Сәрсенбі, 19 Қаңтар 2022
2247 7 пікір 13 Қаңтар, 2022 сағат 14:10

"ҚазМұнайГазда" тергеу басталды

SONY DSC

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының кеңсесінде тергеу жүргізуді бастап кетті.

"Иә, елордалық монополияға қарсы департаменттің қызметкерлері "ҚазМұнайГаз"ұлттық компаниясының кеңсесінде тергеу жүргізуде. Тергеу – сұйытылған газдың алты көтерме сатушысына қатысты ",- деп растады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

"ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметі Ұлттық компания жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен белсенді ынтымақтасатынын және барлық сұратылған ақпаратты ұсынатынын мәлімдеді. "Ұлттық компания кез келген құқық бұзушылық көрінісінің ашықтығы мен оны қабылдамау саясатын дәйекті түрде ұстанады", - деп түсіндірді ҚМГ.

Бұған дейін Агенттік сұйытылған газдың алты көтерме сатушысына қатысты тергеуді бастағаны хабарланған болатын: "ҚазМұнайГаз" АҚ, Petrosun ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "СП Қазгермұнай" ЖШС, "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС және "ҚазГӨЗ"ЖШС  электронды сауда кезінде бағаны шамадан тыс өсіргені анықталды. Тергеудің алдын ала қорытындысы 20 күн ішінде дайын болады.

Сонымен қатар, ведомство сұйытылған газды сатумен айналысатын 180 кәсіпкерге қатысты тергеуді бастады.

5 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты наразылыққа жол бергені үшін Үкімет, атап айтқанда энергетика министрлігі, сондай-ақ "Қазмұнайгаз" және "Қазақгаз"компаниялары кінәлі екенін айтты.

Abai.kz

7 пікір