Сенбі, 9 Мамыр 2026
6650 16 пікір 4 Қаңтар, 2022 сағат 16:29

Батыста не болып жатыр?

Қаңтар айының екісі күні Жаңаөзен халқы қаланың орталық көшелеріне шығып, газ бағасының тым қымбаттап кетуіне наразылық білдірді. Жаңаөзенде басталған наразылық тұтас Батыс өңірінде жалғасып табуда. Ақтау, Орал, Атырау халқы да қымбатшылыққа қарсы наразылық акцияларын өткізіп жатыр. 

Үші күні жалғасын тапқан наразылық акциялары, төрті күні күшейді. Орал мен Атырау өңірлеріндегі наразылыққа шыққандар саны артты. Мұнай кен орындарының жұмысшылары "Маңғыстаумен біргеміз" және "Газ бағасын түсірсін" деген ұранмен жұмыс орындарын тастап кетті. Мыңдаған жұмысшы Ақтау және Жаңаөзен орталығындағы наразылық акцияларына қосылуға аттанған. Қазіргі уақытта Теңіз (Тенгиз), Қаламқас кен орнының жұмысшылары наразылыққа қосылғаны айтылуда.

Наразы халықтың саны нақты қанша екені белгісіз. Ақпарат көздері 4-16 мың арасында деп көрсетеді. Наразы халықпен келіссөз жүргізу үшін арнайы Үкімет жасақтаған комиссия Маңғыстау өңіріне келді. Наразы халық өкілдерінің арасында президент келсін деген талапты да айтушылар бар.

Abai.kz

 

16 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2272
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1661