Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3218 0 пікір 2 Ақпан, 2022 сағат 14:07

Көлік арзандайды деген әзірге миф

Евразия арнасынан хабарласып утильсборды тоқтатса Қазақстанда көлік бағасы неше пайыз арзандайды деп интервью алды. Арзандамайды дедім. Неге деді. Біріншіден утильсборды тоқтатқан аздық етеді. Первичный номерді да тоқтату керек. Ал ол жөнінде әзірге тыныш. Екіншіден әлемдік нарықта шикізат қымбаттап кетті. Машинаға қажетті темір, дюраль, пластмасса бәрі қымбаттады. Бұл жаңа көліктің бағасына міндетті түрде әсер етеді. Үшіншіден коронавирусқа дейін көп адамдар қоғамдық көлікті қолданатын. Автобус, метро, трамвай сияқтыларды. Коронавирус күніге мың құбылып жатыр. Автобусқа мінген адам өзін вирус жұқтыратындай сезінеді. Жұмысы мен үйінде оқшауланғанын автобус 1 тиын қылады. Сол үшін бәрі жеке көлікпен жүргілері бар. Бұл онсыз да жетпей жатқан көлікке деген сұранысты одан ары арттырды.

Америкада былтыр күзде 8000 доллар тұратын машина 6 айда 12 000-ға шықты. Яғни бұл әлемдік қымбаттау. Машина бидай емес. Егіп ора салатын. Оның бағасын біз белгілемейміз. Сыртта қымбаттаса бізде де қымбаттайды. Сосын теңге 438-де тұрып қалады деген гарантия жоқ. Доллар 20% қымбаттаса көлік те 20% қымбаттайды. Алдағы уақытта ФРС пайыздық ставканы көтереді деп жатыр. Қысқа мерзімді инвесторлар Америкаға кетеді. Бізде доллар қымбаттайды. Долар қымбаттаса көлікті қалай арзандатасын? Жалпы көлік арзандайды деген әзірге миф дедім. Егер утильсборды 4%-бен алмастырамыз десе жаңа көлік бізге мүлдем арман болады деп айтып-айтып тастадым.

Сабит Рысбаев

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347