Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2720 0 пікір 13 Қыркүйек, 2012 сағат 06:55

Түркі тілдерінің тіні –әліпби

«2012 ж 11 қыркүйек күні Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі ғылыми кеңістігі: интеграциялық үдерістердің оңтайлы тетіктері»атты алқа жыйын болып өтті» деп хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі.

Жыйын барысында  түркі тілдеріне ортақ әліпби әзірлеу, ортақ терминологияны біріздендіру, ортақ оқулықтар дайындау сияқты өзекті мәселелер сөз болып,болашақ қазақ әліпбиінің латындалған жобасы таныстырылған көрінеді.

Дөңгелек үстел шарасына Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) өкілдері; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары; Мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері;

БАҚ өкілдері қатысты. Шараға Түркітілдес мемлекет басшылары Кеңесінің (ТМБК) бас хатшысы Қалел Ақынжы келді.

Отырыс мақсаты:

  • түркі әліпбиін бірегейлендіру - түркілік өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықтың лингвомәдени тетігі екендігін айқындау;
  • жалпытүркілік ортақ терминологиялық жүйе қалыптастырудың тетіктерін нақтылау болды.

«2012 ж 11 қыркүйек күні Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі ғылыми кеңістігі: интеграциялық үдерістердің оңтайлы тетіктері»атты алқа жыйын болып өтті» деп хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі.

Жыйын барысында  түркі тілдеріне ортақ әліпби әзірлеу, ортақ терминологияны біріздендіру, ортақ оқулықтар дайындау сияқты өзекті мәселелер сөз болып,болашақ қазақ әліпбиінің латындалған жобасы таныстырылған көрінеді.

Дөңгелек үстел шарасына Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) өкілдері; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары; Мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері;

БАҚ өкілдері қатысты. Шараға Түркітілдес мемлекет басшылары Кеңесінің (ТМБК) бас хатшысы Қалел Ақынжы келді.

Отырыс мақсаты:

  • түркі әліпбиін бірегейлендіру - түркілік өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықтың лингвомәдени тетігі екендігін айқындау;
  • жалпытүркілік ортақ терминологиялық жүйе қалыптастырудың тетіктерін нақтылау болды.

Алқа жыйынды ашқан ХТА президенті, филология ғылымдарының докторы  Шәкір Ыбыраев қатысушыларға жуырда ғана жарық көрген «Түркі дүниесі» атты халықаралық альманах және түркі әлеміндегі кесек туындылардың «Асыл мұра» атты антологиясын таныстырды.Түркі дүниесіне ортақ рухани құндылықтарды біріктірген қомақты да маңызды еңбектердің әрқайсысының салмағының өзі - 4,5 келі.

Шара барысында сөз алған филология ғылымдарының докторы, фонолог Әлімхан Жүнісбек ХТА жобасының негізінде бірқатар фонолог мамандардың ортақ түркі әліпбиін әзірлеу үстіндегі жұмыстарымен ішінара таныстырып шықты. Кәзірдің өзінде түркілік ортақ 40 дыбыс жыйналып, оларды бірегейлеу мен тұтастау мәселесі қарастырылуда екендігін баяндады.  Сонымен бірге Ә.Жүнісбек болашақ қазақ әліпбиінің латындалған жобасымен де  қатысушыларды таныстырып өтті. Әзірге таза қазақы дыбыстар негізінде 28 әріптен тұратын әліпби әзірленген, алайда, шетелдік сөздерді жазу мәселесіне қатысты тағы да қосымша 3-4 қарыптың ену ықтималдығын ескертті ол.

Әліпби жөніндегі әңгімені қорыта келе, Ш.Ыбыраев қазіргі кезде, әсіресе, түркітану саласы үшін лингвистерге  ортақ ғылыми әліпбидің аса қажеттігін  айта келіп, кеңес өкіметі тұсында шығарылған «Советская тюркология» журналының бастамасымен туындап, қолданылған латындық қарыпке негізделген әліпбиді қолдану барынша маңызды әрі қолайлы екенін келтірді. Әрине, бұл әліпби ортақ түркілік тұтынысқа емес, түрлі әліпбиде терілген ортақ түркілік әдеби,тілдік мәтіндерді ғылыми ортаға ұсыну үшін ғана ыңғайлы да қажет тетік болатынын айта келіп, болашақта соны ретке келтіріп, қолдануға қолайлы жағдай туғызу Түркі академиясының бір міндеті болып отырғанын ескертті.

Дөңгелек үстелдің келесі мәселесі бойынша ҚР Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, терминтанушы Шерубай Құрманбайұлы ТМД аумағындағы және түркі елдеріндегі терминология тарихымен қысқаша таныстыра келіп, оның бүгінгі мәселесін шешу ғылыми ортақ тұжырымға тіреліп тұрғанын жеткізді. Ортақ түркілік терминология қалыптасып, дамуы үшін түркі мемлекеттерінің белгілі бір ортақ шешімі қажеттігін, сол құжаттың негізінде терминтанушылар бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігі туатынын алға тартты.

Өз кезегінде сөз алған ТМБК бас хатшысының орынбасары Дархан Қыдырәлі Кеңес алқасының жанында  терминологиялық топ құрылғанын, бұл мәселе болашақта назарда болатынын жеткізді.

Ш.Құрманбайұлының айтуынша, кеңес өкіметі кезінде бірізді терминология қалыптастыру арқылы ұлттық терминдерді орыстандыруға әкеліп мәжбүр еткенін жеткізді. Шара барысында түркілік ортақ әліпби әзірлеу мен терминологияны біріздендіру мәселесі ең әуелі осы саладағы саяси нақты шешім мен ортақ ғылыми тұжырым жасауға келіп тірелетінін байқатты.

Анықтама.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2009 жылдың 3 қазанында Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының тоғызыншы Саммитінде халықаралық түркологиялық ғылыми орталық құру туралы жасаған ұсынысы  түркітілдес мемлекеттер тарапынан қолдау тауып, 2010 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында ғылыми орталық - Түркі академиясы құрылған болатын.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесінің) ІІ Саммиті нәтижесінде Халықаралық Түркі академиясын құру туралы келісімге қол қойылды. Осы құжат негізінде Қазақстанда бұрын құрылып, жұмыс істеп жатқан Түркі академиясы енді Халықаралық мәртебеге ие болу үстінде.

Бүгінгі таңда дүние жүзінің  30-ға тарта ғылыми зерттеу институттары және түркологиялық орталықтарымен, 70-тен астам  шетелдік белгілі түрколог ғалымдарымен байланыс орнатып отырған Халықаралық Түркі академиясы аз уақыттың ішінде іргелі ғылыми зерттеулердің алғашқы нәтижесі ретінде 2011 жылы «Қазіргі түркология» сериясымен  24 еңбек жариялады.

Халықаралық Түркі академиясы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесінің) 2011 жылғы 20-21 қазан аралығында өткен  І Саммитінің нәтижесінде түркі әлеміне ортақ «Түркі дүниесі» атты халықаралық альманах және түркі әлеміндегі кесек туындылардың «Асыл мұра» атты антологиясын жарыққа шығарып, 2012 жылы 23 тамызда Бішкек қаласында өткен Түркі кеңесінің ІІ Саммитіне ұсынды.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417