Еркеғали Бейсенов. Үш үштік
1. Ел, жер, тіл
Елден аласың. Елге бересің. Өлесің.
Жалғанның басты шартына сөйтіп көнесің.
Төбеге қою, табанға таптау - ел еркі,
Ешқашан оңай қалыптаспайды өр есім!
Жер басып жүрген пенде екенің ой салып,
Өз басың сені патриот етіп қойса, құп.
Сығандар сынды «көкек ұлттардан» айырмаң -
Байтақ жерің бар, берік іргелі қайсар ұлт!
Тілін білместі «мәңгүрт» деп жүрміз. Бұл - дұрыс!
Ышқынды іште намыс жаншыған бір дыбыс:
«Қазақтың нанын еш арланбастан асайтын,
Қазақ тілінсіз қазақтың аузы - құр қуыс!».
2. Сана, иман, ұлттық рух
Көрмейсің атақ, дүние-мүлік, малды кем,
Барлығы үшін тек санаң болсын, алдымен!
Білем ғой, білем,
диплом, қызмет, пайданың
Септігі тимей, соры қайнаған паңды мен!
Имансыз жүрек - киімсіз жандай, жалаңаш!
Имансыздықтан пайда болады шала бас.
Тәубәңды таны!
Ауыр есемен қайтады,
Арам іс қылсаң, ұсынғандарға адал ас.
Болып-тола қап, бой ұрған «өйтем, бүйтемге»,
Пәтуасыздың ұстанымына сүйкенбе!
Ертең-ақ сені, ұлтты сатады, даңқ үшін!..
Даңқ үшін де сол, ұлттық рух керек, ей, пенде!
3. Баспана, тамақ, киім
1. Ел, жер, тіл
Елден аласың. Елге бересің. Өлесің.
Жалғанның басты шартына сөйтіп көнесің.
Төбеге қою, табанға таптау - ел еркі,
Ешқашан оңай қалыптаспайды өр есім!
Жер басып жүрген пенде екенің ой салып,
Өз басың сені патриот етіп қойса, құп.
Сығандар сынды «көкек ұлттардан» айырмаң -
Байтақ жерің бар, берік іргелі қайсар ұлт!
Тілін білместі «мәңгүрт» деп жүрміз. Бұл - дұрыс!
Ышқынды іште намыс жаншыған бір дыбыс:
«Қазақтың нанын еш арланбастан асайтын,
Қазақ тілінсіз қазақтың аузы - құр қуыс!».
2. Сана, иман, ұлттық рух
Көрмейсің атақ, дүние-мүлік, малды кем,
Барлығы үшін тек санаң болсын, алдымен!
Білем ғой, білем,
диплом, қызмет, пайданың
Септігі тимей, соры қайнаған паңды мен!
Имансыз жүрек - киімсіз жандай, жалаңаш!
Имансыздықтан пайда болады шала бас.
Тәубәңды таны!
Ауыр есемен қайтады,
Арам іс қылсаң, ұсынғандарға адал ас.
Болып-тола қап, бой ұрған «өйтем, бүйтемге»,
Пәтуасыздың ұстанымына сүйкенбе!
Ертең-ақ сені, ұлтты сатады, даңқ үшін!..
Даңқ үшін де сол, ұлттық рух керек, ей, пенде!
3. Баспана, тамақ, киім
«Үй деген - басты мақсат емес!»,- деп өтірік,
Қайтесің жұртты, өзіңді алдап, көпіріп?!.
Қаңғырған қазақ бір-бір үйлерден құралған
Отанын сүйді, өзегін өртеп шоқ үміт!
Тұрғанда тамақ өмірдің нағыз нәрі боп,
Қарын тоймаса, елдік істің түк мәні жоқ!
Ас - қозғалыстың құралы ғана дегенмен,
Жалғыз сол үшін жүргендердің де саны көп.
Сәнді киімнен, айтшы дос, кімдер қашады?..
Шүберек - көрік. Әр түрді әр түс ашады.
Басқаның киген арзаны қымбат сезілсе,
Қыз-келіншектер сол сезіміне мас әлі!
«Абай-ақпарат»