. Қысқасы, Қосай-ерекше қадірлі әз әулие. Қосай ұрпақтары Қосайдың қабірін тауып, басына мазар көтеріліп, игілікті іс істеуде. Олардың пайымдауынша: Қосайдың өмір сүрген кезі бұдан бұрынғы 500 жыл шамасы.

Ал тарих сораптары Қосай және Қосай руы туралы ілтипатқа аларлықтай мәліметтер береді. Қосай атауы бірде кісі есімі, бірде ру аты қалпында алмасып, жиі-жиі қайталанып отырады. Жеке тұлғалар қаншама даңқты, дабыралы болғанымен өмірден өтеді-кетеді, ал рулық қауымдар мейілінше ұзақ жасайды. Сондықтан, әңгіме  алдымен Қосай руы  туралы болғаны жөн. Байқап отырсақ,төрт тарапына шашылған «ад» қауымының арасында жан саны мол, іргелі Қосай тайпасы болғанын аңғарамыз. Оның алғашқы өкілдерінің бірі б.д.д. X ғасырда Дәуіт патша төңірегінен көрінсе, Мұхамбет пайғамбар дүниеге келмес бұрын  200 жыл шамасында арабтарда Қосай руы болғанын, пайғамбардың бесінші атасы Зейд Қосай әулетінен әйел алып, солардың шаңырағы астын паналағандықтан, Қосай атанғанына жоғарыда деректер келтіргенбіз. Олардың кері лықсып, қазақ топырағына қайтып оралуы екіталай, оларды да  "жоғалған адайлар" санатына жатқызған жөн деп жазады Әнес Сарай.

Әнес Сарай академик Әлкей Марғұланның: "тарихи жазулар бойынша Қосай Түрік қағанаты кезінде жасаған кісі болуға тиіс. Бұл кезде Алтай мен Жетісу арасында өмір сүрген  нушиби  тайпаларының бір көсемі Кошу деген атпен белгілі еді. Тарихы бар өмірін Бесбалық (Бейжін)  қаласын қорғау  ісіне жұмсап, Сарыөзеннің басы Өртөске дейін жорық жасаған кісі. Орхон жазуы бойынша (Қошай) 720 жылы Бесбалықты жау әскерінен босатқан" деп ой қорытады Әлекең»- деп жазады, Әнес Сарай. Тағы да ғалымның ешбір жалтақсыз Қошуды Қосаймен шендестіргенін көреміз дегенін айтады Әнекең.

Түрік дәуірі туралы тарихи зерттеулерде кошу және оның белгілі тарихи тұлғаларына мән беріле келіп, аталмыш этнонимді қазақ, қырғыз, алтай эпостық жырларының басты қаһарманы Ер Қосаймен ұштастыру ниеті анық аңғарылады. Алайда, қытай жылнамасы Күлтегін жазуындағы Кошу мен эпостық Ер Қосай уақыт жағынан алшақтап, сәйкес келе бермейді. Екі есімнің аралығында 4-5 ғасыр уақыт жатыр. Соны ескерген ғалымдар: "Манас жыры ілгері кейінгі тарихи оқиғаларды қамтыған эпос, ертерек кезде өмір сүрген". Ер Қосай туралы әңгімелер Манас дәуіріне жақындастырылуы мүмкін сынды тұжырымға иек артады" деп жазады Әнекең. Ал қазақ, қырғыз, алтай жұртында аты мәлім, әрі әулие, әрі батыр қылыштың жүзімен ел қорғаған Ер Қосай қай заманның перзенті? Біздің тақырыбымыз үшін маңыздысы осы Қосай. Қосай қазақ эпосынан ойып орын алған ең тұлғалы қаһармандардың бірі. Ол-"Ер Көкше",  "Ер Көкше ұлы Ер Қосай және Мұрын жырау",  "Қырымның қырық батыры" желісіне қосып жаулаған "Ер Қосай жырының бас кейіпкері". Сондай-ақ, Ер Қосайға қатысты жыр-толғаулардың В. В.Родлов жазып алған Жүсіп Көпеев, Асайын Хангелдин, Бисен Сариманов жырлаған версиялары да бар. Ал Қырғыздың  "Манасында" Қосай-орталық қаһарман дәрежесіне көтерілген бейне. "Манас" жырында оның халық үшін істеген ерлік істерінің біразы тізілген. Бала кезінде қазылық бойында дәу аш бөрімен жалғыз алысып, оны жеңіп, ел-жұртының алғысына бөленеді. Екіншіден, Кеген өзені бойында елге жау тигенде ерлік көрсетеді.  Үшіншіден- атақты ер Белеректі Масқараның тұтқынынан босатады. Төртіншіден- Бәйжінді (Бесбалықты) жаудан құтқарады.  Жырда төмендегідей тамаша жолдар бар:

Бекініп қалған Бежіннің

Бетін ашқан Ер Қосай.

Тұрып қалған Тұрпанның

Түсін ашқан Ер Қосай.

Байланып қалған базардың

Бағын ашқан Ер Қосай

Бұдан біз Қосайдың мекен тұрағы Шығыс, Түркістан, Тұрпан, Бесбалық қалаларының  төңірегі екенін аңғарамыз. Ал, бұл болса, яда, қошу тайпаларының байырғы қоныстары дегенді айтады Әнес Сарай.

"Манас" жырында қара қытайлардың қысымымен қырғыздар Алтайға қайта көшуге мәжбүр болғанда Қосай дұшпанға бел бермей, ата қонысы Үчтөбеде табан жалтармай тұрақтап қалады.  "Құлалы жиып күш қылған, Құрама жиып жұрт қылған" деп жырлағанына қарағанда, Қосайдың ұлысы Құранды жұрт болғанға ұқсайды. Зертеуші Әнес Сарайдың жазғанына зер салсақ, қазіргі Атбасы мен Нарын жоталарының аралығында "Қосайдың қаратауы",  "Қосай қорғаны" Талас өзенінің басын  "Үш Қосай", Алатау да «Қосай тау» аталатын тау да бар екен. Қазіргі айтылып жүрген шежіре аңыздарға сүйенсек, Қосай ата теңдесі жоқ батыр, көріпкел әулие, артынан халқы енген ұлыс көсемі ретінде айтылады. Ендеше Қосай ата есімі, қазақты хан болып Шыңғыс ұрпақтары билік құрған кезде, не батыр есебінде, не әулие ретінде ауызға ілінбейді. Ол орыс жылнамаларында  "өлмейтін Кощей", ал араб кезбелерінің жол жазбаларында әулие атаның есімі естілмейді. Осыған қарағанда Әнес Сарай зерттеуін оқығаннан кеін, бұл мыңжылдықтан Қосай ата атын іздеп табу оңайға соқпаса керек.  Арада мыңдаған жылдар өтсе де, халық өз батыры мен  көріпкел әулиесінің атын, жадынан шығармай, Қосай атаның өмір сүрген дәуірін, бергі заманға қарай итермелеп жақындатып, жасартып отырған. Әулие атаны пір тұтқан халық, елдің басын біріктіріп, ортақ жауды жеңуге қарсы, Қосай ата есімін жоғары ұстап, ұлыстың ұранына айналдырған. Бір таңданарлығы, «Адайдың екі ұлы тармағы Келінберді - Құдайке арасында жік түсіп, қырғиқабақ болды»-деген қауасетті естімеген екенбіз. Ағайынды екі елдің татулықты ту етіп, Келінберді балдарының, Қосай ұрпақтарына  "ағаның баласы" деп өз жолын беріп отырғаны осыған дәлел. Ғасырларға созылған осы сыйластық, бірін -бірі көтермелеп, жаманын жасырып, жақсысын асырып, араға шайтан килікпей, жүз шалыспай қасиетті қара шалдарымыздың арқасында татулықты мұра тұтып осы қағидадан айнымай біздің заманымызға дейін жүріпті. Адайларды жанына топтастырып, әкесі Тоқтамыс ханның кегін алған. Тоқтамыстың екі кіші ұлы Керімберді, Маңғыт Едігені өлтіргеннен кейін, өзіде ұзаққа бармай қаза табады. Керімбердінің қазасын қайғырған елге, Еділ-Жайық, Жем-Сағыз қараң қалған қонысқа айналады. Табан тірер арқа сүйетінен айырылған ел шығысқа қарай бет түзеген.

Адайларды көп зерттеген, Адайлар жөнінде көптеген мағлұматтар жинап халқына жария етіп келген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, романист жазушы, зерттеуші Әнес Сарай ағаның зерттеулерінен.

 

Адай хан.

«XIV ғ. ақыр соңында ұзақ жылдар Қытайды билеген Құбылай әулиеті тақтан кетіп, Моңғолияға қайтып келгенде, олардың арқа сүйер негізгі күші асод және корчин қауымы болған. Асод атауын ас, алан нәсілдес деп, ал корчинді қаушын (оқ қағар) деп түсінген жөн. Асод тайпасының көсемі Алатайда қаушын қауымының көсемі Адай еді. Ол екеуі тізе қосып, Монғолияның шығысында Адайды хан көтеріп, Монғол хандығын құрған.  (История Казахстана в западных  источниках  XII-XXв.в. Алматы, том 2(267-270б.б.). Осындағы Құбылай  әулиетінің ең соңғы сілемдерін қызғыштай қорғап, ата-баба топырағына жеткізген "оққағар" жауынгер топтың арасынан Адай есімінің жарқ етуін кездейсоқтық деуге болмайды.  Олар шамасы Адай тайпасының хан әулиетіне ілескен жауынгер бір сілемдері  болса керек. Монғол тарихында із қалдырған Адай ханның билік құрған кезі 1435-1449 жылдар аралығы. Бұл кезде саяси жағынан әлсіреген монғолдардың тізгіні ойрат  тайпасының қолында еді. "Ойраттарға жек көрушілік сезіммен атқа қонған Адайхан Моңғолдардың басын біріктіріп, ойраттарға аттанды" (50) деп баяндайды  "Алтын тобы". Монғол шежіресі Адай ханның Шигуст эй атты батыры болғанынан хабар береді. Адай хан ойраттарға күйрете  соққы беріп, хандықтың  тізгінінен өз қолдарына қайтарып алады. Осы соғыста Ойрат көсемі Батұлы-Үжанг өліп, оның әйелі мен баласы Тогон қолға түседі. Адайхан аяушылық білдіріп, Тогонды еліне қайтарады. Ол болса төрт ойраттың басын қосып ,1449 жылы қапыда Адай ханды мерт қылады. Билік тізгіні тағы да ойраттардың қолына көшеді. Олардың күшейгені соншалық - Тогонның ұлы Есен  өзінің дұшпандарын қырып-жою саясатын ұстанады. Әсіресе, кек алып есе  қайырады деп қорқып, Адай хан жұртын жаман қудалайды. Олардың басты тірегі Шигустей батырды өлтірді. Міне, Адай хан жұрты осы шамада, яки XV ғасырдың орта тұсында, Монғолияны тастап, Батыс Байкалдың орманды батпақты қоныстарына қарай жылыстауға мәжбүр болды. Олар Ольхон көлінің төңірегін біраз жыл қоныс қылды. Сол жерде мекен тұрақтарының ізі, зираттары әлі күнге дейін бар. Зираттары ерекшеліктерімен көзге түседі: құлпытастар, сағаналармен күмбездер. Оларды Монғол истографиясы  "Қарамонғолдар" деп біледі. Ауызекі әңгімелер "қарамонғолдарды"  Байкалға бастап келген Едігей руы екенін айтады. Кейін осы "қарамонғолдар" Ольхонды тұрақтай алмай, Қорқыт бұғазына қоныс аударады. Міне, осы алқы-талқыда батысқа жылжыған Адайлардың көшке ілесе алмай қалып қойған  жұрнақтары кейін  якут-сахаларға "Одай" руы боп қосылған. Екінші бір тобы Буряттардың хонгодор тайпасының құрамында  "буряттарадай"  аталады. Бұл шағын қауымның Байкалға келуі туралы  анық қанық дерек бар.  «Хонгодорлар Байкалға 1688 жылы Ойрат-Халхас соғысы кезінде қоныс аударған. Халхас сайн ханының қолдаушыларының бірі-хонгодор көсемі Бихақ  Ирбанов ойрат Галдан-Болашақты хан жұртының ел билеушісі, нағашысы Адаймен Байкалдың Тунки, Закамын өңіріне кеп тұрақтайды» (Ақас Тәжуіт "Алтын Орда" газетінен).

Замандар өтіп, рулардың аты өзгеріп, жаңа қауымдарға бірігіп қосылып басқаша атала бастағанымен, кісі аты рулық көсем күйінде болса да, Адай есімі әр кезеңдерге қайта жаңғырып отырған. XVII ғасырдағы орыс деректемелері осы  "қарамонғолдар" арасынан шыққан әрі хан, әрі батыр Табынай туралы мәліметтер келтіреді.(51) Ал, Табынай болса Адайдың белді аталарының бірі. Оның батырлығы туралы шежірелік деректер мол. Батыс Байкалдың Ольхон, Қорқыт өңірін мекендеген Адай хан жұрты біртіндеп Алтайға қарай жылысқан. Хакасияда біршама тұрақтағаны байқалады. Адайлардың Келімберді тобының ұйытқысы Мұңалдардың Алтайдың Майма өзенін, Шығыс Қазақстандағы Жеменей өзенін біраз жылдар жайлағаны байқалады. Жеменейде Адайдың  айдарлы тобының бірі. Осы тұста  XIX ғасырдың, алғашқы жартысында Алтай тарапында өмір сүрген Арғынбай Апшабаев ақынның төмендегі өлең жолдарын еске сала кеткеннің артықтығы жоқ.

Жоғарғы Майма, Мұңал, Боқай, Қостай.

Ел едік екі айырды Құдай қоспай (51)

Осында аты аталған төрт тайпаның  үшеуі- Мұңал, Боқай, Қостай - Адайдың Келімберді арысының басты аталары. Ақынның тарихы жадта сақталған  бұрынғы замандардағы  ажырасуды сабақ болсын деп, кейінгі ұрпақтың есіне салғаны болса керек. Шамалауымызша, адайдың Келінберді атасы қазақ даласына 1470 жылдар шамасында келін, қазіргі Ақтөбе облысының Мұңалжары (Мұғаджар) жотасына қоныс тепкен. Олардың Құдайке - Қосай әулетімен ұшырасатыны осы тұс.  Ел билеушілерінің екі адам  болғанына қарап, бірігіп кетпей, жеке-жеке ру болып отырғаны байқалады. Бұл кезде Қосайлар-адгу, Яки  ұлы адтар, ал Келінберді арысы адлу-оглы, яки адтың ұлы атанады. Демек тарихи дәуірлердің әр кезеңінде қосал, қосу, хата, аде, иада, яда, жада, жадай, жададан қарамонғол, Мұңал атанған бұл тайпалар өздерінің түпкі тектері. Ад екенін жадтарынан шығармағанда, тарихтың жаңа белестерінде байырғы есімдердің қайта жаңғыртып отырған»- дейді зерттеуші Әнес Сарай.

- Шығармашылық бөлмеңіздегі кітап сөрелеріңізге қарасам, небір үлкен ғалымдардың кітаптары көз тартады. Мұның ішінде өзіңіз айтқан Әнес Сарайдың кітаптары түгелге дерлік бар екен. Әнестің өзі Адай руынан. Ал, осы Әнекең адайлар жөнінде не айтқан?

- Шүкір,кітапханамда зерттеуші-ғалымдардың кітаптары баршылық. Бәрін де оқып қарап шықтым. Ал, Әнес ағаның жазған кітаптарын ерекше ықыласпен оқимын. Көп ізденіп, тереңнен толғап жазатын жазушы. Шежірелік мәліметтердің көпшілігі оның кітаптарында баршылық. Адайлар жөнінде де біраз мағлұматтары да көңілге қонымды. Айтқандарының көбімен келісемін. Бірақ, кейбір жазғандарына келіспейтін де тұстарым бар.

- Келіспейтін тұсыңыз?

- Мысалы,Әнес Сарай: «Үш киянның бір кияны әр кезде Маңғыстау, Мангылшақ атанып отырғанымен, оның "адақ" дегенде қосымша есімі болған. Адағы арал деген ұғымды білдіреді. Маңғыстау жарты арал емес, өлі қолтық тұсынан ад жай ғана арал болған. "Өзен" атты өзені арқырап-сарқырап ағып жатқан.  "Адақ" атауы Маңғыстау топырағында  жиі кездеседі. Адай сөзі осы адақтан бастау алып, адалдық деген ұғымды білдіреді. Арал теңізі де осы сөздің аударма баламасы. Ал бұл атауға о бастан негіз болған ят, ад ата қауымы екені дау туғызбайтын сияқты»- деп жазады.

Менің келіспейтінім, біріншіден «адақ» сөзінен көрі Маңғыстауда «түбек» сөзі көп кездеседі. Маңғыстау жерін бабаларымыз үш түбекке бөліп тастаған. Исан, Қараған, Бозашы түбектері. Түркмен, түрік тілдерінде "адақ" емес  "ада", ада сөзі дұрысы арал дегенді білдіреді.  "Өзен" сөзі түрікпеннің  «Ұзын» деген  сөзінен  шыққан. Ұзын ойды айтқан. Ондай ойлар Жаңаөзен қаласының  маңында толып жатыр. Қарамандыбас, Қызылсай, Сарының ойы, т.т. Әнекең айтқандай арқырап сарқырап ағып жатқан өзені болса, оның су жүрген арнасы қайда кеткен? Мүмкін шыңды жағалап, Каспийге құйған болар? Бірақ, 1-2 мыңжылдықта емес, миллиондаған жыл бұрын аққан шығар? Ондай болса таласпаймын. Маңғыстау жері таулы тасты жер, онда да ұлу тасты, әк-бор тасты таулар. Ондай өзеннің арнасы болса, миллион жыл өтсе де орны өзгермеуі керек. Өзгеріп отыратын жері жұмсақ немесе көшпелі құм емес, жер қыртысы тастардан құралған. Адай тайпасының атын ададан іздеу дұрыс емес.  Түрікпеннің арасында  "адалы"  деген ру бар. Бұл енді дұрыс "аралдық" деген мағынаны береді. Ал арал теңізіне келетін болсақ, бір кездері тек Сырдария өзені құйып жатқан көл болған. Олай дейтініміз Аралдың тартылып кеткен орнынан ауылдардың орны, егістік еккен жер орындары мен молалар, құмыралар шыққан орындар табылып жатыр. Қазіргі Арал теңізі көлден қалайша теңізге айналды? Енді осыған тоқталып өтейік. Әмудария өзені бір кездерде арқырап-сарқырап Каспий теңізіне құйғаны  тарихтан белгілі. Хиуа хандығы басқыншылардың келуінен қауіп  етіп, Әмудария өзенін қазіргі Арал теңізіне бұрып жіберген. Қос өзен қатар құйғасын, Арал шалқыған теңізге айналған. Әмударияны Арал теңізіне бұру себебі ,Каспий теңізі арқылы Әмудариямен  басқыншылардың кемелері жүзіп келеді деген қорқыныштан туған. Қазірде Арал теңізі қайтадан көлге айналуда. Себебі Әмудария өзені Аралға құймақ түгілі, өзбектердің өз ішіне жетпей жатыр. Су аяғында отырған бауырлас қарақалпақ халқы егін егуге, күнкөріс жасауға судан тапшылық көруде. Бұған себеп Кеңес дәуірінде Түрікмендер Ленин атындағы Қарақұм каналын қазып алды. Бұл Әмударияның үштен бір суын жұтып жатыр, оның үстіне кеңес заманында өзбектерде суармалы егістік жерлерді ашып шектен шыға көбейтіп жіберді.

Сондай-ақ, Әнес Сарай ағамыз: «Адайды Дайдан шығару азайғанымен,  әліде аратұра айтылып қалады. Бастапқы "А" дыбысы жетпегені болмаса, басқасы айна қатесіз келіп ақ тұр. Тілдегі дыбыстық алмасу заңдылықтарына сүйеніп, келместі иіп келтіруге боларма еді. Бірақ кейінгі ізденімпаздар бұл бағытқа аяқты тартып басатын болды. Өйткені, ғасырдың географ-тарихшысы Дайлардың парсылар екенін және апарна, ксанафий, пиесур руларынан құралғанын басқа  ұрғандай қып атап атап жазып кетті. Олардың ішкі жіктері Адайға маңайламайды»- деп жазады.

Бұған айтар уәжім тарихшының жазып қалдырғанына да 2200 жыл болды. Парсы халқы ежелгі халық үш мың жылдай тарихы бар ұлы мемлекет. Біріншіден Парсылардың руы жоқ. Екіншіден Дайлар Парсылар болса, яғни көп парсының бірі болса, тарихшылар Дайларды ерекше  бөліп жазған, жазбаған болар еді ғой. Сол тарихты жазған кезде неге Дайды жазбай-ақ "Парсы" деп жазса да болатын еді ғой. Олардың ішкі жіктері Адайға маңайламайды дегенді алға тосқан. Бұл дұрыс емес. Жетпіс жыл орыстың құлдығында болған қазақтарда Петка,  Серега, Иван, Валя, Тамара т.т. деген аттар қаптаған жоқ па? Екі мың жылғы Дайлардың ішінен қазіргі адайдың руларын іздейміз. Оған өкпе айтамыз. Жалғыз  "А" дыбысы жетпегені болмаса дейміз. Мүмкін сол кезде  "Адай" деген атау болған шығар. Тарихшылар тілдік  заңдылыққа сыймағасын "А" дыбысын тастап кеткен болар. Оны зерттеу үшін көне грек тілін яғни бұдан 2000 жыл бұрынғы тілді үйрену керек болар. Дайлардың барлығы түгел парсыға кіріп жоқ болып кетті деу дұрыс болмас. Әнес аға «бізден басқа елдер, бір әріп түгілі төрт бес  әріпті икемдеп, өзіне қаратып алған жоқ па?» дейді. Біздер ад, яд ата деп айналшықтап әлі жүрміз. Біз Дайды Адай деп жазармыз-ау. Бірақ,біз жазғаннан гөрі, түбегейлі зерттеудің жолына түсіп жүрген белгілі жазушы Әнес ағаның өз қолымен жазғаны, әлдеқайда дұрыс болар еді.

Әрине, Әнес аға адайлар жөніндегі тарихи әңгімелерін жазуға кіріскенде, көптеген зерттеулер мен жүздеген кітаптарды ақтарып  инемен құдық қазғандай, көз майын тауысып, шындыққа жету үшін көп еңбектенгені көрініп тұр. Сенің тарихыңды, сенің ата бабаларыңның тарихын, олардың басынан өткерген қиындықтары мен көрген азапты күндерін, олардың ел болып ұйысып, көздеген мақсаттарына жеткенін, кеше ғана өткен күндей қылып алдыңа жайып салып отыр.

Әнес Сарай, шежіре тарих жазған көптеген ғұламаларды  айта келе, "Бұлардың бірде бірінде толық күйінде, Адай оның  ұлдары Құдайке, Келімберді есімдері кезікпейді. Есесіне Қосай, Құнанорыс, Арыстан, Тобыш, Мұңал, Жеменей, Табынай, Балықшы, Қостай, Боқай ру тайпаларының есімдері ықылым заманнан бергілі" деп жазады.

Бұл енді заңды. Себебі, Келімберді мен Құдайке есімдері екі елдің Мұңалжар тауында тоғысқаннан кейін шыққан аттар. Бұрынғы тарихи әңгімелерде кездеспеуі де сондықтан. Әнес Сарай Адайдан екі бала болмағанын біледі деп ойлаймын.

Қазіргі ауызекі айтылып жүрген шежіредегі сегіз арыс Адай, Құдайкеден Тәзіке, Қосай. Келімбердіден Құнанорыс, Ақпан, Бұзау, Балықшы, Тобыш, Мұңал бұлардың барлығы да ұлы тайпалар екендігі даусыз.

«Адай атына бір кісінің әлдебір көсем,  не атақты батыр олардың басын қосуы мүмкін. Ондай жағдайда әлгі адам есімі ру есіміне айналған деп Әнес аға жазған. Мен мұны өте дұрыс айтылған пікір деп бағалаймын. Бір кездерде яғни XIV ғасырда Жошы ханның ұрпағы Түйеқожа  оғланның Маңғыстау елін билегені тарихтан белгілі. Маңғыстауда оғыз түрікмендерімен қатар, адайлардың да қонысы болғаны, олардың қоныс аударуы, Алтын Орда хандары билеген тұсқа келеді. Сол кезде түркмендердің Маңғыстаудың қара ойын толық иеленіп қалуы мүмкін. Маңғыстау жерінде тек бір адай емес, он екі ата аталатын және жеті рудың Табын, Тама руларының таңбалы құлпытастары кездеседі. Түйеқожа оғланды Орысханды өлтіріп еліне, жеріне иелік етеді. Түйеқожаның ұлы Тоқтамыс ханның азда болса Адтын Орданың тағына отырғаны белгілі.  Міне сол кезде қазіргі Келімберді аталатын рулардың Тоқтамыс ханның жанынан табылуы мүмкін. Тоқтамыс ханды Шәдібек пен Маңғыт Едігенің өлтіруі тарихтан белгілі. Тоқтамыс өлгеннен кейін Тоқтамыс ханның кіші ұлы Керімберді (Келінберді емес)  бұрынғы Түйеқожа оғлының елі Адайлардың басын қосып өзіне жақын тартып әкесін өлтірген Маңғыт Едігеден кек алу мүмкін ғой. Едігені өлтіру кезінде Керімберді ханның өзі де ауыр жарадан қаза табады. Сонымен Керімбердіге қараған ел тарихтың 1419 жылы Шығысқа қарай бет түзеген. Монғолияға барып 16 жылдан кейін Ойраттардың ойранын шығарып, Адай хан атануы осы кез болар.

Әнес Сарай: "шамалауымызша Адайдың Келімберді атасы қазақ даласына 1470 жылдар шамасында келіп, қазіргі Ақтөбе облысының Мұңалжар (Мұғаджар) жотасына қоныс тепкен. Олардың Құдайке-Қосай әулиетімен ұшырасатына осы тұс" деп жазады. Мұңалжары тауында екі ел табысып, мәре-сәре болуын көз алдыңызға елестетіп көріңізші.  Құдайке-Қосай тайпалары Мұңалжары тайпаларына Бұхар бетінен келгендігі белгілі. Монголияны Алтайды басып оралған Керімберді еліне қарағанда мұсылмандығы басым болған. Құдайке-Қосай елі  "Құдай" сөзін көбірек ауызға алған болар. Сондықтан Қосай Тәзіке елін  "Құдай еке" деп аталып қалуы сондықтан болар. Бұл енді жорамал.

Әнес Сарай: "Бұхардың қаракөлінде отырған арғынның қайсы бір топтары атап айтқанда, Бұхар, Алтай, Қарпық, Шақшақ, Қараменде, ҚалқаманТоқаларда, Қосайдың кенжесі Сүйіндіктің қара санын молайтты" деп жазады. Сүйіндік Қосайдың кенже баласы болса болар еді. Арғын руының шежіресінде, Арғын одан Қоданнан Ақжол, Ақжолдың Ергүл деген әйелінен Мейрам сұпы, Мейрам сұпыдан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік, Болат, Қамбар, Шұбыртпалы болып бөлінеді. Қосайдың сүйіндігі деп жүргеніміз Арғын Мейрамсұлының сүйіндігі емес пе екен? Басқа адайларға қарағанда көшіп қонуы аз, сондықтан Сүйіндікті ел "Жаманадай" атаған. Сүйіндіктен Әнес Сарайдың жазған есімдері Арғын руының белгілі аталары. Адайда кірме болмайды.

Адайға кіргің келсе ер болғайсың,

Бұл елде, ер болмасаң, ел болмайсың.

-дейтін бабалардан қалған сөз бар. Жауыңмен жауласса, алысқаныңмен алысса, ондай ерлігі мен елдігі басым елді кірме демейді. Аңқылдаған бауырмал Адай кісінің өзін бағалап, бауырына тартқан. Ал, сатылып келген құл, қыз ұзатқанда қыздың жасауы ретінде берілген құлдың жөні басқа. Қарны тойып, еркіндікке шыққан құл ұрпақтарының өнерін байқап естіп те жүрміз. «Құлды жіберсең еркіне,

Күнде тышар бөркіңе» -дегенді халық босқа айтпаған болар.

- Әңгімеміздің негізгісіне оралсақ.Сонда сіздің пайымдауыңызша, қазіргі Адай тайпасы Дай тайпасынан бастау алады ғой. Сонда әйгілі Томирис ханшайым да осы бүгінгі Адайлармен тамырлас болып шығады емес пе?

- Әрине, Кирдің басын алатын Томирис (Тұмар ханым) осы адайлармен қандас десем қателеспеймін. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында да  келтірілген. Менің айтпағым да Адайдың шығу тегін осы Дайдан іздеуіміз керек. Осыны көпшілігіміз мойындауымыз керек. Себебі, бұған жоғарыда келтірілген тарихи дәйектер куә. Сондықтан Маңғыстау облысының орталығынан Тұмар ханшайымға арнап ескерткіш орнатуымыз керек.Мысалы, атыраулықтар Бейбарысқа ескерткіш орнатты. Мен мұны қатты қолдағандардың бірімін.Сол сияқты менің де ұсынысымды көпшілік қолдайды деген сенімдемін. Біз өзіміздің барымызды бағалай алмай келе жатқан елміз. Ақтау қаласының орталығында бірде-бір Адай батырларының ескерткіші жоқ. Алдағы күндерде осы мәселені халық болып көтеруіміз керек.

- Көбеке, әңгімелесіп отырып көп нәрсенің басын шалдық. Шежіре айтатын сіз сияқты шалдардың қатары сиремесін. Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан: Берік ҚОРҒАН

Маңғыстау облысы.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377