Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ. БІР МИНӨТТІҢ ҚАДІРІН БІЛЕСІЗ БЕ?
“Бір минөттің ішінде қанша іс тындыруға болады?” – деп осыдан үш жыл бұрын саябақтың ішінде бейтаныс, шашын толығымен қараға бояп алған ба, жоқ әлде өзінің табиғи түсі сол ма, білмедім, жасы біразға келіп қалған өзімнің атамдай бір кісі осы сұрақты қойып еді.
Ойымда ештеңе жоқ, еш ойланбастан, бір жағынан күлкім келіп: “Бір минөттің ішінде жиырма беттік газеттің тақырыптарын шолып шығуға болады. Ал егер компьютердің алдында отырып әріп теретін болсақ, елуден аса сөз терер едім. Сол бір минөтті жарнама көруді жақсы көретін адамға берсек, бестен онға дейінгі жарнама көруге үлгереді. Спортшы болса, сол уақыт аралығында 400 метрге жүгіріп келуіне болады. Тағы айтарым, егер косметикалық заттар шығаратын ірі фабрикаға кірсеңіз, бір минөттің ішінде жаңа технологияның көмегімен 20-дан астам кремді құтысына құйып, сыртын орап, жәшіктерге салып қоюға толық мүмкіндік бар. Ал тіпті футбол матчы болса, бір минөттің ішінде екі азулы командалардың тағдырлары шешіледі. Денсаулық сақтау саласында сол бір минөт ішінде бір науқастың өмірін құтқарып қалуға болады. Тағысын тағы...” – деп бірталай жауаптарды арты-артынан жаудыра бердім.
“Бір минөттің ішінде не істеуге болады?”, – деді ол тағы да. Бірақ бұл жолы ол қарт бұл сұрақты өзіне қойды.

“Мен саған, балам, бұл сұрақты тегіннен тегін қоймағанымды іштей сезіп тұрған шығарсың. Құлыным, маған біраз жауаптар бердің. Оныңа рахмет. Бұл жауаптардың көбісін өз өмір тәжірибеңнен алғандығыңды да біліп отырмын. Уақыттың тездігі өте сұмдық, лезде өтеді де шығады. Соның ішінде “бір минөт” дегеннің өзіндік орны орасан. Мұны барлығымыз да мойындайтын шығармыз. Алайда, уақыт өте жылдам екен деп, оны қадірлемеуге, үнемдемеуге тағы болмайды. Бір минөттің ішінде қаншама ұлы істер атқаруға болады. Көзіңе сол уақыт ішіндегі тындырған істер мардымсыз болып көрінер, бірақ, сол алпыс секундты сен игі жұмыстарға жұмсар болсаң, оның берері көп. Себебі, өмірдің өзі миллиондаған бір минөттен құралады емес пе! Әр нәрсенің шегі болады, ал уақыттың шегі өте қауіпті. Өмірдегі ұлы жаңалықтардың ашылуы, жетістікке жетудің шыңы бар болғаны бір-ақ минөттің ішінде шешіледі. Мінеки, көрдің бе, қызым. Уақыттың ұлылығы осында жатыр. Дегенмен де менің бұл айтқандарымды өзің де білетін шығарсың. Сендер жассыңдар, сендердің білетіндерің біздерден де көп. Сондықтан мына шал неменеге мылжыңдап, өзінше ақылсынып тұр деп ойлама. Менің айтарым тек бұл ғана емес...” – деп қалтасына қолын жүгіртіп, темекі қорабының ішінен бір тал шылым алып шықты. Бірақ тұтатқан жоқ әлгісін. Мен болсам, еш үндеместен, тағы не айтар екен деп, қарттың жүзіне қарап отырдым. Үндемеген себебім, бұл бейтаныс қарттың мен үшін пайдалы нәрсе айтқалы тұрғанын іштей сездім.
“Тағы бір мысал келтірейін. Дәл қазір саған жүз теңге берсем не істер едің? Мүмкін оған бір ғана дана газет сатып алуға болар немесе бір құмыра ішетін сусын да келіп қалар. Бірақ, мәселе газеттің бір ғана санында емес, оның ішінде жазылған рухани, мәдени дүниелердің адам баласы үшін қаншалықты пайдалы екендігінде. Ал бір құмыра сусын қаланың дәл ортасында өмір сүріп жатқан біз үшін ештеңе болмас, ал алыс елді мекендердегі ауыз су тапшылығын көріп отырған халық үшін орны бөлек. Немесе ыстықта, ен далада шөлдеп келе жатқан, өлімнің сәл-сәл алдында ғана тұрған біреу үшін бір тамшы судың қадірі қандай?! Сол сияқты, егер біз қолымыздағы барлық жүз теңгелікті үнемдемесек, қалай болса солай, ақшаның қадірін кетіріп, түкке де тұрмайтын заттарға жұмсай берсек, онда оның қандай берекесі қалады?! Керісінше, сол ақшаны жинап, пайдалы нәрселерге жұмсасақ, бағана айтқанымыздай, көзге көрінбейтін жүз теңгенің де бізге берері ұшан теңіз болмақ. Уақыт пен ақша – қадірі жағынан синонимдес ұғымдар. Бұл екі нәрсені барлығымыз да жанымызға жақын тартамыз, жақсы көреміз. Бірақ, кейде бұл екеуі адамға үрей мен қорқыныш әкелетін кез де болады. Уақыт пен ақшаны дұрыс иелене білмесең, одан қауіпті нәрсе жоқ. Ал оларды басқара білгендік – нағыз ақылдының істейтін ісі. Сен әлі жассың, бесігіңнен белің де шықпаған сәби секілдісің. Алайда, осы бастан-ақ неғұрлым бұл екі затты қадір тұтсаң, өмірдегі жеңілісіңнен жеңісің анағұрлым басымдау, көбірек болады. Уақытты өткізіп алсаң, оны шегіндіре алмайсың. Сондықтан есің барда еліңді тап дегендей, қолыңдағы бар нәрсенің, мейлі ол уақыт болсын, не дүние болсын, бәрінің де қадірін біл. Әйтпесе, міне, мен сияқты “Әй, әттеген-айдың” кейпін кешуге тура келеді. Менің айтарым осы ғана. Айтылғандардың бәрін өз түйсігіңмен, санаңмен сараларсың!” – деп бағанағы тұтатпаған шылымын аузынан алды да екі бөліп, қасында тұрған қоқыс жәшікке лақтырып, орнынан тұрды да кете берді.
Бір кезде артына қайта бұрылды, күлімсіреп: “Ал мен болсам, бір минөтті пайдаланып саған ой салдым ғой деймін, ә, қызым. Осы бір минөттің ішіндегі айтылған сөздер сенің бүкіл өміріңдегі ең елеулі бір оқиғалардың себепкері болмауына кім кепіл!?” – деп сөзін аяқтады да, екі қолын артына салып, ақырын кете барды. Мен тағы үндемедім...
Үш жылдан бері барлық бастаған жақсы істерімнің бастауында сол кісінің айтқан: “Бір минөттің ішінде не істеуге болады” деген сөзі тұрған сияқты. Яғни, осы бір ауыз сөздің құны содан бері мен үшін аса қымбат.
Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ, ЕҰУ студенті.
«Егемен Қазақстан» газеті