Ресеймен Қазақстанды газдандыру талқыланды
Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрлері келіссөздер жүргізді. ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде мұнай өнеркәсібі, электр энергетикасы және газ секторы мәселелері талқыланды.
Тараптар Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыруды, оның ішінде «қажетті қосымша газ көлемі мәселелерін» талқылады. Газдандыруға қатысты келіссөздер «ҚазТрансГаз» ҰК» АҚ мен «Газпром» ЖАҚ арасында жұмыс тобының аясында жүргізілді.
Ведомстволар «Қазақстанның БЭЖ теңгерімінің және қуат ағынының жоспарланған мәндерден ауытқуы» жағдайын реттеу бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.
Екі елдің премьер-министрлері екі елдің энергетика ведомстволары арасында Еуропа-Батыс Қытай халықаралық көлік бағдарында отын ретінде табиғи газ нарығын дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл келісім Қытайдың бастамасымен қолға алынған «Бір белдеу – бір жол» жоспарларының бір бөлігі. Қараша айында тараптар елдегі тапшылыққа байланысты Қазақстанға электр энергиясын экспорттау мәселесін талқылаған болатын.
Abai.kz