Цойдың айлығы қанша?
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бес адамнан тұратын отбасына азық-түлік алуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты. Журналистер Мәжіліс кулуарында министрден отбасылық бюджеті туралы сұрады.
"Отбасымда 5 адам бар, азық-түлік шығындарына орташа есеппен аптасына 50-70 мың теңге жұмсаймыз. Мұның бәрі отбасылық жиын немесе басқа нәрселерге байланысты. Біз де басқалар секілді қарапайым дүкендерге барамыз. Сондықтан бұл - қалыпты жағдай", - деді денсаулық сақтау министрі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қанша жалақы алатынын да айтты. "Бұл қалыпты ғой, әріптестерімізбен бәріміз шамамен 900 мың теңге көлемінде аламыз", - деді Цой Мәжіліс отырысынан кейін.
Abai.kz