Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 2366 4 пікір 3 Қараша, 2021 сағат 16:26

Ресей ықпалы: экомикада ұтылып жатырмыз

Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (AERS) Ресей монетарлық саясатының Қазақстан экономикасына әсері туралы сараптама жасады. Орталықтың сарапшысы Евгения Пак өзінің зерттеуінде 2021 жылғы инфляциялық процестер бүкіл әлемдік экономика үшін қиындық туғызғанын айтқан. Біз аталған материалды қазақ тіліне аударып, Abai.kz оқырмандарына ұсынғанды жөн көрдік. 

2021 жылдың сегіз айында Ресейдің Қазақстан тауар айналымындағы үлесі 23,5%-ды құраған. Осы уақыт аралығында Ресейден импорт 35,4%, ал Ресейге экспорт 10,5%-ға жеткен.

«Бұл феноменнің маңызы өте зор. Ресейден келетін импорт көлемінің арқаны есебінен Ресейлік инфляция республикадағы тауар бағасының өсуіне әсер етеді. Ресейдің монетарлық саясатының ЕАЭО елдері экономикасына әсер етуі экономика көлемін салыстыруға әкеледі. Осылайша Ресей Қазақстан экономикасынан шамамен тоғыз есе және қалған үш мемлекеттің экономикасынан 20 есе үлкен екенін анықтаймыз», - дейді сарапшы.

Пак Ресейдің монетарлық саясатының ЕАЭО елдерінің, соның ішінде Қазақстанның экономикасына әсер етуінің теориялық тұрғыдан бірнеше жолы бар екенін атап өтті. Біреуі – инфляция болса, екіншісі – сауда, үшіншісі – пайыздық мөлшерлемелер.

Ресейдегі монетарлық саясатты белгілі бір уақыт кідіріспен жұмсарту Ресейлік инфляцияның өсуіне әсер етеді, ал бұл өз кезегінде  Қазақстандағы бағаның өсуіне ықпал жасайды.

Ресей Орталық Банкі Қазақстандағы инфляцияға жанама әсер етеді. Сондықтан Ұлттық Банктің бұл мәселелеге қатысты шара қолдануына тура келеді. Бұл тезисті Ресей банкінің зерттеуі дәлелдеді.

Қазақстандағы инфляцияның 15,4%-ы сыртқы (экзогендік) факторлармен байланысты екендігі және Ресейдегі монетарлық шок Қазақстандағы инфляцияны түсіндіретін жалпы факторлардың 2,5%-ын құрайтыны айтылған. Мәселен, Ресейдің Армениядағы монетарлық саясатының  үлесі 2,2%-ды, Қырғызстанда 2,1%-ды құрайды.

Сауда жолы екі бағытта да жұмыс істей алады. Теориялық тұрғыдан қарағанда Ресейдегі монетарлық саясатты жұмсарту (негізгі ставканың төмендеуі) рубльдің  теңгеге шаққанда түсуіне алып келуі керек, өйткені рубль активтері қызығушылықты жоғалтады. Ал, бұл өз кезегінде Ресейлік тауарлардың Қазақстандық тауарларға қатысты бағасын неғұрлым тартымды етеді. Нәтижесінде Ресейлік тауарларға Қазақстаннан сұраныс артып (алмастыру әсері), Ресейден келетін импорт көлемі ұлғаяды.

Пайыздық мөлшерлемелер айырмашылығының болуы елдер арасындағы капитал ағынына әсер етеді. Бұл екі елдің валюта бағасынан байқалады. Ресейдегі негізгі мөлшерлеменің өсуі және Қазақстандағы базалық мөлшерлеме мен айырманың азаюы Ресейлік активтерге сұраныс арттырады. Рубль теңгеге шаққанда нығая түседі және керісінше, негізгі мөлшерлеменің төмендеуі және базалық мөлшерлеме мен айырманың өсуі теңгені күшейтеді.

Теңгенің айырбас бағамына Ресейдің монетарлық саясатының әсер ететінін  Ресей Банкінің зерттеуі растайды. Құжатта RUB/KZT динамикасы 32,7%  сыртқы ШОК болса, Ресейдің RUB / KZT динамикасындағы монетарлық саясатының ШОК 10% құрайды. 2 қарашада сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE-де рубль 5,97 теңгеден сатылды.

Сондай-ақ, Пак 2020-2021жылдары екі елдің монетарлық саясатын жүзеге асыру бағыттарын жақындастыру әрекетін байқауға болатынын атап өтті. Бірақ бұл әдейі істелмеуі де мүмкін.

Мысалы, Ресей Орталық Банкі негізгі мөлшерлемені 2020 жылғы ақпанда 6,25%-дан 6%-ға дейін төмендете бастады. Содан кейін сәуірде 5,5%-ға дейін, маусымда 4,5%-ға дейін, шілдеде 4,25%-ға дейін төмендеді. Мұндай жұмсақ монетарлық шарттар 2021 жылдың наурызына дейін созылды. Содан кейін мөлшерлеме көтеріле бастады және қазір ол 7,5%-ға деңгейіне жетті.

Сонымен қатар, Ұлттық Банк 2020 жылғы ақпанда базалық мөлшерлемені 9,25% деңгейінде сақтап қалды, ал наурызда  12%-ға күрт көтерді. Алайда, 2020 жылдың сәуірінен бастап реттеуші базалық мөлшерлеменің бірқалыпты төмендеуі байқалды. Бұл екі елде 2021 жылдың басына дейін созылды. Бүгінде Қазақстанда жылдық базалық мөлшерлеме 9,75%-ды  құрайды.

Бірақ симметрия қайта бұзылды. 2021 жылдың наурызынан бастап Ресей Орталық Банкі монетарлық саясатты қатаңдата бастады, ал, Қазақстан 2021 жылдың шілдесінен бастады.

«Пайда болған асимметрияны екі елдегі инфляцияның әр түрлі деңгейімен түсіндіруге болады. Атап айтқанда, 2021 жылы Ресей инфляциясы Қазақстанға қарағанда анағұрлым жылдам қарқынмен өсті. 2021 жылдың тамыз айынан бастап екі елдің монетарлық саясатындағы түйісу нүктелерін байқауға болады», – деп нақтылады AERC талдаушысы.

Айжан Темірхан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347