Сенбі, 23 Қараша 2024
3626 5 пікір 20 Желтоқсан, 2021 сағат 17:25

Райымқұлова: Мен отставкаға өтініш жаздым...

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековке шыққан үкімнен кейін отставкаға өтініш бергені туралы айтты. Бұл туралы orda.kz хабарлайды. 

– Ахметжановтың брифингінде Мұсайбековтың жемқорлық үшін емес, алаяқтық үшін, сотталғаны айтылды. Бірақ қалай болғанда да мен өтініш бердім, ол қабылданбады, – деді Райымқұлова.

Журналист Райымқұлова Олимпиада ойындарынан кейін өз еркімен кету туралы өтініш жазды ма деп сұрады. Себебі қазақстандықтардың көбі құрама қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсетті деп санайды.

– Заңда сіз айтып отырған (Олимпиада нәтижелеріне байланысты отставкаға кету туралы) шарттар туралы жазылмаған. Бұл заңда көрсетілмеген. Менің ойымша, олар (Олимпиада ойындары) төмен нәтижеге жетті. Бірақ сегіз қола медаль – бұл спорт. Бұл жолы, мүмкін, одан көп ала алмадық. Талдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Әр медаль үлкен еңбекпен келеді. Біз жақсы жаққа ұмтыламыз, – деп түйіндеді министр.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383