Сейсенбі, 7 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 670. Жазылғандар — 47. Қайтыс болғандар — 6
Жаңалықтар 1624 0 пікір 19 Шілде, 2012 сағат 08:46

Азат Перуашев: «Бала туу жасындағы әйелдерді жұмысқа алмайтын болады»

Жақын арада декреттік демалысқа шыққанда жас аналарға әлеуметтік төлемдерді жұмыс берушілермен жүргізуді көздейтін заңға түзетулер Қазақстан парламентінің қарауына енгізілді. «Ақ жол» партиясының лидері Азат Перуашев осыған байланысты ведомствоны мүлдем таратуды ұсынды.

Перуашев осы жаңа енгізулермен үзілді-кесілді келіспейді. Bnews.kz тілшісіне интервью бергенде Парламент Мәжілісінің депутаты және «Ақ жол» лидері осындай түзетулер азаматтарды әлеуметтік қолдау үшін жауапкершілік мемлекеттік ведомстволардан кәсіпкерлерге аударылатынына себепші болатынын баяндады.

«Бұл үлкен ақылсыздық. Біз әлеуметтік құрылымдарды олардың тікелей жауапкершілігінен жалтартамыз. Олар еңбекақыны алғысы келеді, бірақ ештеңемен айналысқысы келмейді. Мен кәсіпкер ретінде салық төлеймін, осы салықтар бала күту бойынша ұстау үшін де, декреттік демалыс үшін де, және шекараны қорғау үшін, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін де және басқа да толып жатқан істер үшін төленуі тиіс, бұл кәсіпкердің әлеуметтік салығын қоса алғанда, менің салықтарым», -деп депутат мәлімдеді.

«Бүгінгі таңда бізде осындай беталыс бар - мемлекеттік органдар еңбекақыны алғысы келеді, бірақ ештеңеге жауап бергісі келмейді. Олар өздеріне қымбат машина алғылары келеді, сән-салтанатты офистерді салғысы келеді, ал өзінің тікелей міндеттерін тағы да біздің отандастарымызға аударғылары келеді», -деп депутат баса айтып өтті.

«Ақ жол» лидері сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт қызметін ведомствоға қарасты құрылымға айналдыру түріндегі, одан кейін бүкіл кәсіпорындарды қызмет көрсетуге шарттарды жасауға міндеттейтін жаңалығын атап өтті.

«Мен салық төлеуші болсам да, салық төлесем де, бір жағдай болып қалса да, мен өртке қауіпсіздігімді қамтамасыз ететін құрылымға төлеуім қажет. Не үшін? Неге? Осы салықтардың арқасында сіздер (министрліктер - агенттіктің ескертпесі) күн көресіздер. Мемлекеттік міндеттерді коммерцияға неге айналдырасыздар?»,- деді ашынған  мәжілісмен.

«Енді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі. Олар жақсы табысқа, жақсы бюджетке ие болғылары келеді, айтпақшы ол демекші, игерілмей жатады. Осы бюджеттің есебінен жақсы жалақылардың, мүмкіндіктердің бар болуын, тендерлердің өткізілуін және басқасын қалайды. Бірақ сонымен қатар әлеуметтік, балаларды күту бойынша төлемдерді жүргізу жөніндегі тікелей міндетін жұмыс берушіге аударғысы келеді», -деп жалғастырды Перушев.

Оның сөзі бойынша бұл Конституцияға қайшы келеді және ішінде елеулі бір аспект бар. Саясаткер жұмыс берушілер бала туу жасындағы әйелдерді жай ғана жұмысқа қабылдауды доғара салады деп алдын ала ескертеді.

«Біреудің бала туғанын мен неге төлеуім керек, мен оған қандай қатысым бар? Мен салық төледім. Демографияны дамыту - бұл мемлекеттің қамы», - деп ақжолдық атап өтті.

Оның пікірінше, осы жаңалықтар енгізудің орнына мемлекет ынталандыратын шараларды қолдануы тиіс.

«Көптеген кәсіпкерлер өз қызметкерлері үшін қосымша төлемдерді төлейді, әлеуметтік қорғау нысандарын қабылдайды, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етеді. Осындай істерді көтермелеудің орнына, біз «қол бұраумен» айналысуды бастаймыз»,- деп сынайды Перуашев.

«Президент жақында өткен индустриалдық форумда баяндама жасағанда, жұмыс беруші жас әйелдерді жұмысқа алғанда жүктілік болған жағдайда жұмыстан шығару туралы өтінішті де бірден алып алатын факт алаңдатады. Қазір Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жаппай құбылысқа айналуына апаратын түрі бар. Олар біз осымен кері әсерге жететініміз туралы ойланбайды. Жас отбасылар мен жас аналарға қолдау көрсетудің орнына бұл мүлдем негативті түрге айналуы мүмкін»,-деп Перуашев алаң болды.

Саясаткер парламенттің қарауына қазірден енгізілген осы өзгерістер ведомстволық құрылымдарға байланысып қалған шенеуніктерге пайдалы деп айтады.

«Бұл түзету парламенттің қарауына  түскен болатын, бірақ депутаттардың бастамасы ретінде. Біз ведомстволық мүдделерге тікелей байланысты депуттардың бар екенін білеміз және осындай түзетулерді солар енгізіп жүргенін білеміз», - деп айтты «Ақ жол» лидері.

«Есептеу комитетінің осы барлық министрліктер бойынша қорытындылары қандай екенін қараңызшы. Қомақты игермеу, төлемдерді офшорлық аймақтарға жіберу, нарықтық бағалардан 4 есе асатын бағалар бойынша тауарларды тарту. Бұл ешқайда жарамайды ғой. Министрліктер өздеріне кезекті пайда түсетін жерлерді ойлап таппай, осымен айналысулары тиіс қой. Қалай бюджеттен дәл сол төлемдерді алып, оларды тағайындалымы бойынша емес жіберуге, ал өзінің міндеттерін кәсіпорындарға аударуға болады?» - деп бетке басып отыр Перуашев.

«Сендер сонда не үшін керексіңдер? Мұндай жағдайда министрлікті таратып, кетіңдер, азаматтардың өздері бәрін жасайды. Осындай дәрежеге де жеттік», - деп ызаланды депутат.

«Менің ойымша, бұндай бастамалар экономика дамуына да, қоғамның дамуына да, әсіресе Мемлекет басшысы айтқан әлеуметтік жаңғырту міндетінің жағдайында зиян келтіреді. Бізге қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттесу одан да таза, түсінікті және қисынды сипаттамада болуы керек. Бүгінгі таңда, өкінішке орай, беталыс мемлекеттік органдар өздерінің тікелей міндеттерін барынша орындамауға, өз әрекеттері үшін жауап бермеуге, ал өзінің тікелей жауапкершілігін азаматтардың өз иықтарына аударуына бет алып бара жатқанын көріп отырмыз», -деп қорытындылады Перуашев.

«Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

0 пікір