Е.Қошанов: аймақтарға сапарлар жаңартылған форматта ұйымдастырылуы тиіс
Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтті.
Отырысты ашқан Мәжіліс Төрағасы депутаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін өңірлерге сапарға шығуы туралы айтты.
Алда тұрған жұмыстың маңыздығына тоқталған Ерлан Қошанов өңірлерге сапарлар жаңартылған форматта ұйымдастырылуы тиіс екенін алға тартып, депутаттар өздері жақсы білетін, ең бастысы, өздерін қабылдайтын және мақсатты аудиториясы бар аймақтарға баруы керектігін және халықпен кездесулері тек облыс орталықтары мен ірі қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де өткізілуі қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы депутаттардың басты назарында, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамалары, оның ішінде, жуық арада ғана өткен қайғылы оқиғалар салдарынан елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру туралы болатынын айтты.
Одан әрі Мәжілістің Бюро отырысы барысында депутаттар талқылауына құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын I оқылымда қарау ұсынылды.
Жұмыс барысында депутаттар бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқанда, құқық қорғау қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, олардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын арттыру, сондай-ақ, зейнетақымен қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғын үй қатынастарын реттеу ерекшеліктеріне қатысты мәселелер қарастырылған.
Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Палата Аппаратының жаңа басшысы Ренат Құрметжанұлы Айтаевты таныстырды. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік Басшысы хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.
Abai.kz