Сенбі, 23 Қараша 2024
Африкалықтың арманы... 4878 8 пікір 7 Ақпан, 2022 сағат 16:45

Депутаттарымыз аш құрсақ отыр екен...

Күні еше ғана төрткүл дүниені дүрліктірген қаңтар оқиғасы бәрімізге де ой салып, осы толқулардан ащы сабақ алуға итермелеуге тиіс еді. Оның ішіндегі ең бастылары - бай мен кедейдің арасының тым алшақтауы, биліктің ел мүддесімен емес, тек өз мүддесімен ғана өмір сүруі секілді еш ақтауға болмайтын, сиықсыз көріністер болатын.

Мұның бәрі, әрине, қоғамның басты кеселі - әлеуметтік әділетсіздік проблемасынан туындап жатқандығы сөзсіз. Ежелгі Қытайда қайта-қайта айтыла беретін «барлық толқулар мен төңкерістер кедейліктен емес, әділетсіздіктен» деген филососфиялық түйін бекерден-бекер туындамаса керек-ті.

Ал енді «қанды қаңтарға» бір ай толғанда билік тарапынан қандай бір өзгерістер байқалады? Олардың санасында бұл толқуларды түсінуге деген ұмтылыс бар ма? Өкінішке қарай, бұл сауалға толық жауап ала алмасымыз анық. Өйткені, өзгесін былай қойғанда, формалды түрде болса да халық сайлады дейтін дағарадай депуттатарымыздың өзінен «енді жаңаша өмір сүруге ұмтылайық» деген ниет байқалмайтын секілді.

Бір ғана мысал. Өткенде президент Тоқаев Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері мен облыс әкімдерінің айлығына бес жыл мерзімге мораторий жариялағаны белгілі. Халық қалаулыларының мұны үнсіз қолдағандарына қарағанда, бұл шешімге ешқайсысы да қарсы болмағандығы түсінікті. Ал түсініксіздігі, олардың кейбіреулерінің телеарналар мен әлеуметтік желіге берген сұхбаттарында бұл бастаманың олардың көңіліне онша жаға қоймағандығы байқалады. Мәселен, жақында ғана бір топ Мәжіліс депутатары айлықтарының шайлыққа жетпейтінідігі туралы «31 арнаға»  өкпесін айтыпты. Олардың айтуынша, айына небәрі 600 мың теңгеге жетер-жетпес жалақы алатын көрінеді.

«Айына орташа 600 мың теңгедей шығады. Оның 150 мыңы азық-түлікке кетеді. Біз көп балалы отбасымыз. Қалғаны жетіп қалады», - дейді депутат  Елнұр Бейсенбаев. Сөйте тұра бұл азамат айлықтан айлыққа дейін ғана өмір сүретіндігін айтады.

«Менің банкалық картам әйелімнің қолында. Оның айтуынша айына 600-650 мың теңге түседі. Етті негізінен ауылдағы туыстарымыз жібереді. Инфляцияның көтеріліп, бағаның өсіп жатқандығын өздеріңіз де білесіздер ғой. Сондықтан айлығымыздың әзер жететіндігі белгілі», - дейді депутат.

Тағы бір депутат Жанарбек Әшімжан өздерінің айлықтарының өте жоғары еместігін алға тартады.

«Әрине, бұдан да төмен жалақымен өмір сүрдік. Алайда қазіргі айлықты өте жоғары деп те айта алмаймын. Бізді миллион теңге алады деу - қателік. Менің қолыма нақты түрде 600 мың теңге ғана тиеді», - дейді.

Міне, депуттардың бүгінгі әңгімесі осы сарындас болып келеді. Бұдан не түйдік? Әрине, бұлардың алатын айлығы еліміздегі ең қомақтылардың қатарына жатады деуден аулақпыз. Депутат болып, Заң шығару секілді аса күрделі іспен айналысқан жандардың соған тиесілі тәуір жалақы алып, алаңсыз жұмыс істегендігіне ешкім де қарсы емес. Алайда, бір мезет халықтың да жағдайын ойлау керек. Қанша дегенмен, қарапайым қатардағы жан емессің, жұрт үлкен бір үміт күтететін дардай депутатсың. Әлде бұлар ана «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» қылып айтатын статистика комитетінің «өткен жылдың төртінші тоқсанында халықтың орташа айлығы 275 мың теңгеге жетті», деп алақайлап қуанған ақпаратына шынымен сене ме екен? Сонда біздің Президентіміздің: «Жұрттың көпшілігі ай сайынғы алатын 50 мың теңгемен күнін әзер көріп отыр», - деген сөзін қайда қойдық? Тіпті Мәжілістің өткен бір отырысында біздің ел кедейлік жөнінен Африканың артта қалған елдерімен теңесіп қалғандығы ашық айтты емес пе? Бұдан артық қандай дерек керек?

Айтпақшы, депуттарымыздың ептеп бір қулық жасап отырғандығы байқалады. Олар қалған жұрт секілді жалпы айлық мөлшерін емес, тек қолына тиетіндігін айтады. Бұлай етсек, айына 100 мыңге алатындары зейнеткерлік қор мен табыс салығын төлегеннен кейін қолына тек 80 мың теңге ғана тиетіндігін қайда қоямыз. Ал 80 мың теңгелік жалақыдан тек 60 мың теңге ғана қалады. Міне, осылайша айлық құлдырай береді. Оның қасында қанша ұстағанымен қолына 600 мың теңге тиетін адамды өзгелер сияқты аш құсақ отыр деуге аузымыз бара ма? Ендеше, осынша айлық алып отырып, өздерін кедейлер қатарына қосу - ашынған жұртты одан ары ызаландырудан басқа ештеңе де емес.

Айтпақшы, бұл депутаттарды екі есе орап алатын, айлықтары 2 миллион теңгеге жететін облыс әкімдерінің күні күн емес шығар?

Ал ірі ұлттық компаниялардағы қызметкерлердің айлығы 3 миллион теңгеден асып түсетіндігін ескерсек, оларды қай топқа жатқызамыз? Олар да кедейлер қатарын толықтырып отыр ма?

Жайберген Болатов

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340