Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3350 3 пікір 13 Қаңтар, 2022 сағат 16:50

Алтынды басып отырып, жалаңаяққа айналдық!

Қаңтардың қанды қырғыны
Өмірдің болды шындығы!
Бақ пен сор деген бір демде-
Ойлаған дейсің кім мұны?!.

Арыз да айтар көп тегі,
Неге олар тыныш кетпеді?!.
Отыз жыл айтқан одамыз
Отыз сағатқа жетпеді!?.

Отыз жыл ұлтқа өгейсің,
Отыздық қайда,- кедейсің!
Айрылған жалғыз ұлынан
Әке-шешеге не дейсің?!.

Қойғаның қайда көпшікті?
Ал содан қайда шөп шықты?!
Қаншама жанды өксітті -
Мұртсыз сақалдар деуші едік,
Ұлтсыз “нахалдар” боп шықты!

Қайда әлгі сансыз жиындар?
Орнады неге қиын хал?!.
Қауіпсіздігімді қорғайтын
Қауіпті болды ұйымдар!

Түсінбес елді байлар түк,
Еліме қонсын қайдан құт?!.
Алтынды басып отырып,
Жалаңаяққа айналдық!

Құл болып,қожа тіліне,
Жат болып жүрміз күніге.
Атаңның атын айта алмас,
Ұлтсыздық жетер түбіңе!

Алладан бәрі орнайды -
Азаттық басқа қонды әйгі.
Қамытты кімдер қолдайды?!.
Халықты білмес, сол қайғы!

Тіл жоқта - Ділің жоқ болар,
Діл жоқта дымың болмайды!
Көкжиек қайда көп барар,
Көкезу сөзді төкті олар.

Ұлтшылдық егер жоқ болса,
Ұлтың да түбі жоқ болар!
Халықты деген тонайық,
Билікте болды көп айып.
Тәуелсіз болдық енді біз,
Тәубе деп, атқа қонайық!

Қазыбек Иса

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406