Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
3752 3 пікір 14 Қаңтар, 2022 сағат 12:21

Беларусь бітімгерлері Қазақстаннан кетті

Беларусь бітімгерлері мінген ҰҚШҰ-ның 10 ұшағы Қазақстаннан ұшып кетті. Алматы трагедиясы Telegram каналының жазуынша, бітімгерлер Жетіген және Алматы аэродромдарынан ұшып кеткен.

«Армения мен Тәжікстанның бітімгерлер контингенті РФ Әуе-ғарыш күштерінің ұшағымен өздерінің тұрақты жұмысына оралады. Олардың бөлімшелері жеке құрам мен техникаларын ұшаққа орналастырып жатыр. Ұшақтар Жетіген және Алматы аэродромдарынан ұшып шығады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 13 қаңтардан бастап Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстан аумағынан шығарыла бастаған болатын. Ол бірнеше күнге жалғасады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 851
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1141