Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Айқай 6016 18 пікір 26 Қараша, 2021 сағат 14:04

Ұлтшылдықты даттап жүрген «либералдарға» жауап...

Дүниежүзін өз аяғымен аралап көрмей, басқа елдерді тек теоретикалық тұрғыда ғана білетіндер (кітап, интернет арқылы), өз тілінен басқа шет тілдерін меңгеріп алмай, ұлтшылдарды даттап жүрген, іштен шошандап шыққан жаңа либерал-космополиттерімізге «әй, дейтін әже, қой, дейтін қожа» табылмай жатыр. Орысша жақсы бір сөз бар: верхушек нахватались, яғни терең білімі жоқ деген сөз.

Ұлтшылдықты даттаудың алдында Черчиль мен Тэтчэрді, Махатхир мен Ли Куан Ю-ді, Мұстафа Ататүрік пен Махатма Гандині оқып шығыңдар, жігіттер. Сендер жақсы көретін либерал-демократиялық АҚШ-қа барып, «желтый расаның» өкілі болып, Little Italy, China Town, Brighton Beach-ті жаяу жүріп көріңдер. Сонда елге оралып, бізге ақыл айтасыңдар! Дүниежүзінде ұлтшылдық бар ма жоқ па?! Ресей мен Қытайға барып көріңдер деп кеңес айтпаймын, өйткені ол сендерге тіпті, қауіпті болуы мүмкін.

Американың өзінде ұлтшылдық жоқ дейсіңдер ме? Оларда тіпті, расизм бар. Жігіттер, мен сендерге айтайын, кеше ғана орын тапқан Black Lives Matter акциялар естеріңнен шықты ма?

Қазақты басқа ұлттардан жоғары қоюға болмайды дейсіңдер ғой, жақсы. Онда сендерді тыңдап, мемлекет құраушы ұлт деген ұғымнан бас тартуымыз керек қой? Әлбетте барша азаматтардың құқықтары тең болуы жөн, бірақ идеология және тарихи тұрғыда Қазақстан - ол қазақ ұлтының мемлекеті. Иә, ұлттық мемлекетпіз! Nation State! Польша, Чехия, Германия (Deutschland), жалпы Европа мен Азия мемлекеттер секілді.

«Қазақстан - біздің ортақ үйіміз», дейсіңдер ме? Керемет, онда неге Ассамблея мен Нұр Отанға қосылмайсыңдар? Бұл ұран солардікі ғой. Қызық, сөзім жоқ. Шетінен өзінше либерал болып кеттіңдер ме? Жақсы, қай либерал классиктердің еңбектерін оқып шықтыңдар? Иммануил Кант, Джон Локк, Джон Стюарт Милль, Шарль де Монтескьё, Карл Поппер? Айтып отырмын ғой, бірнеше жыл батыстың баспасөз мекемесінде жұмыс істеп, «верхушек нахватались». Қазақта керемет сөз бар, молданың істегенін істеме, айтқанын істе.

Либерализм не екенін білмей, бізге ақыл айтып отырсыңдар, бұл күлкілі емес пе?!Абайдың сөздерін келтіріп жатсыңдар. Алдымен Абай секілді тер төгіп, әлем классиктерін қазақшаға аударып беріңдер. Сосын барып, Абайға ұқсап бізге ақыл айтасыңдар.

Өмір бақи өз саяси ұстанымын өзгертпеген адамдар - нағыз азаматтар деп білем. Ал жұмыс орынына сай өз негізгі ұстанымын өзгерткен адамнан біз шошуымыз керек. Қорқынышты, сатқын адамдар.

Мұхтар Тайжан

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1514
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3283
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5830