Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2702 0 пікір 19 Қыркүйек, 2012 сағат 08:25

Сырым Дат. Билік – тығырықта

Елді басқарудың бұрынғы тетігі тұйыққа тіреліп отыр. Ол бұған дейін де өзінің тиімділігін көрсеткен емес. Әкімшілік атқару диктатурасына негізделген елді билеу тетігі экономикалық қалыптасу кезіндегі өлара шаққа шақ болып келгенімен бірге,  қоғамда мықты орныққан коррупциялық-кландық тетікті тиімді де нәтижелі мемлекеттік құрылым дәрежесіне көтерді. Соның салдарынан елде демократиялық, қандай да бір бұқаралық бастамалар бас көтере алмай қалды да, ол «жасотандық» флеш-моб көрінісімен шектелді.

Ең бастысы - елдің мемлекеттік жоғарғы құзыры облыстық жергілікті деңгейге келгенде жекелеген әкімдердің саясатына ұласып, жымдасып, субъектив әкімдік диктатураға айналды. Алайда, бұл аса құйқалы мемлекеттік шикізат саласы әкімдердің қолында деген сөз емес, ол ресурс кландық топтардың қарауында қалды да, Жаңаөзен секілді саяси шыйқандарды пісірді.

Мемлекеттік жоғарғы өкімет құзырының  жергілікті аумақтарда әкімдік билікпен шектелуі - елде әкімдік-кландық топтардың өсіп жетілуіне құнар болды. Ол бір жағынан жоғарғы элиталық кландармен ауыз жаласу үдерісін бастан кешіп жатты. Бүгінде әр түрлі әңгімеге арқау болып жүрген саяси алпауыт топтар осы үдерістің нәтижесі болып табылады. Бұл - қазақстандық басқармалы демократия бағының жемістері.

Қазақстандағы ішкі саяси дағдарыстар мен араздықтардың көзі елдегі әулеттік, әкімдік және аумақтық топтардың өзара қатынасынан туындаған және туындайтын үрдістер. Сонау Ә.Қажыгелдиннен бастап, бүгінгі Б.Ырысқалиевке дейінгі елдің ішкі әрдеңгейлі элиталық дағдарысы билікке халықтың ықпалының жоқтығынан, аз да болса, әсер ету тетігінен жұрдай болғандығынан болып келген ақуал. Атырауға беймәлім, облыс түгілі бизнес әлеміне белгісіз, экономика саласына жат Бергей секілді азаматтардың елдің ең құйқалы да табысты аумағын  алты жыл басқаратындай мемлекеттік қайраткерлікке жетуі - Қазақстан қоғамының прогрессив сыйпатынан туындаған құбылыс емес, ел билігін облыстық деңгейде жекешелендіріп алған әкімдік диктатуралық  ресурстың тереңдеген әрі асқынған келбетінің қызара бөрткен «ажары».

Аталған жағдай аталған, аталмаған әкімдерге қатысты емес. Бұған дейін қаралмай келген мемлекеттік әкімшілік бөліністің дамушы елге бірден бір дұшпан екендігін не аңғармаудан, не қасақана осы құрылымды місе тұтудан болып отыр. Бұл жүйемен, бүгінде ретін тапқан кездейсоқ адам әкім бола алып, 2-3 жылда ірі алпауыттардың қатарына қосылып, тағы сондай мерзімде ықпалды саяси элита құрамына сүңгу ықтималының біздің елде жазылмаған заңдай қабылданып отырғандығы - қайран қаларлық! Бір облысты басқарсаң, елдің сол аумақтағы барлық саяси тірлігін қолға алатындай мүмкіндік бар: сенат пен мәжіліске де депутат тағайындау мүмкіндігі де бар! Елдік ауқым мен деңгейдегі мәселені шешуге қауқар болудың орнына, бала-шағаның қылығын істеп, әкімдерін қорғаштайтын мандаттылар ғана осындай әкімдік диктатурадан  жүйеден шығады. Және бұл жүйе талай Храпуновтарды туғызса да, тереңіне бойлаған халық та, элита да болмай отыр, болатындай жағдайда емес - әркім өзінің көгеніне шырмалуда.

Елдегі ең ықпалды кісінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «ашылған» Шұбарши «майданында» 9 адаммен  9 күн бойы соғысу секілді болмаса, 7 ай бойы жаңакөзендік жергілікті  жұмысшылармен келісе алмай, мемлекет тарапынан тайталасудың арты неге апарғанын көргеніміз өз алдына, сол жайттардың бүгінгі мемлекеттік ішкі саясаттың қозғауышына (двигатель) айналғанын бақылауға мәжбүрміз. Демек, мемлекеттік әкімшілік-аумақтық бөлініс пен мемлекеттік құзыр бөлісу жүйесінің әбден тозғандығы,тиімсіздігі өз алдына, оның елдің бейбіт тірлігіне қарсы бірден бір қайшы күшке айнала бастағандығы. Өкініштісі сол - мемлекет ішкі саясатын болып жатқан әлеуметтік-саяси инсиденттерді индикатор ету мен «өрт сөндіру қызметін» басты тактика етуге ғана мәжбүр, соған бет алды. Дербес те әбжіл мемлекеттік қызметтің қауқары байқалмайды.

Жалпы алғанда, мемлекеттің қызметі жоғарғы биліктің қаржы үлестірумен, жергілікті әкімдік биліктің соны оңды-солды бақылаусыз жұмсауымен ғана сыйпатталып отыр. Ел мен халықтың тағдыры қысқаша айтқанда, жоғарғы билік пен облыстық биліктің ойынындағы допқа айналды. Жергілікті биліктің барлық қауқар бола тұра, сол аумақтың бар мәселесін шешуге дәрменсіз,ал жоғарғы биліктің орын алған кесірге қатысты өзіне деген айқын жауапкерлігі тағы жоқ. Мұндай «құнарлы топырақта» талай топтар мен тобырлар білгендерін істей беретіні мәлім. Ал, елдік, халықтық деңгейдегі талай мәселелер қағаздан қағазға көшіп, талай бағдарламаларды балалатып,үшжылдық бюджеттің қаржысын талауға ғана арқау болып отырғандай әсер аласың.

Халқы аз, аумағы енапат біздің елдің кешегі кеңестік әкімшілік бөлініс аумағы бүгінгі тәуелсіз елді басқаруға қаншалықты тиімді? Бүгінгі жолғарғы билік пен төменгі биліктің ара-жігі қандай болуы керек? Олардың арасындағы халықтың қатысы қандай? Аталған саяси субъектілердің өзара ойын ережесі нақтыланбаса, дамудың нақты жолына енді түсе бастаған Қазақстан үшін оқиғадан оқиғаға байқаушы болып отырған халқы сыртқы әсер мен күштердің қолжаулығы болмасына кім кепіл? Өз елінің билігіне араласқан азаматтық ұстаным ғана оны отаншыл ететіні, өз елін билеуге араласқан халық қана тәуелсіздікті сезінетіні ұмытылмауы керек!

Билік барлық деңгейде өзімен өзі, өзіне өзі қызмет етіп, өзін өзі жарнамалайтын, өзін өзі бақылайтын абсурдтық жағдайда отырғанда, қоғамнан бәрін де күтуге болады. Елге саяси реформа өз алдына, ең болмаса Жаңаөзен дүрбелеңінен кейін жоспарланған Жергілікті өзін өзі меңгеру саласына қан жүгірту секілді халықтың өз қауқарын өзін билеуге, өз қотырын өзі қасуға қолы жететіндей тиімді билік көзі қолға алынбаса, саяси-әлеуметтік жағдайдың неге апарары белгісіз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349