Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
3310 5 пікір 30 Желтоқсан, 2021 сағат 12:00

Тоқаев өлім жазасын алып тастады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  өлім жазасын алып тастау туралы заңнамалық өзгерістерге қол қойды. Бұл туралы кеше, 29 желтоқсанда мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды», - делінген хабарламада.

Қаңтар айында Тоқаев «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге өлім жазасын жоюға бағытталған екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Хаттама 1989 жылы 15 желтоқсанда Нью-Йорктің БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданды. Қазақстан соғыс уақытында өлім жазасын қолдануды көздейтін бір ескертумен хаттамаға биыл қосылды.

2004 жылдан бері елде өлім жазасына мораторий жарияланған. Балама жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру енгізілді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1526
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3304
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5927