Сенбі, 23 Қараша 2024
2499 13 пікір 18 Қараша, 2021 сағат 18:04

Шөкеевтің жалақысы 2 миллион теңге

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің лауазымды қызметі үшін алатын ай сайынғы жалақысы қанша екені белгілі болды. Өңір басшысының жалақысы шамамен - 4400 АҚШ доллары мөлшерінде, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Әлеуметтік желілерде Өмірзақ Шөкеевтің жалақысы кеңірек талқыланып жатыр. Facebook қолданушысы әрі жергілікті журналист Балтабек Түйетаев әкім айына 1 миллион 900 мың теңге алатыны туралы жазды.

"Қарапайым халық бұл жалақыны естіп "шок" болды-ау деймін. Өйткені мұндай қомақты жалақы алу көп адамға қол жетпес арман ғой. Саябақ жұмысшысы мен аула сыпырушы 45-55 мың теңге төңірегінде жалақы алатынын өз аузынан күнде естуге болады. Жалақысыз өмір сүріп, өзін-өзі сүйреп, бір үзім нанға әрең тиын — тебен тауып жүргендер де бар...", - делінген жазбада.

Желі қолданушыларының бірі Өмірзақ Шөкеев жалақысына сай жұмыс атқарып отыр десе, енді бірі оны сынның астына алды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова аймақ басшысының жалақысы 1 миллион 900 мың теңге екенін растады.

Былтыр Өмірзақ Шөкеевтің айлығы 981 598 теңге болатын. Бұл туралы еліміздің бірқатар БАҚ беттерінде жарияланды.

Айта кетейік, ертең, 19 қарашада Түркістан облысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауы аясында өңірдің дамуы аясындағы жұмыстары туралы брифинг береді.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443