Сенбі, 23 Қараша 2024
Шолу 4410 18 пікір 13 Қаңтар, 2022 сағат 12:33

Әлемдік БАҚ: ҰҚШҰ әскері және Путиннің ықпалы

Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды. Алматы трагедиясы Telegram каналы таратқан ақпаратта: «Ұйымның Бас хатшысы Станислав Зась 10 күн ішінде ұйым контингенті Қазақстаннан түгелдей кететінін мәлім етті. Бітімгерлердің жалпы саны 2500 адам»,- делінген.

Қазақстандағы «қаңтар оқиғасы», оның ішінде ҰҚШҰ контингентінің Қазақстанға кіргізілуі жайлы әлемдік ақпарат әртүрлі әңгімелеп жатыр. Солардың бірсыпырасына Abai.kz шолу жасаған еді. Мархабат:

BBC: «Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті болды», - дейді Президент.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен аптада өлімге апарған озбырлық әрекеттерді «мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті» деп сипаттады.

Ол бұрынғы Кеңес республикалары әскери одағының жетекшілеріне бұл әскери әрекеттерді «бір орталық бақылап отырған», - деді. Бірақ, кінәлілердің кім екенін атамады.

Ресей Президенті Владимир Путин: «Қазақстан халықаралық терроризмнің нысанына айналғанын айтқан», алайда, бұл сөзіне ешқандай дәлел келтірмеді. Ол: «Ресей ешқашан өз аумағында төңкеріске жол бермейтін», - сөзіне қосты.

Қазіргі уақытта Ресей және басқа да елдердің сарбаздары тәртіп орнату үшін Қазақстан аумағында жүр. Жанармай бағасының қымбаттауы себеп болған наразылық шерулері Тәуелсіздіктен бері елдің 30 жылда көрген ең ірі әрі қауіпті тәртәпсіздік болды. Ондаған адам қайтыс болып, оның ішінде қарулы күштердің 16 қызметкері қаза болғаны айтылуда.

Наразылық шерулері 2 қаңтарда басталды. Үкіметке және Қазақстанды үш онжылдық бойы басқарған, әлі күнге дейін елеулі ықпалын сақтап келеді деп саналатын бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсылықтың көрінісіне айналды. Тілшілердің айтуынша жақында болған қанқұйлы оқиғалар билікті басқарушы элита арасындағы билікке таласқа байланысты болуы мүмкін.

The Guardian: Путин: «Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің артында «шетелдік араласу» тұр», - деп мәлімдеді.

Владимир Путин: «Өткен аптада кем дегенде 164 адам қаза болған Қазақстандағы тәртіпсіздіктер «шетелдің араласуының» қатысы бар. Болашақта мұндай «араласудың» жеңіліс табатынына сенімді болу үшін Мәскеу басқаратын әскери блок шаралар қолдануы керек», - екенін мәлімдеді.

«Қазақстандағы оқиғалар біздің мемлекеттеріміздің ішкі істеріне сырттан араласудың алғашқы да соңғы да әрекеті емес», - деді Ресей президенті ҰҚШҰ отырысында.

Ресейден бөлек Беларусь, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан кіретін ҰҚШҰ бұрын ешқашан сарбаздарын жібермеген және көп қазақстандық Ресей сарбаздарының келгеніне қатты алаң болды.

«ҰҚШҰ аясында қабылданған шаралар біз ешкімге үйімізде ылаң салуға жол бермейтінімізді, «түсті төңкеріс» деп аталатын төңкеріс желісінің қайталанбайтынын көрсетті», - деді Путин.

Ресей президенті бұрынғы Кеңес одағы елдерінің Мәскеудің ықпалынан шықпауы керек деп есептейді және халық наразылығын сырттан ұйымдастырылып, қаржыландырылған «түсті төңкеріс» деп бірнеше рет қайталады. Сонымен қатар, Путин: «Қазақстандағы оқиғалар әлеуметтік желілер мен интернеттің шектеусіз қолданылуының қауіпті екенін көрсетті», - деді.

The New York Times: Қазақстан осы аптада Ресей әскерлерін елден шығаруды бастайтынын мәлімдеді.

Қазақстан президенті: «Қауіпті шабуылдар басылды, сондықтан шетел әскерлерінен сұраған көмектің енді қажеттілігі жоқ», - екенін айтты.

«Ресей бастаған әскери альянс екі күннен кейін өз әскерлерін Қазақстаннан шығара бастайды», - деп мәлімдеді ел президенті сейсенбі күні. Ол әскерилердің өз тарихындағы ең ауыр саяси дағдарысты бастан өткерген Орталық Азия елін тұрақтандыру жөніндегі негізгі міндетін орындағандарын мәлімдеді.

Жоғары лауазымды үкімет шенеуніктері мен парламент мүшелері алдында сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерлерді шығару «10 күндей уақыт алатынын» айтты.

Мәскеуде Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерлерді шығарудың нақты жоспарлары туралы айтқан жоқ, олар үйге қашан оралатыны белгісіз. Жоғары әскери басшылықпен кездесуде сөйлеген сөзінде ол, Ресей қолбасшылығындағы сарбаздар «жағдай толығымен тұрақтанғанға дейін өз миссиясын жалғастыратынын», бірақ бұл қашан екенін «Қазақстан басшылығы шешетінін» айтты.

Әзірге әскери операция Мәскеудің ықпал ету аймағына кіретін елдер деп есептейтін мемлекеттер үшін тиімді дағдарыс менеджері ретінде өзін тағы да көрсете алатын Ресей президенті Владимир Путиннің геосаяси жеңісі ретінде қарастырылып жатыр.

Айжан Темірхан

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373