Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2853 0 пікір 14 Шілде, 2009 сағат 19:22

Қамбар АХМЕТОВ. Оқушының ақшасын опырып келген директор...

Қарағанды облысында оқушылардан ақша жинап, оны өз қалауынша жұмсап келген мектеп директоры қармаққа ілінді. Қаржы полициясының хабарлауынша, жиналған 2 411 250 теңгенің тең жартысы мектеп басшысының өңешінен өтіп кеткен.
Теміртау қаласындағы мектептердің бірінде өзінің қызметтік лауазымын пайдаланған басшының бұйрығымен 2002 жылдың ақпанынан 2006 жылдың желтоқсанына дейін әр оқушы ай сайын мектепке 1000 теңгеден тапсырып келген. «Бұл ақша мектептің қажеттіліктеріне және қосымша білім беру қызметтеріне жұмсалады» деп түсіндіріліпті ата-аналарға. Директордың төрт жыл бойы оқушылардың қалтасын қағып жинағаны – жоғарыда айтқанымыздай, екі жарым миллионға жуықтаған. Мектептің қосымша қызметтері үшін ақша жинату ол тұста заңға қайшы келе қоймаған көрінеді. Қайшы келгені басқа...
– Мектептегі қосымша білім беру жұмыстарына ақша жинауға рұқсат болғаны рас. Бірақ қаражатты жинап, кәдеге жаратудың белгіленген тәртіптері бар. Заң бойынша мектеп оқушыларынан жиналған ақша білім бөліміне тапсырылуы керек. Сосын сол жерден мұғалімдерге үстеме жалақы ретінде таратылуы тиіс еді. Директор сол тәртіпті белден басқан. Ақшаны жинап алған да, өз қалауынша жұмсаған. Өзі таратқан. Кімге бергісі келсе, қанша бергісі келсе де өзі ғана шешіп отырған, – дейді Теміртау аймағы бойынша қаржы полициясы бөлімінің аға тергеушісі Жанат Агубаев.

Директор ақшаның бір бөлігін осылайша қалаған адамына «таратып» берсе, қалған бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсапты. Қаржы полициясы өкілдері «күдіктінің аталған қаражаттың нақты қаншасын өз кәдесіне жаратқанын әлі анықтай алмадық» деді. Бұл жөнінде Жанат Агубаев:
– Оның нақты қанша соманы өзі пайдаланғанын анықтау мүмкін болмады. Өйткені тергеу алды тексерісі басталғанда ол тиісті құжаттарды хатшы қыздан алып қойып, жойып жіберген. Бірақ хатшы қыздың ақшаны директордың қолына ұстатқанын дәлелдейтін фактілер бар. Бұл жайтқа мұғалімдер куә болған, – дейді.
Ал бізге белгілі ақпаратқа қарағанда, білім ұясы басшысының қымқырғаны – 1 миллион 682 мың теңге.
Қылмыстық кодекстің 177-бабының 3-бөлігі (алаяқтық жолмен өзгенің мүлкін қымқыру) және 308-бабының 4-бөлігі (қызметін асыра пайдалану) бойынша істі болған күдіктінің мәселесі қазір соттың қарауында. Барлық кінәсі дәлелденген жағдайда оны 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Қамбар АХМЕТОВ, Қарағанды
“Айқын” газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377