Сенбі, 1 Ақпан 2025
Ақмылтық 3966 30 пікір 22 Желтоқсан, 2021 сағат 16:21

Жангелдиннің атында аудан болуы әруаққа қиянат

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай оның есімін Қостанай облысындағы ауданға беруді ұсынды. Ол осылай деп депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Экспресс К.

- Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының туған ауданының аты әлі күнге дейін қызыл большевик, кезінде ұлты мен дінін сатып, Николай Степнов болған Әліби Жангелдин атында болуы елге де, ерге де және ең алдымен әруаққа қиянат, - дейді Қазыбек Иса.

Оның айтуынша, Жангелдин ауданының тұрғындары атауды өзгерту бойынша президентке ашық хат та жазған.

Айта кетейік, Қостанай облысына кіретін Жангелдин ауданы бар. 1950 жылға дейін Торғай ауданы атанған. Орталығы — Торғай ауылы. 2019 жылғы санақ бойынша 12 251 тұрғын бар.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар