Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3782 1 пікір 2 Қараша, 2021 сағат 22:10

Үміт қой

G 20 жиынында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Джо Байден кездесті. 20 минутқа жоспарланған кездесу 1 сағат 10 минутқа созылған десіп жатыр. F-35 тен басталған әңгіме сол ұшақтарды алу үшін төленген 1,4 млрд долларды қайтару немесе модернизацияланған F-16 алуға жалғасқан сыңайлы. Оны түрік басшысы өзі айтты. Шамасы екі президент мәселені шешуге ұмтылған сыңайлы. Сөйтіп АҚШ 40 модернизацияланған F-16 беріп, 80 ұшақты модернищациялауға келісетін тәрізді. Дегенмен Анкара "тым болмаса бізге арналды деп құрастырылған 6 дана F-35 ті алуға тырысамыз" деген. Ол мүмкін емес сияқты.

Дегенмен Ердоған-Байден кездесуі біршама сәтті болды-ау деп ойлаймын. Өйткені Глазгода өтетін БҰҰ -ның климат жөніндегі конференциясына Ердоған бармайтын болды. Негізі Байденмен кездесу және екі ел президенттерінің прессаға шығуы Глазго конференциясы аясында өтуі тиіс еді. Түрік медиасы осы конференция кезіндегі кездесуден жаңалық күткен-ді. Енді G-20 жиыны кезіндегі жүздесуде айтылған мәселелерді талқылай тұратын болды. Өз басым F-35 мәселесі әлі шешілмеді-ау деп болжаймын. Президенттер келіссе де, Пентагонның, Уашингтондағы өзге ықпалды күштердің ұстанымдары бар дегендей...

Бірақ F-16 деп жүргенде Уашингтон F-35 бере сала ма, кім білсін?! Үміт қой.

Амангелді Құрметұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354