Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3130 0 пікір 13 Тамыз, 2012 сағат 06:24

Ғаділбек Әкім, әлеуметтанушы. Қуаңшылықтың кесірі – қымбатшылық

Биылғы жаз мезгілі еліміз үшін есте қалайын деп тұр. Әрине, әр жылдардағы жаз мезгілінің өз ерекшеліктері бар. Өткен бір-екі жылдағы жаз мезгілдерінің бірден-бір айтарлықтай ерекшеліктері, егін бітік шығып, қоймаларымыз ақ бидайға толған болатын: алынған бидай тіпті қоймаларға сыймай, жауған жаңбырмен қақаған күннің астында шіріп кеткен де кездері болды. Бұл өкінішті жағдаят диқандарды да, кәсіпкерлерді де, құзырлы органдармен Үкіметті қоса біршама әбігерге түсірген еді. Ағымдағы жылы еліміздің Ауылшаруашылығы министрлігі астық жинау межесі 12,8 миллион тонна деген, алайда, осы жаздағы аптап ыстық, оның ішінде, астықты өңірлердегі ыстықтың кері әсерінен бұл болжам 12 миллион тонна болатын түрі бар секілді. Ауа райының осындай күй көрсетуі тек қана шаруаны ғана емес, сонымен бірге, Үкіметті де алаңдатып отыр. Шіліңгір шілденің қатты ыстық болуы себебінен, бүгінгі күннің өзінде еліміз бойынша 353 мың гектар егістік алқап шығынға енгізіліп, пайдасыз болып отыр. Егістік алқаптарының күйіп кетуі Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының біршама егісті аудандарын шарпып кетті. Бұндай жағдай көршіміз Ресейде де орын алып отыр. Ресейдегі соңғы ақпараттарға көз жүгіртсек, 4,4 миллион гектар алқап күйіп кетіпті. Бұл Ресейдің жалпы егіс алқабының 6%-ын құрап отыр. Ресейде аптап ыстықтың кесірінен егістік алқаптарына келген зиян 32-33 млрд.

Биылғы жаз мезгілі еліміз үшін есте қалайын деп тұр. Әрине, әр жылдардағы жаз мезгілінің өз ерекшеліктері бар. Өткен бір-екі жылдағы жаз мезгілдерінің бірден-бір айтарлықтай ерекшеліктері, егін бітік шығып, қоймаларымыз ақ бидайға толған болатын: алынған бидай тіпті қоймаларға сыймай, жауған жаңбырмен қақаған күннің астында шіріп кеткен де кездері болды. Бұл өкінішті жағдаят диқандарды да, кәсіпкерлерді де, құзырлы органдармен Үкіметті қоса біршама әбігерге түсірген еді. Ағымдағы жылы еліміздің Ауылшаруашылығы министрлігі астық жинау межесі 12,8 миллион тонна деген, алайда, осы жаздағы аптап ыстық, оның ішінде, астықты өңірлердегі ыстықтың кері әсерінен бұл болжам 12 миллион тонна болатын түрі бар секілді. Ауа райының осындай күй көрсетуі тек қана шаруаны ғана емес, сонымен бірге, Үкіметті де алаңдатып отыр. Шіліңгір шілденің қатты ыстық болуы себебінен, бүгінгі күннің өзінде еліміз бойынша 353 мың гектар егістік алқап шығынға енгізіліп, пайдасыз болып отыр. Егістік алқаптарының күйіп кетуі Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының біршама егісті аудандарын шарпып кетті. Бұндай жағдай көршіміз Ресейде де орын алып отыр. Ресейдегі соңғы ақпараттарға көз жүгіртсек, 4,4 миллион гектар алқап күйіп кетіпті. Бұл Ресейдің жалпы егіс алқабының 6%-ын құрап отыр. Ресейде аптап ыстықтың кесірінен егістік алқаптарына келген зиян 32-33 млрд. Рубльге жетті, ал, шыққан егіндікті жинау болжамы 94 миллон тоннадан 77 миллионға түсті.

Аталған ахуалдың экономикаға, әлеуметтік жағдайға және ауылшаруашылығы секторына әкелетін зиянын өлшеудің өзі қиын. Ең бірінші әсері, әрине, ұн мен нан және ұннан жасалатын тағам өнімдері бағасының қымбаттауы орын алмақ. Нан қымбаттаса, одан әрі басқа да азық-түлік өнімдерінің бағасы жоғары қарай шарықтайтыны жоққа шығаруға болмайды. Аптап ыстық тек қана бидайлы алқаптарды ғана күйдіріп жіберген жоқ, қуаңшылықтың кесірінен мал азығы жемшөптің жетіспеуі де болатыны анық. Ал, бұл өз тарапынан мал ұстауды қиындатып, ет, сүт және сүттен жасалатын басқа да өнімдердің қымбаттауына әкеліп соққалы тұр. Жалпы алғанда, қуаңшылықтың кесірі - қымбатшылық. Қуаңшылық әлемдік астық экспортының державалары Ресейді, Украинаны, Еуропа мен АҚШ-ты да айналып өтпеді. Қымбаттау демекші, әлемдік нарықта бидай бағасы 350 АҚШ долларына жетіпті, жыл басынан бері бидай бағасы 29%-ға қымбаттаған.

Шетелдің белді де беделді БАҚ-тары бүгіннің өзінде әлемде жаңа азық-түлік дағдарысы орын алайын деп отыр деген мақалалар жазуда. Бұған басты себеп ретінде, Ресей, Еуропа, АҚШ және Қазақстан мен Украинада ыстық ауа райы салдарынан егіс алқаптарының күйіп кетуін, сол арқылы бидай, ұн бағасының өсуін, АҚШ-та ыстықтан жүгері мен соя бағасының шарықтауын, Үндістанда жаңбырдың  жаумауынан күрішке төнген қауіпті келтіре отыра, шынымен де солай деп айтуға тура келеді. Financial Times басылымы, 2007-2008-ші жылдары әлемде азық-түлік бағасы негізінен спекулянттардың жымысқы істерінің салдарынан шарықтап кетсе, осы жолы жағдай мүлде бөлек деп отыр. Ол жылдардағы азық-түлік бағасының лезде шарықтап кетуі, әлемнің 30 елінде бұлқыныс, көтеріліске әкеліп, 2009-шы жылы аш адамдар саны 1 млрд. адамға жеткен еді. Биылғы жағдай қалай болатынын әзірге айту немесе нақтылай болжау қиындау, дегенмен табысының 75%- тамаққа жұмсайтындар үшін тіпті қиын соғуы мүмкін. Мамандардың айтуынша, қазір жұмысын жасап, кәсібі арқылы нан тауып отырғандардың көпшілігін қымбатшылық қаусыра түсуі мүмкін. Табиғаттың осы жазда қыңыр мінез көрсетуі көп болжамдар мен жобаларды өзгертуге алып келгені қазірде аныққа шықты. Мысалы, Ресейдің құнарлы аймақтарының бірі Қырым мен Кубаньды су басуы, ал басқа өңірлерде күннің ыстық болуы, болжамдарға өзгерістер енгізуге тура келтірді.

Бидай - бізде экспортқа шығаратын стратегиялық маңызы бар тауар. Ауа-райының күрт құбылуы, айтып кеткендей, әлемдік нарықта бидай, ұн, нан бағасының өсуіне алып келетіні белгілі, сол себепті бидаймен астықты импорттайтын мемлекеттер, қандай баға болса да сатып алады. Бізден алыс емес, Қытай, Иран мемлекеттері жылдағыдай бидай сатып алуға дайын. Бұл екі мемлекет    ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін бидайды үлкен көлемде сатып аладыі. Бұл ретте астық өнімімен бірінші кезекте өзімізді қарық қылып алсақ, қалғанын сатылымға жіберуге болады.

Жалпы алғанда, азық-түлік бағасының кейде тез, кейде біртіндеп құбылып өсуі бұл дүнежүзілік тренд. Ауа-райының осы жазда ыстық болуы көп нәрсеге әсерін тигізетін секілді: экономикаға, демографияға, әлеуметтік жағдайға, тіпті саясатқа да... Бір сөзбен айтқанда оның аспектісі көп. Әйгілі «Араб көктемі» құбылысы пайда болуы себептерінің бірі де осы нан мен азық-түліктің жетіспеуі, олардың бағасының өсуі болғанын ұмытпаған жөн. Дегенмен де, аталған үдеріске икемдене берген жөн, бұл тарапта біздің елдің жағдайы өзгелермен салыстырғанда анағұрлым жақсырақ, алайда, баға қымбаттауынан біз де қашып құтыла алмаймыз, ал оның елімізге қандай әсер беретінін болжап айту қиын. Бұдан шығатын қорытынды тривиальды болса да, бұл дүниеде барлығы бір-бірімен тығыз байланысты екенін естен шығармаған абзал.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5376