Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Билік 2717 2 пікір 26 Қараша, 2021 сағат 13:30

Алматыда Х Азаматтық форум өтіп жатыр

Алматыда Х Азаматтық форумның пленарлық отырысы өтіп жатыр. Шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева қатысып жатыр.

Пленарлық отырыс аясында Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Д.Абаев Мемлекет басшысының құттықтау сөзін форум қатысушыларына жеткізді.

"Құрметті қауым!

Баршаңызды Х Азаматтық форумның ашылуымен құттықтаймын!

Бұл – мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың үйлесімді дамуына зор үлес қосатын маңызды басқосу.

Азаматтық қоғам құру – біз үшін негізгі басымдықтың бірі. Елбасының бастамасымен 2003 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан форум – осының айқын дәлелі.

Диалогтың осы үлгісі көптеген мәселені талқылап, ұсыныс әзірлейтін тиімді пікірталас алаңына айналды. Форум азаматтық бастамаларды қолдау үшін жүйелі шаралар қабылдауға септігін тигізуде. Сондай-ақ, стратегиялық және заңнамалық құжаттар дайындауға ықпал етуде.

Былтыр менің Жарлығыммен Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Бұл құжат билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың серіктестігін күшейтуді көздейді. Оған қоса тұрғындардың елдік істерге еркін араласуына мүмкіндік береді.

Шын мәнінде, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» пен әділетті қоғам құру жолында өзара ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Егемендік жылдары Қазақстанда үкіметтік емес сектордың қызметі айтарлықтай жанданды. Қазір 2500 ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қолдауға ие болып отыр.  Олар жыл сайын екі мыңнан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырады.

Үкіметтік емес ұйымдар сан түрлі саланы өркендетуге атсалысып келеді. Індет кезінде қоғам өкілдері, волонтерлер мен меценаттар отаншылдық пен елге қамқорлықтың нағыз үлгісін көрсетті. Біз осындай игілікті істерді жалғастыра беруіміз керек.

Бүгінгі басқосу азаматтық белсенділікті одан әрі арттырып, сындарлы қоғамдық диалогты нығайта түседі деп сенемін.

Форумның жұмысы табысты болсын!", - делінген құттықтау хатында.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1511
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3283
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5824