Қажымұқан Ғабдолла. Ой-арманы ойран болған оралманым...
Мен түсінбейтін бір нәрсе: қазақ секілді телегей-теңіз аққан мұнайы жоқ, сирек кездесетін түрлі-түсті металдары жоқ, асып-төгілген астығы жоқ. Алатақиялы ағайынның дені Қазақстан мен Ресей асып, нан іздеп жүр. Бірақ, жоспарлап қойғандай жүйелі өсіп, қарағұрым көбейіп келеді. 1990 жылдары өзбектер 19 млн-нан сәл асса, бүгін 27 млн-ға жетіпті. Яғни 20 жылда жыл сайын 400 мың адамға көбейіп отырған...
Қанша жерден қазақты «қоңсымыз ғой» деп, майда тілімен мәймөңкелетсе де, өзбектің талабы қатал, заңы мірдей. Өзбек билігі Қазақстанға көшкісі келген қазақтардың үйлерін де, мал-мүліктерін де ешкім сатып алмайтын етіп, астыртын нұсқау беріп қойған көрінеді. Байғұс қазақ дымсыз қайтып, кімді паналайды?..
Бірақ, кейбір намысы шоқтай қызба да қайсар қазақтар, амал нешік, көк тиынсыз ата-баба топырағына жетіп-жығылып жатыр: «Өзге елде - сұлтан болғанша, өз еліңде - ұлтан бол» деп...
Айтса-айтқандай, туған топырақтағы бауырлары осы күнде ата-бабасының отанына қайтқан қазақтарды шынымен ұлтан қылуға айналды.

О баста осы «оралман» дейтін одағай сөздің өзі отанын аңсап жеткен қазақ үшін түрпідей тиген еді. Қытайдан, Моңғолдан, Өзбекстаннан, Германиядан, Түркиядан, мейлің, Африкадан келсең де - жергілікті қазақ сағынып жеткен қандасын - өз қазағын «қазақ» деп атамады, тіпті, «оралман» да демеді, бәр-бәрін келген елінің атымен «қытай», «мыңғол», «өзбек» деп бұра тартты... «Жазған құлда шаршау бар ма?!.», келген қазақ бұған да көнді, бәлкім, «уақыт өте келе, бұл алалау ауыздықталар» деп үміттенді...
Үкілі үміттің нәзік қылдарын 2010 жылдың көктеміндегі қанды Қызылағаш қасіреті шарт үзді. Болмысы бүлініп, рухы ластанған кейбір қазақтар Қызылағашта қапада қаза тапқан оралмандарды «кінәлауға» дейін барды. Ал, сол жылдың жазында Қызылағашқа әупірімдеп жеткен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Оралмандар еліміздің игілігі үшін әзір қажетті деңгейде тер төге қойған жоқ» деген сыңайда сыңаржақ әңгіме айтты...
Сол сәттен бастап, оралмандардың орманына от қойылды. Алдымен, Маңғыстаудың Жаңаөзеніндегі мұнайшылардың талап-тілектерін «тыңдауға» барған Тимур Құлыбаев: «Түркіменстан мен Қарақалпақстаннан келген оралмандар жергілікті мұнайшылардың көтерілуіне бастамашы болған!» - деп, мәлімдеді... Ал, Жаңаөзен трагедиясынан кейін Өмірзақ Шүкеев: «Жаңаөзенге оралмандарды орналастыруды доғару керек» - деп, мәселенің белінен бір-ақ басты...
Үкімет қандастарымызды еліне қайтару туралы мемлекеттік бағдарламаны уақытша тоқтатып қойды. Әйткенмен, әдейі ерегіскендей елдегі көші-қон саясаты күннен-күнге қоюланып, ендігі жерде бір дүрбелең таянғандай сезіледі...
...Тәуелсіздіктің 20 жылында елге жетіп-жығылған 1 млн қандас қазақтарымыздың жағдайы кісі қызығарлық емес. Меніңше, мүлдем тың бағыттағы, алдан-ала зерттеліп, болжамдар жасалған, терең жүйеленген жаңа Көші-қон бағдарламасын дереу әзірлеу керек. Жердің бетіндегі әрбір қазақты есепке алатын, қазақ ұлтының алдағы, айталық, 3, 5, 7, 10 жылда қалай, қанша көбейетіндігін талдап-болжайтын және тұрмыстық жағдайларын жасауды ғылыми тұрғыда зерттейтін һәм жүзеге асыратын арнайы Көші-қон министрлігін құру қажет.
Отанына оралатын қандастарымызды агорөнеркәсіп кешенін дамытатын, тіліміз бен мәдениетімізді өркендететін аймақтарға жоғарғы дәрежедегі ықтияттылықпен, дәлме-дәл есеп-қисаппен, мемлекеттің материалдық қолдауымен жүйелі тәртіппен орналастыру керек. Бұл мәселедегі жемқорлықты аса қатал заңдарменен қадағаласақ, қазағымыз - ішкі есебімізден де, оралған қандастарымыздың есебінен де дүр көбейіп шыға келмек...
Шығысымызда - бір жарым миллиард құжынаған қытай, батысымызда - он есе көп орыстың орманы, ортан белімізде бір қазаққа - үш өзбек...
Басты мақсат та, мүдде де жалғыз ғана - қазақ қалайда көбеюі керек! Тезірек өсіп-өнуі керек!!! Бәлкім, Қазақ Елінің жақындағы жарты ғасырлық ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ да осы болуы керек шығар!
«Абай-ақпарат»