Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4401 0 пікір 23 Шілде, 2012 сағат 10:01

ШҚМТУ: 20 қадамға қарай қаз басқан түлек тәрбиелеп жатыр

Әлеуметтік селқостықтан жалпыға ортақ еңбек қоғамына бағыт ұстайық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған қазақстандық дамудың жаңа жолы еліміз еңбекшілерінің жігерін тасытып, күш-қуатын еселей түсті.

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қа­дам» деп аталатын бағдарлама­лық мақалада бүкіл жаңғырту үдерісі табысының басты фак­торларының бірі ретінде білім берудің ұлттық жүйесін жаңалау көрсетілген. Бұл істегі жағдайға сын тұрғысынан талдау жасалып, күрделі мәселелерді ше­шудің негізгі жолдары ай­қын­далған. Қазақстан мектебінің жаңа жүйесінде өсудің формальды сандық көрсеткіштерін емес, басымдық тек нақты сапалы дамуға берілген.

Осыған байланысты негізгі құндылық жасампаз еңбек болуы тиіс. Қазақстан ғалымдары мен педагогтарының нағыз ин­новациялық әлеуметтік орта қа­лыптастыру жолындағы жауап­кершілігі еселеп артады. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың маңызды бастамалары да осыған меңзейді.

Әлеуметтік селқостықтан жалпыға ортақ еңбек қоғамына бағыт ұстайық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған қазақстандық дамудың жаңа жолы еліміз еңбекшілерінің жігерін тасытып, күш-қуатын еселей түсті.

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қа­дам» деп аталатын бағдарлама­лық мақалада бүкіл жаңғырту үдерісі табысының басты фак­торларының бірі ретінде білім берудің ұлттық жүйесін жаңалау көрсетілген. Бұл істегі жағдайға сын тұрғысынан талдау жасалып, күрделі мәселелерді ше­шудің негізгі жолдары ай­қын­далған. Қазақстан мектебінің жаңа жүйесінде өсудің формальды сандық көрсеткіштерін емес, басымдық тек нақты сапалы дамуға берілген.

Осыған байланысты негізгі құндылық жасампаз еңбек болуы тиіс. Қазақстан ғалымдары мен педагогтарының нағыз ин­новациялық әлеуметтік орта қа­лыптастыру жолындағы жауап­кершілігі еселеп артады. Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың маңызды бастамалары да осыған меңзейді.

Жалпыға ортақ еңбек қоға­мына қарай жиырма қадам аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ұжымы өзінің кешенді шаралар жоспарын жасады. Оны жүзеге асыру әлеуметтік жаң­ғыртуға қуатты серпін беруі тиіс. Бағдарлама жасау барысында жас мамандарды даяр­лау­ға, қайта даярлауға және жұ­мысқа орналастыруға ерекше маңыз бердік. Президент дипломды жастардың жұмыс­сыз­дығына, жоғары оқу орындары түлектерінің арзан жұмыс күші ретінде пайдаланылатынына орынды өкініш білдірді. Әрбір жас маман оқытудың толық­қанды циклынан өтуі керек, сонда ғана ол еңбек рыногында талапқа сай, қуана қарсы алынатын қызметкер бола алады.

Ол үшін бүгінгі жағдайда кадр­ларды даярлау мен қайта даярлау үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламамен біте қайнаса іске асырылуы қажет. Бұл ретте оқу үдерісіне маманға тапсырыс беруші, яғни жұмыс беруші қосылуы тиіс. Ол бола­шақ маманның кәсібилігіне, оның нақты бір кәсіпорынның талаптарына сай болуына мүд­делі болуы керек. Бұл жерде соңғы жылдары жұмыс беруші­лер Шығыс Қазақстан мемле­кет­тік техникалық универси­те­тінің әріптестеріне айналып келе жатқанын, жоғары оқу орны мен өндірістің мүдделері бір арнаға тоғысқанын айта кеткен орынды. Кәсіпорын өзіне қажет болашақ маманын алдын ала таңдап алады. Ертеңгі инженер болашақ жұмысына нақты өнді­рістік жағдайда баулынады. Ол еңбек үдерісіне бойлап, жұмыс орнын көзімен көріп, өндірістік қондырғыларда жұмыс істеуге үйренеді. Осылайша ғана тео­риялық білім тікелей өндіріспен байланысады, студенттің дүние­танымы орнығады.

Болашақ инженер әзірлеудің ең төте жолы осы деп білемін. Сондықтан барлық маман­дық­тар бойынша осы модель қол­данылады. Білім берудің мем­лекеттік стандарттарында көз­делген міндетті пәндерден тыс жоғарыдағыдай сұраныстан ту­ған қосымша курстарды университет өзі талдап жасайды. Бұл тұста еңбек рыногының нақты талаптары қатаң ескеріледі. Қо­сымша курстар жасауға жұмыс беруші міндетті түрде қаты­сады, оның пікірі мен тілегі бойынша қосымша пәндердің каталогы жыл сайын өзгеріске ұшырап, толықтырылып отырады. Оқу үдерісін бұлай ұйым­дас­тыру болашақ маманның еңбекке батыл араласуына жол ашары даусыз. Бүгінгі таңда барлық маман шығарушы кафедралар студенттермен жұмысты осылай істейді. «Геология және кен істері», «Химия, металлургия және байыту» кафедралары «Қазцинк» базасында өз филиалдарын ашты. Сөйтіп, ауыр, түсті, бағалы және сирек металдар жөніндегі дәрістер тікелей кәсіпорында оқылады. Жұмыс берушілер емтихан қабылдауға да белсене қатыстырылады. Ай­мақтағы автомобиль өнеркәсібін дамытудың қарлығашы «Азия Авто» акционерлік қоғамы болса, оған мамандар ШҚМТУ-да даярланады. Қазақстандағы осы ірі автомобиль жасаушы кәсіп­орын мен біздің университеттің әріптестік қарым-қатынасы да көңіл аударарлық.

Қазіргі таңда Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың түлек­теріне шетелдік компаниялар өкілдерінің көңілі ауа бастады. Әсіресе, кен өндірушілердің қы­зығушылығы басым. Осыны ескере отырып, біз студент­тердің сегіз тобын құрдық. Олар алдағы оқу жылынан бастап ағылшын тілінде білім алады. Көп тілді маман әзірлеу саясатын алдағы уақытта да терең­дете бермекпіз.

Президент атап айтқандай, даму барысымызда біз кәсіби деңгейі отандық өндірістің сапасын қамтамасыз ететін практик-еңбеккер тәрбилеудің қанша­лықты маңызды екенін баға­лай­тын межеге жеттік. Ол құрылыс, коммуналдық қызмет көрсету және экономиканың басқа да салаларының мамандарына тү­гел қатысты. Д.Серікбаев атын­дағы ШҚМТУ-дың колледжінде болашақ металлургтер, механиктер, құрылысшылар, бағдар­ламашылар және бухгалтерлер заман талаптарына сай жаб­дықталған құрылыс, слесарь жә­не дәнекерлеу шеберханаларында оқиды, зертханалар мен кабинеттер жыл сайын жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Оқу үде­рісі шәкірттер оқу семестрінің алғашқы күнінен қаланың «Қаз­цинк», Үлбі металлургия зауыты, Титан-магний комбинаты, «Азия Авто», «Востокмашзавод» сияқты ірі кәсіпорында­рында еңбектің әдіс-тәсілдерін меңгеруден бастайтындай ұй­ым­дастырылған. Бұл кәсіп­орын­дарда практикадан өту, олардың өкілдерімен жүзбе-жүз кездесу студенттердің болашақ маман­дықтарының қыр-сырын терең сезініп, игеруіне, білімдерін жыл­­­дам жетілдіріп, ертеңгі істеріне етене төселуіне игі әсер етеді. Ал колледж бен жұмыс берушілердің мұндай тығыз ын­тымағы өндірістік тәжірибе­ден өткен кезде өзін алғырлы­ғымен көрсеткен жастардың ертең еш­бір қиналыссыз жұ­мыс­қа қа­былданатынына кепіл­дік бе­ре­ді. Жастардың жұмысқа орналасуына жасалған талдау түлек­тердің басым бөлігі өнді­ріске араласқанын көрсетті.

Университетте ардагерлерді, оқытушылар мен студенттерді әлеуметтік қорғаудың жақсы дәстүрі қалыптасқан. Кәсіподақ ұйымымен жасасқан ұжымдық келісімде оқытушылар мен шә­кірттерге жасалатын жеңіл­дік­тер нақты айқындалған. Үсті­міздегі жылы ғана тұрмысы тө­мен студенттерге, жағдай­ла­рына қарай кейбір оқытушылар мен қызметкерлерге 150 миллион тең­генің көмегі көрсетілген. ЖОО-да бұрындары қызмет еткен ардагерлерді де естен шы­ғармаймыз.

Елбасы алға қойған міндет­терді жүзеге асыруға бағыт­талған шаралар жоспарында біз тұрмысы төмен отбасыларынан оқып жатқан студенттерге же­ңілдік жасау жүйесін одан әрі жетілдіруді, қызмет­керлерді ма­териалдық қолдау­ды күшейтуді, ата-анасыз шә­кірттерді жұмыс­қа орналастыруды ұйымдас­тыру, талантты магистранттарды, докторанттар және жас ға­лымдарды қол­дау жүйесін те­реңдетуді, студенттер мен жас ғалымдардың академиялық ұт­қырлығын жо­ғар­латуды, білім беру, ғылыми және иннова­циялық қызметтің деңгейін барынша арттыруды көздеп отырмыз.

Аталмыш еңбегінде Президент оқыту үдерісіндегі тәрбие жұмысын барынша күшейтудің маңыздылығына да назар аудар­ған. Университеттің әлеуметтік-тәрбие жұмысының бағдарлама­сында сегіз қырлы, бір сырлы, жанын арының садағасы деп санайтын, жақсы маман ғана емес, елі мен жерін қастерлейтін, ерік-жігері мығым азамат тәр­биелеуге басымдық берілген. Біздің түлегіміз дені сау, көкі­регі ояу, өмірдің кез келген ке­дір-бұдырынан қиналмай жол табатын болуы керек. Бүкіл тәр­бие жұмысы осы мақсатқа бағытталған.

Өмір алдымызға күн сайын соны міндеттер қояды. Жарты ға­сырдан астам тарихы бар ШҚМТУ-дың ертеңі жарқын. Біздің жоспарымызда тұр­мыс­қа қолайлы жатақхана, спорт ке­ше­нін салу, оқу ғимаратын ке­ңейту бар. Болашақта 66 гектар алқап­ты алып жатқан студенттер қа­лашығы әлеуметтік жаң­ғы­рудың жарқын үлгісі болатындай тұтас кампусқа айналады.

Президентіміз ұсынған 20 тапсырманы бұлжытпай орындау Қазақстан халқы үшін абыройлы іс болмақ. Бұл біздің ұжым­­ға да сын деп білеміз. Уни­­­верситет профессорлары мен ғалымдары осы бір жауапты шаруаның алғы шебінен көрінуі үшін шығармашылықпен еңбек ете береді.

Нұрлан ТЕМІРБЕКОВ,

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан

мемлекеттік техникалық университетінің ректоры

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5291