Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1840 0 пікір 22 Қараша, 2021 сағат 17:07

Алматы облысы: Вице-министр өңірдегі құқық қорғау саласын тексерді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың Талдықорған қаласына жұмыс сапарымен келуіне орай жиын өтті. Алматы облыстық әкімдігінде болған жиынға облыстық полиция департаментінің бастығы Серік Күдебаев, ішкі істер, құқық қорғау органдары және облыстық басқармалардың өкілдері қатысты.

Мәжілісті облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов жүргізді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауындағы ішкі істер органдарына қатысты берген тапсырмаларын оқып берді.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полиция қызметіне жаңа өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Ішкі істер органдарының жүйесінде көп өзгеріс болып жатқанын айта келе, технологиямен жабдықталған, заманауи, халық сеніміне ие, жоғары деңгейдегі полиция құру – негізгі мақсат екеніне бас назар аударды. Біршама әлеуметтік зерттеулерден кейін полиция жүйесіндегі кейбір қызметтер алынып тасталған. Жаңа өзгерістерге орай, қазірден бастап кез-келген азамат әлеуметтік желі немесе мобильді қосымшалар арқылы байланысқа шыға алады деді ол.

Қылмысты болдырмау үшін әрі жол ережесін дұрыстап қадағалау үшін кажетті жерлерге камералар орнатылып жатқанын,  оған қоса адам көп жиналатын жерлерге модульді бекеттер орналастырылып, тұрғын үйлердің жанында полиция пункттерінің жұмыс істеп тұрғаны жөнінен Алматы облысының көш бастағанын жеткізді министрінің бірінші орынбасары.

Марат Қожаев қоғамдық қауіпсіздікті арттыру үшін қолға алынған сервистік моделдің  жоспарымен таныстырды. Полицияның сервистік моделі қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, ішкі істер органдары қызметінің қолжетімділігін арттырады. Мысалы, мектеп оқушысы заңға қарсы әрекет жасаса, оған тек полиция ғана емес, туындаған мәселеге оқушыға қажетті сала мамандары бірлесіп атсалысатын болады. Бұл қылмыс деңгейін төмендетіп, заңбұзушылықты азайтатын тәсіл.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Сервистік моделді» енгізу жөніндегі эксперттік топқа арнайы ашылған кабинетті көріп шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409