Сенбі, 23 Қараша 2024
3200 4 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 14:24

Демократия саммиті: Қазақстан неге шақырылған жоқ?

АҚШ президенті Джо Байден Америка билігі бүкіл әлемде демократияны қолдауға жұмсалатын қаржыны екі есеге арттыратынын айтты. Бұл туралы Вашингтон ұйымдастырған «Демократия үшін саммитте» айтылды.

Бастама бес негізгі тармақты қамтиды: тәуелсіз БАҚ-ты қолдау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, АҚШ-тың пікірінше, демократиялық реформаларды жүргізіп жатқандарды қолдау, «демократия үшін технологияны» ілгерілету және «еркін және әділ сайлау мен саяси процестерді қорғау» .

Бұған дейін Джо Байден авторитарлық мемлекеттер басқа елдерге сырттан қысым жасау арқылы өз билігін нығайтуға, оны экспорттауға және кеңейтуге ұмтылатынын айтқан.  АҚШ «Демократия саммитіне» 110 мемлекетті шақырды, бірақ Ресей мен Қытай шақырылмады. Мәскеу мен Бейжің саммиттің өткізілуін сынға алды. Атап айтқанда, Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова "бұл БҰҰ-ның рөліне нұқсан келтіреді" деп мәлімдеді. Саммит 9-10 желтоқсанда бейнеконференция арқылы өтеді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404