Сенбі, 19 Сәуір 2025
2522 0 пікір 5 Қараша, 2021 сағат 12:59

Баспанасыз қоғам: Шарықтаған пәтер құны

Қазақстанда бір жылда тұрғын үйді жалға алу құны 19%-ға өскен. 2021 жылдың қазан айында жалға берілетін тұрғын үйдің құны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда рекордтық 18,5%-ға артқан. Бір жыл бұрын баға осы уақытта 9,8%-ға өскен еді. 

Өңірлік тұрғыда бағаның жылдық өсімі Алматы облысында 4,2%-дан Батыс Қазақстан облысында 37,4%-ға дейін ауытқиды. Сарапшылардың бағалауынша, қыркүйекте бағаның өсуі 1,1%-ды құрады. Ал бағаның ай сайынғы айтарлықтай өсуі тамызда байқалды, тамызда шілдемен салыстырғанда баға бірден 4,2%-ға өскен.

Қыркүйек айында өз кезегінде жайлы тұрғын үйді жалға алу тамыз айымен салыстырғанда 2,1%-ға өсіп, шаршы метріне орташа есеппен 1877 теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың қыркүйегіндегі ең қымбат жалға алу Нұр-Сұлтан (бір шаршы метрге 3443 теңге) мен Алматыда (бір шаршы метрге 3062 теңге) болған. Артынша Ақтау (бір шаршы метрге 2359 теңге) және Түркістан (бір шаршы метрге 2307 теңге) қалалары жайғасыпты. Ең арзан тұрғын үйді Таразда (шаршы метріне 1370 теңге), Қызылордада (1398 теңге) және Семейде (1452 теңге) жалға алуға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2036
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4897
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4093