Алматы облысы: Балабақша саны көйбеймек
2020-2025 жылдар аралағында елімізде 38302 орынға арналған 316 балабақша ашу міндетіліп отыр. Бұл – «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиялық жобасының білім саласына қатысты бес жылдық жоспарында бекітілген. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
Abai.kz ақпараттық порталы 2021 жылды қорытындылай отырып, Алматы облысындағы балаларды балабақшамен қамту жұмыстарына аз-кем шолу жасаған едік. қарап шығамын десеңіз, мархабат: Сонымен оьблыстағы балабақшамен қамту жайы қалай? Соңғы жылдары мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді дамыту үшін мемлекет пен жекеменшік мекемелер арасында серіктестік орнатылған. Соның нәтижесінде жалғыз Алматы облысында 1340 балабақша жұмыс істеп тұр. Оның 845-і жекеменшік мекеме. Ал, 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі бүлдіршіндерге білім мен тәрбие беруді көрсеткіші 98,5 пайызға жетеді.
Балабақша санының артып, бүлдіршіндерге тәрбие беру ісі тәуелсіздік алған жылдардан бастап қолға алынып келе жатқан іс. Мысалы, 1997-2000 жылдары 47 балабақшада балалардың 3,1 пайызы ғана білім алса, 2001-2005 жылдар аралығында 51 балабақшада балалардың 5,4 пайызы біліммен қамтылған. Кейін мемлекет басшысының тапсырмасымен мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие беру орталықтарын салу мен қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілді.
2010-2014 жылдары балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында «Балапан» бағдарламасы іске қосылды. Соның нәтижесінде, балабақшалар 33 мыңға, яғги 3 есеге өсіп, 2014 жылы 64 пайызға жетті. 2005-2020 жылдары 91 432 орынға арналған 867 балабақша мен 334 бөбектерге арналған шағын орталықтар жұмыс істей бастады. Оның ішінде 43 балабақша күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылып салынды. Ертеректе жекеменшікке өтіп кеткен 100 шақты мекеме үкімет қарамағына өтіп, жаңартылды.
Abai.kz