Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2748 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 09:12

Айдос Сарым: «Школьник жалбарынып жатқандай»

«Біздің қоғамда Ресейді дұшпан бейнесінде тану үрдісі қалыптасып келеді» - деген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьниктің мәлімдемесіне орай саясаттанушы Айдос Сарыммен жедел сұхбат

Жас қазақ: Айдос аға, Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Владимир Школьник «Жұрт бізді Ресейге бір нәрсе сатып, солардың пайдасына жұмыс істеп жатқандай көреді. Біздің қоғамда Ресейді дұшпан бейнесінде тану үрдісі қалыптасып келеді» - деп мәлімдеді. Шынтуайтында осылай ма?

Айдос Сарым: Егер Ресейге қарсы қоғамдық наразылық пікір туындап жатқан болса, дұшпан бейнесінде танып жатса, оған Ресейдің бүгінгі басшылығы, Кремльдің жүргізіп отырған саясаты кінәлі деп есептеймін. Мысалға тек қана қазақ қоғамын алатын болсақ, олардың тарихи санамыздың қалыптасуына іріткі салып жатқан қарсы саясаты, зұлмат жылдарын мойындамауы, осыған қарсы шығып жатқандарды фашист деп атау саясаты айналып келгенде, қазақ қоғамының арасында Ресейге деген наразылық тудырып жатқаны факт. Экономикадан, бизнестен кішкене хабары бар адам еліміздегі көптеген атом саласындағы жобалардың Ресейге тікелей байланғанын көріп отыр. Оны сол салада жүрген мамандар да мойындайды. Сарапшылар да бұл шындықты жоққа шығармайды. Школьниктің бұл сөзі біздің үкіметке емес, Ресейдің үкіметіне жалбарынып жатқандай әсер қалдырды. Оған осыған дейін ғылым саласында болсын, өзі басқарған министрлікке байланысты болсын  талай сын айтылды. Шынтауайтына келгенде, оның жаңағыдай пікір айтуға қақысы жоқ.
Жас қазақ: Мұны айтқандағы мақсаты қандай деп ойлайсыз?
Айдос Сарым: Біріншіден, Школьник белгілі бір көзқараста жүрген адам. Ресейдің мүддесін біздің елімізде жалғастырып жатқан азамат. Екіншіден, осындай әңгімелер арқылы өзіне айтылып жатқан сындарды биліктің болмаса басқа да бір адамдардың алдында жабудың бір жолы сияқты. Оған назар аударудың қажеті жоқ.
Жас қазақ: Жалпы, Школьниктің мұндай пікір айтуына негіз бар ма?
Айдос Сарым: Негіз жоқ деп есептеймін. Оған айтылып жатқан сынның барлығы негізінен өмірдің өзі растап отырған дүниелер. Елімізге кішігірім атом қуатын өндіретін қондырғыларды неге тек Ресейден алып келеміз? Сол қондырғыларды Жапонядан да алсақ болады. Бірдеңе салсақ та сол ресейліктердің көмегіне жүгінеміз. Шындығына келгенде, ол жақтан алған қондырғылар жарамсыз болып қалуда. Технологиялық тұрғыдан Ресейді дамыған ел деп айту қиын. Оның бұл сөзінен саясаттан басқа да мүдделерді табуға болады. Ресеймен еншілес ұйымдар, кәсіпорындар бар. Солардың бәрін тексеретін болсақ, талай былықты табуға болады.

Елдос Өмірзақұлы

"Жас қазақ" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351