Төрт ғасырлық Рим империясының күйреуі
Аттілінің (немесе Аттылы) кәрі құрлыққа жорығы
Аттілі (Аттила) – түркі-қазақ тілінде осылай аталуы тиіс. Ежелгі қазақ жұрты көне заманда көшпелі халық болған соң, жаңа туған балаларының есімін алдындағы төрт-түлік малдың атымен байланыстырып атай берген. Бұған таңдануға болмайды. Егер нақтырақ айтатын болсақ, ұлдарын «Тұяқ», «Нарбұқа», «Кетбұқа», «Қойбағар», «Қозыбақ», «Наржігіт», «Тайжігіт» сондай-ақ қыздарын «Еркетай», «Құлан», «Бөрте», «Бота», «Ақбота» «Нарқыз» деп кете береді.
Еділ бойындағы (Волга) ғұндардан шыққан соң қазақтар Аттіліні (мүмкін Аттылы) немесе Еділ батыр деп те жалпы түрде атайды.
Өздерін «Күн» немесе «Ғұн» – деп атау сол замандағы көшпелі қыпшақ жұртында көнеден қалыптасқан. Ю.Яковецтің «История цивилизации» - атты ғылыми-зерттеу монографиясында былай дейді: «Их предки были свободными людьми – детьми великих степей, их называли гунны или хунны. Сами они называли детьми Солнца или самим солнцем – Кун, Гун, что по гунский и по казахски означает солнце».
Кезінде қазақтың жайлауы мен қыстауы болған Еділ өзенінің бойынан кәрі құрлыққа қарай әлемге әйгілі даңқты жорығына шыққанда, Аттілі (Аттила) жолында қазіргі Русьті кездестірмеген. Ол кездерде солтүстіктегі көршіміздің мемлекеті тұрмақ, княздықтары да құрылмаған. Ормандарда өз денесінен шығатын зәрімен беті-қолын жуып, балық аулап, аңшылықпен айналысып, ормандарда жабайы түрде күн көрген.
Бұл Еуропа ғалымдарының дәлелдеген шындығы. Осы дәстүрді олар қазіргі күнге дейін ұстанады. Бойына қотыр шықса немесе бір жерін жырып кетсе, «насыбайларының суын» пайдаланады.
Сонымен, кәрі құрлық жеріне шаңдатып кірген Аттілі бастаған ұлы жорық төрт ғасырлық Рим империясына оңдырмай соққы берді.
Көшпелі Ұлы қағанаттың күш-қуаты мың жылдық Римді шошытып жіберген еді. Егер орыс тілінде айтатын болсақ, «Рим – вечный город», – был национальной идеи Римской империи. Көшпелі ғұндардың соққысынан кейін, бұл мәтел жайына қалды. Сол бір уақытта Рим империясының қарамағында жүз миллиондай халық болған екен. (Патрик Ховорд. «Аттила-король гуннов. Человек и миф»)
Қалай десекте, Аттіліне қарайтын ғұндар соншалықты көп емес еді. Бірақ жауынгерлері соғысқа қабілеті жағынан римдіктерден екі-үш есе асып түсетін. Ат үстінде шебер соғысатын. Рим империясына қарайтын жауынгерлер көбіне жаяу жүріп, плангалық ұрыс жүргізетін. Тек темір сауытты рыцарлары болмаса. Шауып келе жатқан ғұн сарбазы оларға жақындамай-ақ, шалма лақтырып, атынан аударып түсіретін. Римдіктер қанша ғасырлар бойы Еуропаның барлық ұлттарын үйіндегі итіндей бағындырып, олардың санасына «біз құлдармыз», – деген сөзді сіңіріп, қалыптастырған еді. Жеке халық болып, дербес мемлекет құруды ой-санасынан біржола сығып тастаған.
Адам шошырлық гладиаторлар соғысын ойлап тауып, кісінің қанын судай шашып, өздері содан кереметтей ләззат алып, адам баласын мазақ қылған Ұлы Римді көшпелі ғұн империясы күлін көкке ұшырды. Каталаун жазығындағы (қазіргі Франция аумағында) мың жылда бір болатын Ұлы шайқас, тұтас Еуропаның ұлттарын мәңгілік құл қылып ұстаған Римді оңдырмай бүк түсірді. Герман, Пари, Гот, Норман, Викинги және тағы басқа толып жатқан ұлттар мен ұлыстар өз бостандығын алып кетті.
Осы арада аздап шегініс жасап, мынаны айта кеткенді жөн көрдік: Атақты ғалымымыз Әлкей Марғұлан «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының дүниеге келгеніне 4000 жыл болған», - деп жазыпты. Сонда бұл дастан Сақтар заманында туған ғой. Осыған қарап біздің қазақтарды; Сақтар, Ғұндар, Түркілер және Алаш жұрты болып қазіргі заманға түрлі атаулармен жеткен десек, қателеспегендігіміз. Сонда, осыған қарап Аттілі немесе Еділ батыр қазақтың төл баласы болғанына жүз пайыз сенуіміз керек қой.
А.Н.Бернштам былай деп жазады: сіз бен бізге нақтырақ болсын деп орысшасын келтірдік. –«Гунны сыграли свою историческую роль приняв участие в крушение огромной многоэтничной и разнородной Римской империи, на политической карте Европы появились новые государственные образования. Вот в этом то и была главная заслуга гуннов и гения Аттилы перед мировой цивилизацией», - дейді.
Автордан: Аттіліне (Аттила)- Еділ батырға өткен жылдары 1600 жыл толды. Кәрі құрлықтағы адамзат тарихында ерекше орыны бар Ұлы Рим империясын құлатып, ондағы бодандықта жүрген жүздеген ұлттарға азаттық алып берген Ұлы ханға және батырымызға Алматының Көктөбесінен немесе Нұр-Сұлтан қаласының орталық алаңдарының біріне алып ескерткіш- монумент тұрғызып бүкіл әлемге мақтанышпен көрсетуімізге болар еді. Бірақ, оған біздің жасқаншақ билік бара қояр мекен.
Бейсенғазы Ұлықбек,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
Abai.kz