Сенбі, 2 Шілде 2022
Бір сауал 4929 20 пікір 25 Желтоқсан, 2021 сағат 02:47

Мемлекеттік стипения: Ақорда жастарды неге ұмытты?

Осыдан бірнеше күн бұрын Ақорда «Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы» президент Тоқаевтың өкімін жариялады. Президент стипендиясы жыл сайын беріледі. Сонымен, биылғы тізімге кімдер енген?

Әдебиет қайраткерлері – 27 адам екен.

Ең егде жастағы стипенидант – Әбдіжәміл Нұрпейісов (97 жаста). Ал ең жасы – Бейбіт Сарыбай (38 жаста).

1920-30 жылғылардан – 1 адам;

1930-40 жылғылардан – 8 адам;

1940-50 жылғылардан – 11 адам;

1950-60 жылғылардан – 3 адам;

1960-70 жылғылардан – 2 адам;

1970-80 жылғылардан – 1 адам;

1980-90 жылғылардан – 1 адам;

1990-2000 жылғылардан – 0;

2000 жылдан бері қарай – 0.

Ал тізім мынадай:

Әбдіжәміл Нұрпейісов – 1924 жылы туған, жазушы;

Мекемтас Мырзахметұлы – 1930 жылы туған, әдебиеттанушы;

Уахап Қыдырханұлы – 1932 жылы туған, жазушы;

Әкім Тарази – 1933 жылы туған, жазушы;

Марфуға Айтхожина – 1936 жылы туған, ақын;

Олжас Сүлейменов – 1936 жылы туған, ақын;

Мырзатай Жолдасбеков – 1937 жылы туған, мемлекет қайраткері;

Ахмет Әшіров – 1938 жылы туған, жазушы-драматург;

Қойшығара Салғараұлы – 1939 жылы туған, жазушы-ғалым;

Сәбит Досанов – 1940 жылы туған, жазушы;

Кәдірбек Сегізбай – 1941 жылы туған, жазушы;

Софы Сматаев – 1941 жылы туған, жазушы;

Төлен Әбдік – 1942 жылы туған, жазушы;

Дулат Исабеков – 1942 жылы туған, жазушы;

Алтыншаш Жағанова – 1943 жылы туған, жазушы,

Ақұштап Бақтыгереева – 1944 жылы туған, ақын;

Темірхан Медетбек – 1945 жылы туған, ақын;

Серік Тұрғынбекұлы – 1946 жылы туған, ақын;

Александр Гарькавец – 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым;

Иранбек Оразбаев – 1947 жылы туған, ақын;

Нұртас Исабаев – 1954 жылы туған, ақын;

Тұрсынжан Шапай – 1957 жылы туған, жазушы;

Ғалым Жайлыбай – 1958 жылы туған, ақын;

Дидар Қосылбеков – 1969 жылы туған, жазушы;

Бауыржан Өтеулиев – 1969 жылы туған;

Бақытжан Алдияр – 1974 жылы туған, ақын;

Бейбіт Сарыбай – 1983 жылы туған, жазушы.

Өнер қайраткерлері – 47 адам екен.

Ең егде жастағыстипендиант – Мәрия Ахметова (100 жаста) болса, ең жасы – Ержан Максим (14 жаста).

1920-30 жылғылардан – 4 адам;

1930-40 жылғылардан – 12 адам;

1940-50 жылғылардан – 9 адам;

1950-60 жылғылардан – 10 адам;

1960-70 жылғылардан – 3 адам;

1970-80 жылғылардан – 2 адам,

1980-90 жылғылардан – 1 адам;

1990-2000 жылғылардан – 5 адам;

2000 жылдан бері қарай – 1 адам.

Ал тізім мынадай:

Ахметова Мәрия – 1921 жылы туған, музыкатанушы;

Померанцев Юрий – 1923 жылы туған, актер;

Қосыбаева Тамара – 1928 жылы туған, актриса;

Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, әнші;

Имаханов Бекен – 1936 жылы туған, актер;

Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, композитор;

Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, актриса;

Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, актер;

Разиева Гульвер – 1936 жылы туған, актриса;

Әшімов Асанәлі – 1937 жылы туған, актер;

Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант;

Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші;

Әшірбекова Роза – 1938 жылы туған, актриса;

Андриасян Рубен – 1938 жылы туған, театр режиссеры;

Тасыбекова Торғын – 1938 жылы туған, актриса;

Шәкірат Сержан – 1939 жылы туған, күйші;

Сіргебаев Ескен – 1940 жылы туған, суретші;

Обаев Есмұқан – 1941 жылы туған, театр режиссеры;

Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер;

Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші;

Тыныштығұлова Сара – 1942 жыды туған, әнші;

Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, балет әртісі;

Зайберт Виктор – 1947 жылы туған, археолог;

Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина;

Жанботаев Досжан – 1949 жылы туған, актер;

Тұрдығұлов Жолаушы – 1950 жылы туған, суретші;

Жолжақсынов Досхан – 1951 жылы туған, актер;

Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, ақын;

Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, актриса;

Асылханов Ермек – 1951 жылы туған, дизайнер;

Кәден Лидия – 1952 жылы туған, актриса;

Орымбаева Гүлсәуле – 1952 жылы туған, биші;

Шынарбаев Ермек – 1953 жылы туған, кинорежиссер;

Бекқұлова Айжан – 1954 жылы туған, қолөнерші;

Қазығұлов Алпысбай – 1958 жылы туған, суретші;

Бекназар-Ханинга Лейло – 1960 жылы туған, актриса;

Тұрысбек Секен – 1961 жылы туған, күйші;

Әбдіреев Марат – 1965 жылы туған, суретші;

Қосымбаев Мэлс – 1970 жылы туған, айтыскер;

Тілеубаев Қуат – 1972 жылы туған, киносуретші;

Қалықова Саида – 1985 жылы туған, пианист;

Джалилов Самат – 1990 жылы туған, кинорежиссер;

Сұлтанов Сүндет – 1992 жылы туған, балет солисі;

Наурыз Ернат – 1995 жылы туған, домбырашы;

Олжабай Темірлан – 1996 жылы туған, күйші;

Байдүкенова Рухия – 1998 жылы туған, әнші;

Максим Ержан – 2007 жылы туған, әнші.

Жалпы есепте – биылғы жылғы стипендия 74 адамға бұйырыпты. Олардың ішінде Тәуелсіздік жылдарында туған буыннан бар болғаны – 6-ақ адам (1990 жылы туған кинорежиссер Самат Джалиловты қоса айтқанда).

Қысқаша айтқанда, ылғи ата-апалар мәз. Ал жастар ше? Жастар қайда? Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өттік. Осы отыз жылда Тәуелсіз Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетінде міне, деп көрсетер адам шықпаған ба? Әйтпесе, Ақорда жастарды неге ұмытты?

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Ақмылтық

«Қиялшылдар клубы»

Әміржан Қосан 955
Анық-қанығы

Кімнің кім екенін біле жүрсін деп...

Ауыт Мұқибек 801