Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3457 0 пікір 26 Шілде, 2012 сағат 21:41

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы Оңтүстікте орайын табатын түрі бар

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы Оңтүстікте орайын табатын түрі бар 26.07.2012 06:15   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын қолдау бойынша Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң кiшi мәжiлiс залында келелі кеңес өтті. Алдымен әр сала жетекшiлерi Елбасы белгiлеп берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнiнде баяндама жасап, кеңiнен мәлiмет берiп өттi. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бастығының орынбасары Мақсат Жолдасбековтiң айтуынша, жұмыссыздықтың басты себептерiн анықтау барысында Елбасы белгiлеп берген мынадай мәселелерге баса назар аударылғаны жөн: Алғашқысы, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуi. Шымкент қаласында бүгiнгi таңда 18 жоғары оқу орны, 32 арнаулы оқу орны және 5 кәсiптiк-техникалық лицей жұмыс iстесе, осы оқу орындарын жыл сайын 18 мыңнан астам түлек бiтiрiп шығады. «Жұмыспен қамту  2020» бағдарламасы шеңберiнде ұйымдастырылған «Жастар практикасы» бағдарламасы жастарды жұмысқа орналастыруға септiгiн тигiзуде. Биыл аталған бағдарлама бойынша 1884 түлек жұмыспен қамтылатын болады. Екiншiсi, көлеңкелi экономика және жасанды жұмыссыздық. Жеке құрылыс жұмысына жалданушылар, тұрғын үйлердi жалға берушiлер және дәмхана мен мейрамхана даяшылары  жасанды жұмыссыздықтың пайда болуының алғы шартын жасайды.

Жалпыға ортақ еңбек қоғамы Оңтүстікте орайын табатын түрі бар 26.07.2012 06:15   Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын қолдау бойынша Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң кiшi мәжiлiс залында келелі кеңес өтті. Алдымен әр сала жетекшiлерi Елбасы белгiлеп берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнiнде баяндама жасап, кеңiнен мәлiмет берiп өттi. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бастығының орынбасары Мақсат Жолдасбековтiң айтуынша, жұмыссыздықтың басты себептерiн анықтау барысында Елбасы белгiлеп берген мынадай мәселелерге баса назар аударылғаны жөн: Алғашқысы, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуi. Шымкент қаласында бүгiнгi таңда 18 жоғары оқу орны, 32 арнаулы оқу орны және 5 кәсiптiк-техникалық лицей жұмыс iстесе, осы оқу орындарын жыл сайын 18 мыңнан астам түлек бiтiрiп шығады. «Жұмыспен қамту  2020» бағдарламасы шеңберiнде ұйымдастырылған «Жастар практикасы» бағдарламасы жастарды жұмысқа орналастыруға септiгiн тигiзуде. Биыл аталған бағдарлама бойынша 1884 түлек жұмыспен қамтылатын болады. Екiншiсi, көлеңкелi экономика және жасанды жұмыссыздық. Жеке құрылыс жұмысына жалданушылар, тұрғын үйлердi жалға берушiлер және дәмхана мен мейрамхана даяшылары  жасанды жұмыссыздықтың пайда болуының алғы шартын жасайды. Бұл азаматтар ресми түрде жұмыссыздар деп аталады.Сондай-ақ, жиында «Дене тәрбиесi және бұқаралық спортты дамыту жөнiнде шаралар кешенiн жүзеге асыру» тақырыбында қалалық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң бастығы Нұржан Сманов баяндама жасады. Мемлекет басшысы белгiлеп берген тапсырманың орындалуы барысында бұқаралық спортты дамытуды тежеп келген мынадай өзектi мәселелер оңды шешiмiн табуы тиiс. Олар - материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейi, спорттық ғимараттардың ғана емес, сонымен бiрге ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұрғылықты жерi мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық жабдықтың жетiспеушiлiгi, бұқаралық спорттың нашар дамуы. Ендiгi жерде спорттық iс-шараларды тұрғылықты жерi бойынша ұйымдастыру жұмыстарын дұрыс жолға қою баса назарға алынуы тиiс. Жеткiншектер клубтарын көптеп ашып,  тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелi айналысуға белсендi қатыстыру да бүгiнгi күннiң өзектi мәселесi болмақ.Өзара сұрақ-жауап, пiкiр алмасуға ұласқан жиынды қала әкiмi Қайрат Молдасеитов қорытындылап, тиiстi бөлiм басшыларына алға қойылған мiндеттердi жеделдетiп жүзеге асыруды тапсырды.Өз тілішіміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292