Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Саңлақ 4748 0 пікір 3 Ақпан, 2022 сағат 14:01

Бейжің-2022: Қазақстанның намысын кімдер қорғайды?

Ұлттық олимпиада комитеті Бейжіңде ел намысын қорғайтын спортшылардың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Төрткүл дүние көз тігетін додаға Қазақстан атынан 34 спортшы қатысады.

Шаңғымен жарысудан ел атынан екі ер адам және бес әйел адам сынға түседі.

Фристайл-могулдан бақ сынайтын спортшылар бүгін жарыс жолына шығады.

Шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев Қазақстан намысын 10 ақпан күні қорғайды.

Тау шаңғысынан қазақстандық Захар Кучин слалом мен гигантты слаломда сынға түссе, әйелдер арасындағы слаломда Александра Троицкая 9 ақпанда жарыс жолына шығады.

Шаңғымен секіруден Сергей Ткаченко мен Данил Васильев Олимпиада жолдамасын иеленді, шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаровқа сенім артамыз. Ол аталған спорт түрі бойынша Олимпиадаға алғаш рет қатысып отырған қазақстандық ретінде тарихта қалмақ.

Биатлоннан Галина Вишневская-Шепоренко, Александр Мухин мен Владислав Киреевке жанкүйер боламыз. Конькимен жүгіру спортын 5 ақпанда тамашай аламыз.

Шорт тректен бес спортшы бақ сынайды. Олар да 5 ақпан күні бақ сынайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 871
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2275
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 583
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 562