Бір күнде 13874 адам вирус жұқтырды
Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 13 874 болды. Бұл көрсеткіш алдыңғы күнге қарағанда 4176-ға көп. Covid-19-дың таралуы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы көш басында тұр.
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет жариялады. Ақпаратты COVID-19-дың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК ұсынды.
Қазақстанда өткен тәулікте 13874 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 4874
Алматы қаласы –1580
Шымкент қаласы – 450
Ақмола облысы – 420
Ақтөбе облысы – 366
Алматы облысы – 329
Атырау облысы – 584
Шығыс Қазақстан облысы – 394
Жамбыл облысы – 233
Батыс Қазақстан облысы – 440
Қарағанды облысы – 2669
Қостанай облысы – 291
Қызылорда облысы – 236
Маңғыстау облысы –233
Павлодар облысы – 515
Солтүстік Қазақстан облысы – 143
Түркістан облысы – 117
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1085004.
Abai.kz