Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2888 0 пікір 15 Қараша, 2021 сағат 16:55

Қырғыз-өзбек шекарасында оқ атылды

14 қарашада барымтаға жол бермеу үшін Ала-Бука шекара бөлімшесінде шекарашылар үш рет оқ атқан. Бұл жөнінде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдеді.

Жалал-Абад облысының Аксы ауданының Таза-Суу елді-мекенінде Ак-Дөбө ауылының елу шақты тұрғыны Өзбекстан аймағына заңсыз мал айдап өтуге әрекет етіп жатқанда тоқтатылған.

Олар шекарашылардың талабына бас имегендіктен, үш рет ауаға оқ атуға мәжбүр болған.

Оқиға болған жерге Ала-Бука шекара отрябының командирі және Аксы аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Ак-Дөбө ауылының жергілікті тұрғындарымен түсіндіру жұмысын жүргізгеннен кейін, жиналған жұрт тараған.

Өзбекстан бұл оқиға жайында әлі ресми түсініктеме бермеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2415
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4079