Жұма, 29 Наурыз 2024
3333 10 пікір 22 Желтоқсан, 2021 сағат 13:06

Абаев: Біз тек қазақ тілін қолдануды міндеттейміз

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Открытый диалог" жүргізушісіне кейбір ресейлік депутаттардың жаңа заң жобасына реакциясы туралы сұрағына жауап берді.

"Алдымен айта кету керек, кейбір ресейлік БАҚ-та заң жобасы туралы ақпарат бір жақты, тіпті арандатушылық сипатта дер едім. Кейбір басылым тақырыптары "Қазақстанда сыртқы жарнамада орыс тілін қолданудан құтылады" дейді. Біз сыртқы жарнамада орыс тіліне тыйым салатын заң қабылдағандай. Ең өкініштісі, көп адам бұл қате ақпараттан басқа жаңалықтарды оқымайды. Олар бір тақырып бойынша, қате пікір қалыптастырады. Шын мәнінде, ешкім орыс тілін жоймайды. Біз тек қазақ тілін қолдануды міндеттейміз. Егер жарнама екі-үш тілде болса, ешқандай проблема болмайды", - деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік тілді қолдану туралы заң толықтырылған еді. Оны Ресей тарапы "орыс тіліне қысым" деп атаған болатын.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563