Жексенбі, 10 Мамыр 2026
Жаңалықтар 1900 0 пікір 3 Қараша, 2021 сағат 16:18

Алматы облысы: «Саналы ұрпақ» - Сыбайластыққа қарсы іс-қимыл шарасы өтті

Алматы облысының «Сыбайластыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен» бірлескен «Саналы ұрпақ» жобасы ұйымдастырылып, Сарқан аудандық политехникалық колледжі жоба жеңімпазы болды.

Жемқорлық қоғам дерті болып тұрған шақта мұндай тәрбиелік мәні зор жобалар керек-ақ. Осы мақсатты іске асыруда парақорлыққа қарсы құрылған «Саналы ұрпақ» клубы 4 мыңнан астам  колледж жастарын біріктірген.

Сарқан аудандық политехникалық колледжі директорының орынбасары Анаргүл Өмірбекова бір жыл бойы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді болған оқу орындарын Талдықорған қаласына шақырып салтанатты түрде марапаттағанын айтты. «Басты мақсатымыз жастардың санасын жақсы жаққа бағыттап, өзгерту» дейді ол.

«Студент емтихан тапсырарда мұғалімдер пара алмай, жастардың өз білімімен бағасын әділ алуын қамтамасыз ету мақсатында осындай шаралар ұйымдастырылып отыратын» айтты Алматы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлсара Исағұлова.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2323
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1699