Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1654 0 пікір 24 Қараша, 2021 сағат 16:36

Алматы облысы: Көп балалы аналар кәсібін дөңгелетіп отыр

Алматы облысында әкімдіктен ұдайы көмек сұрап келген аналар кәсіпке бет бұрып, істерін дөңгелете бастады, Мәселен, Талдықорғанда «Асыл аналар» қоғамдық қоры құрылды. Ол жерде көпбалалы және мүгедек балалары бар аналар тігін цехын ашып, өз істерімен айналысып жатыр.

Өмірлерін 100 пайызға өзгертіп жатқан бұл жандар барлығына үкіметтік емес ұйым арқылы қол жеткізгенін айтуда. «Әкімдікке барып, бізге үй керек, азық-түлік керек деп сұрап жүретінбіз. Содан кейін түсіндік, қашанға дейін біреуге қол жайып, көмек сұраймыз. Сол себепті облыс басшысына өз тігін цехымызды ашып, жұмыс істесек деген ұсынысымызды білдірдік. Бізді қолдап, осындай тігін цехын ашып берді. Қазір сол жерде 23 ана жұмыс істейді. Үкіметтік емес ұйым ашып, құрал-жабдықтарды лизингке алып берді. Қазір түрлі заттарды тігуге тапсырыс алып, жұмысымызды істеп жатырмыз», - деді үкіметтік емес ұйымдар арасында өткен байқаудың жеңімпазы Әйгерім Жоламанова.

Бүгінде жақсы нәтиже көрсетіп үлгерген «Асыл аналар» тігін цехы үкіметтік емес ұйымдардың ішінде үздік жоба деп танылды. «Қоғам мен мемлекеттің орнықты даму мүддесіндегі әріптестігінің 30 жылы» атты форумда өзге де үкіметтік емес ұйымдар марапатталды. «Алматы облысы бойынша 920 мемлекеттік емес ұйым бар. Бірақ соның бәрі белсенді жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Дегенмен, 500-ден артығы Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, өздерінің өрісін кеңейтіп, жұмыстарымен танылып жатыр», - деді Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов.

Үкіметтік емес ұйымдарға Алматы облысында қолдау көп. Мәселен, биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін 350 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген. Одан бөлек түрлі гранттарға да қаржы беріледі. Үкіметтік емес ұйым жайлы бейхабар жандар үшін арнайы ғимарат салынып, ол жерде бағыт-бағдар беретін мамандар да отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354