Сот Су Чжиді арандатушылық жасады, коронавирус пандемиясы кезінде тазалық талаптарын сақтамады деп тапты.
Бұрынғы кеңесшіге тағы бірнеше айып тағылған. Сот ол айыптар бойынша Аун Сан Су Чжиге 100 жылдан астам түрме жазасын белгілеуі мүмкін.
Аун Сан Су Чжи 76 жаста. 2016 жылы ол мемлекеттік кеңесші қызметіне тағайындалып, Мьянма үкіметін басқаратын билікке ие болды.
1 ақпанда әскерилер Аун Сан Су Чжи үкіметін биліктен тайдырды. Елде хунта билігіне қарсы наразылық күшейді. Халық көтерілістерін басу кезінде мыңнан астам адам қаза тапты.
Abai.kz