Бейсенбі, 29 Қазан 2026
4378 8 пікір 7 Ақпан, 2022 сағат 17:52

Тоқаев Елбасы туралы заңды өзгертті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясына өмір бойы төрағалық етуін тоқтату туралы конституциялық заңдарға енгізілген түзетулерге қол қойды. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды", - делінген жарлықта.

Мәжіліс депутаттары Сенат енгізген мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігінің күшін жоюға қатысты түзетулерді қолдаған болатын. Бұл норма "Тұңғыш Президент - Елбасы туралы" Конституциялық заңда жазылған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1256
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1762