Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6838 9 пікір 2 Қараша, 2021 сағат 22:17

Кім көрінген қазаққа ақыл айтқыш болды

Кім көрінген Қазаққа ақыл айтқыш болды. Олай емес, былай істе-мені ғана тыңда деп кеуде соғады. Жасы да, кәрісі де. Дөкей де, блогер де.
Қазақ ақылды. Біледі. Үндемейді. Ішінен тынып жүр.

Әкім қаралар “мен қатырдым” деп зиялылар мен блогерлерді жинап тепсінеді. Мақтауға сияпат алғаны сөйлейді. Қалғандары “жөн” деп өтрік күледі. Өйткені біледі. Ел бюджетінің миллиардтаған ақшасын шашып, тау тұрғызуға да болады. Сұрай алмайтыны- “сол қазынаның қанша қаржысын 20% әлде 40% қалтаңа жымқырып ұрлап қалдын?”.

Ақыл айтқыштар бұл Қазақты ақымақ санайды ау. Төпештей береді. Сұрау келерін түсінбейді. Жемқорлық құзағына ұрынғанда тағы да Қазақты кінәлайды. Мен жасағанымды көрдіңдер, неге қорғамайсыңдар деп…
Қазақ ақылды. Бәрін біледі. Қазақты жамандамаңдар! Әр қазақ маған да жарқын күн туар деп, алласынан өз пешенесіне жазылған бақты күтіп жүр.
Қазақ ақылды, бәрін біледі. Кеше қатарында жүргеннің аяқ асты қалай байып, ақыл айтқыш бола қалғанын көзбен көріп, көңіліне түйген!!!
Қазаққа ақыл айтып, ұрса бермеңдер!
Қазақ ақылды! Қазақ бәрін біледі!

Махат Садық

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351